Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. Мәтіндік және дыбыстық ақпараттар туралы түсінік. Графикалық обЪектілермен орындалатын операциялар.Түс және палитра компьютерлік графиканың қолданылу салалары


15 февраля 2013, 23:59 | 2 317 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік-Оқушылардың мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. Мәтіндік және графикалық ақпарат туралы түсінік, қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Тәрбиелік-Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық-Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнектіқұралдар: компьютер. оқулық, тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)

2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы.

Мәтіндік режимде, әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді. Экранның әрбір позициясына арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін. Мәтіндік режимде құрастырылған қарапайым суреттерді және мәліметтерді шығаруға болады.

Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады. Компютерге мәтіндік символды енгізгенде, мысалы, «А» пернесін басқанда, жедел жадқа 01000001 екілік коды беріледі. Символды экранға шығарғанда кері кодтау (декодталу) жүргізіледі, яғни біз экранда оның екілік кодынан алынған символды көреміз.

Дыбыс өз табиғатында ауа тербелмелі болып табылатын үздіксіз сигнал.

Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нолдермен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек. Бұл мына жолмен жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электрон тобының тербелісіне айналады. Бірдей, өз уақыт аралығы (0,00002с.) сайын электр тоғының шамасын белгілейміз. Жоғарырақ мәнін-бірлік, төмен мәнін 0 деп есептейміз әрине, бәрі белгілі дәрежедегі дәлдікпен орындалады. Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз, оны компьютерге енгізуге, сақтауға және өңдеуге болады.

Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді-міне, осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график, диаграмма ) жасалады.

Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады, ол дыбысты, музыканы, мәтінді, бейне мен анимацияны (қозғалатын обьектілер) қарастырып үйлестіреді. Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.

ІV. Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:

Кескіннің ақпараттық көлемін анықтаңдар.

Практикум: 7.1,7.3,7.5,7.7 тапсырмалар.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

1. Компьютерде дыбыс қалай ұсынылуы мүмкін?

V. Үйге тапсырма

VІІ.Оқушыларды бағалау.

Автор:
Айдын Мейірбеков Мектепке дейінгі шағын орталықты Жалғызағаш орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Ескелді ауданы