Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дәл көзде


15 февраля 2013, 23:59 | 1 462 просмотра


Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды дәлдікке, жылдамдыққа үйрету

2) Оқушылардың дене қозғалысын дамыту

3) Оқушыларды сабаққа қызықтыру

Өтетін орны, уақыты: спорт залы

Қажетті құрал- жабдықтар: ысқырық, уақыт өлшегіш, жалаушалар

Сабақтың мазмұны

І. Кіріспе бөлім

1. Сыныпты қабылдап алу, кезекші мәліметімен танысу.

2. Оқушылармен сәлемдесу, сабақ мақсатын түсіндіру.

3. Күнделікті спорт жаңалықтары.

Ұйымдастыру әдістемелік нұсқау

Спорт киіміне, сабаққа даярлығына, көңіл- күйіне назар аудару

ІІ. Дайындық бөлімі

1.Саптағы жаттығулар

2. Жүру жаттығуы (аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішкі және сыртқы қырымен, жартылай және толық отыра, секіріп т.б. жүру)

3. Жүгіру жаттығуы (оң жақ, сол жақ, бүйірлер мен, тізені, санды жоғары көтеріп жүгіру, ирелендеп т.б. жүгіру)

4. Жалпы дамыту және арнайы дайындық жаттығуларын (құралмен, құралсыз) қатарда немесе шеңбер бойында тұрып орындау.

Еркін тыныс ала жүріп, ара қашықтықты сақтап жаттығуды дұрыс толық әлемі орындау керек

ІІІ. Негізгі бөлім

Оқушылар екі командаға бөлініп, 20-25 метр қашықтықта баскетбол добын ұстап, қарама-қарсы қатарласып тұрады. Солардың дәл ортасында бір сызықтың үстінде бірнеше кедергілер қойылады. Әр команданың сайланған капитандарды арасында ойынды бастау ретін анықтау үшін жеребе тасталады. Төрешінің белгісінен кейін ойын бастауды жеңіп алған команда ойыншылары нысананы қолдарындағы доппен көздейді. Төреші мен капитандар құлаған кедергілерді санайды. Қанша кедергілер құласа, команда ойыншыларды бір табан алға жылжиды. Ойын осылай екі-үш рет қайталанып, ортадағы кедергілер түгел құлап біткенше созылады. Қай команда ортадағы сызыққа жақын келген болса, солар жеңіске жеткен болып саналады.

Тиісті қауіпсіздік ережесін сақтау. Берілген жаттығулардың орындау әдістерін көрсетіп, түсіндіріп және сол жаттығудың дұрыс толық орындалуына көңіл бөлу керек

ІҮ. Қорытынды бөлім

1. Организмді бастапқы қалыпқа түсіруге арналған бұлшық еттерді босаңсыту, тыныс алуды қалыпқа келтіру, көңіл аудару жаттығуларын орындау.

Организм жұмысын қалапқа түсіру

2.Сабақты қорытындылау

3.Оқушылардың білімін бағалау, марапаттау

Өтілген жаттығуды пысықтау

Үйге тапсырма: Кеудені көтеру, тартылу

Автор:
Ү.Б. Қанабеков Қоңыр орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі дене шыңықтыру пәнінің мұғалімі Алакөл ауданы