Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білім сапасы заман талабы


15 февраля 2013, 23:59 | 1 277 просмотров


Жақында ғана барынша отандастардың назарына аударған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Старатегиясы ел тарихында дәуірді бастап беріп отыр. Қашанда саяси маңызын жоймайтын Жолдаулар ертеңгі ел болашағының кепілі деп білемін. Мен үшін бұл Жолдау маңызды тарихи құжат болып табылады. Еліміздің тәуелсіздік алып, дамудың даңғыл жолына түскен күнінен бастап, Елбасымыз мемлекеттің стратегиялық дамуының кезеңдерін , жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге, әл – ауқатымызды тұрақты жақсартып отыруға баса назар аударды. Осы салиқалы саясаттың арқасында әлем халқы бүгінгі Қазақстанның келбетін геосаяси маңызы зор ел ретінде таниды. Мемелекеттің жетістіктерімен оң бастамаларын әлемдік қоғамдастық қолдап , әлемдік саяси аренада үлкен абыройға ие болғанын мақтан тұтамын.

Жолдаудың алуан ауқымды бағыттары еліміздің экономикалық қуаты мен мерейін асыруға , әлеуетін көтеруге барынша көңіл бөлініп, үдемелі индустрияландыру бағдарламасы қабылданды. Жаңа инвестициялық жобалар іске асырылып, көптеген жұмыс орындары ашылды. Бүгінде біздің табысымыз орташа деңгейдегі әрі серпінді дамитын экономикасы бар елдердің қатарындамыз. Әлеуетімізді көтеру жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру арқылы жүзеге асады. Елбасы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің санатына қосылып, өзіндік жетістіктерімізбен қазақстандық даму үлгісін ұсынады.

Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен балабақшалар салу арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру, әлемдік деңгейдегі мектептер желісін одан әрі дамыту, талантты жастардың қатарын көбейту. Енді орындалуы міндетті басымдықтар болуы тиіс. Біздің сауаттылығы жоғары елге айналуымыздың кепілі - жастарымыздың озық әрі заманауи білім үлгілерін меңгеріп бәсекеге қабілетті болуы.

Ауданымыздың Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінде өткен директорлар семинарындағы «Білім сапасын көтерудің бағалау жолдары» тақырыбы қазіргі мұғалімдердің жаңашылдық әдістемелік жолдарының бірі болмақ. Бұл барлық мектепке үлгі бларлық, білім сапасын көтерудің қазіргі мәселесі екендігін үлкен жауапкершілікпен қабылдап, еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында сондықтан, біліктілікті, білімдікті арттыруға басқан қадамымыз нық болғай.

Білім сапасының маңызды мәселесі мектептің кадрлық әлеуетінің жоғарылығы болып қала бермек. Дәстүрлі «мұғалім - оқушы » байланысының орнын білім берудің технологиясы мен әдістемесі ешқашанда баса алмайды. Білім беру саласында бәсекелестікті құру және оңтайландыруда Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отырған бағыт тек сапаның жоғарылауына ғана қатысты емес, білімдегі болашақ трендтерге де сәйкес келеді. Сондықтан да бүкіл әлемде білімге деген қызығушылықтың артып отырғанын, сондай – ақ әрқайсысының өз елдерінде ең жоғары деңгейде білім алу жағдайын жасауға деген талпынысын назарға алуға тиіспіз.

Автор:
Тұрсынғали Асылбаев Қызылағаш орталау мектеп директоры Ақсу ауданы, Ақтоған ауылы