Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«құстардың сан алуан түрi». «Мың бiр мақал, жүз бiр жұмбақ» сайысы


15 февраля 2013, 23:59 | 6 158 просмотров



Мақсаты:

1.Оқушыларды құ?стардың сан алуан түрiмен таныстыра отырып, жұмбақ, мақал

арқылы бiлiмiн толықтыру.

2.Оқушылардың танымдық белсендiлiгiн, пәнге қызығушылығын арттыру.

3.Ойлау, есте сақтау қабiлетiн дамыту.

Әдiсi: Танымдық iс-әрекет ұйымдастыру. Ойын элементтерiн пайдалану.

Көрнекiлiк: Құстардың суреттерi, мақал-мәтел, нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

2. Жаңа тақырыпқа шолу. Дүние жүзiнде 9 мыңға жуық құс тiршiлiк етедi. Құстардың 139 түрi жойылып кеттi. (дронт, кезеген кептер). Қазақстанда 481 түрлi құс мекендейдi. Оның 43 түрi өте сирек кездеседi.

Қазақ халқы өте ертеден құстарға ерекше мейiрiммен қарап, бар жақсылықтарын құсқа теңеген. Сүйiктiсiн «Аққуым, қарлығашым», баласын «қарғам, сұңқарым», балаларына да Бүркiт, Қаршыға, Қарлығаш деп ат қойған. Ал мақал-мәтел, жұмбақтар қаншама десеңшi.

Мың бiр мақал, жүз бiр жұмбақ.

Сайысқа 3 мақалшы шақырылады.

І. Әр ойыншы құстар туралы жақсы көретiн 3 мақалдан айтады.

Алғашқы айналым:

Мақалдың басы айтылады. Аяғын ойыншылар тауып аяқтау керек. Әр жауапқа

5 ұпайдан.

1. Балапан ұяда не көрсе... (ұшқанда соны iледi)

2. Құс патшасы... (бүркiт)

3. Сағынған ер елiн аңсайды, Сары ала...(қаз көлiн аңсайды)

4. Кiрпi баласын жұмсағым дер, қарға...(баласын аппағым дер)

5. Бүркiт қартайса... (тынқаншы болады)

6. Жалғыз қаздың ... (үнi шықпас)

7. Құртақандай торғай да... (өз ұясын қорғайды)

8. Отансыз адам-ормансыз...(бұлбұл)

9. Елiнен безген ер болмас, көлiнен безген... (қаз болмас)

10.Талабы жоқ жас, қанаты...(жоқ құс)

11.Ер жолдасымен, құс... (қанатымен)

12.Екi құзғын таласса... (бiр қарғаға жем түсер)

13.Топтанып ұшқан торғайға...(тұрымтай да бата алмас)

14.Ел қонбаған жер жетiм, құс... (қонбаған көл жетiм)

15.Қарға қарқылдаса... (қысты шақырады)

Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

Екiншi айналым. Бiр мақал айтылады, сол мақалдың iшiндегi бiр сөзге мақал

құрау керек. Ойлануға 30 сек.

1. Құсты қанат ұшырар, Ердi талап ұшырар.

2. Қарға мақтанып сұңқар болмас,

Есек мақтанып тұлпар болмас.

3. Құс балапаны үшiн тұзаққа түседi,

Адам баласы үшiн азапқа түседi.

4. Құс жеткен жерiне қонар,

Қонақ қалаған үйiне қонар.

5. Көкек өз атын өзі шақырады.

Аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

Көрерменмен ойын

1 сөз айтылады, соған мақал құрау керек.

Қанат. Жапалақ. Сұңқар.

Ортаға жұмбақшылар шақырылады.

3 ойыншы бiр-бiрiне құстар туралы жұмбақ қояды. Әр ойыншы 3 жұмбақтан.

Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

Келесi кезек.

Құстар туралы жұмбақ қойылады. Әрбiр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан.

Ең аз ұпай жинаған ойынша ойыннан шығады.

1. Көл бетiнде керуен жол (Құс жолы).

2. Жүргенде байпаң, тұрғанда маңғаз

Кеудесi қайқаң, мен болам паң (Қаз).

3. Баласының саны көп, ал өзiнiң жаны жоқ (Инкубатор)

4. Сөйлесе сөздi, айтса - ауызды

Танысы басқа, маңдайы қасқа (Тотықұс).

5. Шуға бөлеп жағаны, қанаттарын қағады

Айдын судың түлегi,

Шабақ iлiп жүредi (Шағала).

6. Көктемде ұшып келедi,

Жаздай концерт бередi (Бұлбұл).

7. Биiкте ұшып жүредi, елiк, қоян бүредi

Қия таста ұясы, Бұл құсты кiм бiледi? (Бүркiт)

8. Шыққан бiтеу үйден, үрпек жүндi балақан

Жүрер күйбең-күйбең, Бұл не? (Балапан)

9. Таңды өзi атырғандай,

Мақтанып шақырғандай (Әтеш).

10. Қыстағы ақ мамыққа, Жалғау жалға жалықпа,

Сонда құс боп шығады, қане қай құс анықта (Қарға).

11. Ұшқанда тiзiлiп жұбын бөлмейдi,

Қонса көл суы сирақтан келмейдi (Тырна).

12. Құстың атын алған, аңның затын алған (Түйеқұс).

13. Дамылсыз барабан қағады,

Сол жерден тамағын табады (Тоқылдақ).

Көрерменге көрiмдiк. Көрермендерге қойылатын жұмбақ.

1. Маң маң басқан жүрiсi

Барлық құстың iрiсi

Қашқанда құстай ұшпайды

Қуғанын бiрақ ұстайды (Түйеқұс).

2. Он екi айдың бiреуi

Мына менiң атымда

Деп жар салып жүредi (Көкек)

3. Орманда жоғары

Ағашқа қонады

Тұмсығын балға етiп

Тоқ-тоқ соғады (Тоқылдақ)

Жаңылтпаштар:

1. Тораңғылы тоғай бар.

Тоғай толған торғай бар.

Торғай тоғайды ұнатады.

Торғай, торғайды қуантады.

2. Бұл-бұлбұл . Бұлбұлды бiл.

Бұл – дүлдүл. Дүлдiлдi бiл.

Бұлбұл – құс . Дүлдүл ат.

Екеуiн де бiл.

Жұмбақ қойылып, шешуiне мақал ойлау керек.

1. Сабы ұзын ожау. Шарбаққа iлулi (Сауысқан)

2. Паналайтын үйi жоқ

Алып жатқан сыйы жоқ

Таңырқатып басқаны

Сергитiн бiр күйi жоқ (Бөдене)

3. Бәрi бәрi тұйықта

Iшi толы сұйық май (Жұмыртқа)

4. Ұнатпай жарық ортаны

Түнде ғана жортады (Жапалақ)

5. Жауын –шашында да

Қайнаған ыстықта да

Балағы ылғи түрулi (Балапан)

Соңғы айналым.

Жеңiмпазға арнайы сұрақ.

«Қарлығаштың құйрығы неге екi айыр?»

Сабақты қорытындылау. Сайыскердi бағалау.

Автор:
Ғалия Қасентаева, Бұлақты орта мектебі, биология пәні мұғалімі. Алакөл ауданы