Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақпараттандыру – информатика сабағында


15 февраля 2013, 23:59 | 2 928 просмотров


Мақсаты: Сабақта ақпраттандыру технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың теориялық және практикалық іс-әрекеттерін дамуына ықпал ету, компьютерлік мәдениеттілікті қалыптастыру, практикалық қызметке, еңбек етуге даярлау, өз бетінше жұмыс істеу арқылы шығармашылыққа баулу

Сабақтың бөлімдері:

1. Ақпараттық- коммуникациялық технология туралы мәлімет

2. Компьютердің зияны мен пайдалылығы

3. Интернет желісі /видеоролик/

4. Қызықты мәліметтер

5. Қорытынды

Мұғалім: Бүгінгі біздің сабағымыздың эпиграфі

Белгілі педагог Ш.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін,оқытуда жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек» дейді.

1. Ақпараттық- коммуникациялық технология туралы мәлімет /слайд/

Ақпарат дегеніміз не?

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «informatio» сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпарттың көптеген анықтамаларынң ішіндегі ең орындысы: Ақпарат – бұл айналадағы дүние туралы белгісіздікті анықтайтын мәліметер. Олар сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.

Ақпаратты символдық, мәтіндік, дыбыстық және графикалық түрде бере аламыз.

Символдарды - әріптерді, сандарды, белгілерді және т.б. қолдануға негізделген символдық тәсіл – ең қарапайым. Бұған мысал ретінде, жүргіншіге немесе жүргізушіге белгі беретін бағдаршамды келтіруге болады.

Ақпарат ұсынудың мәтіндік тәсілі күрделірек. Мұнда да символдар қолданылады, бірақ, бір бірімен байланыс түрінде.

Ақпараттың өлшем бірліктері:

1 бит – 0 немесе 1

1 байт – 8 бит

1 Кбайт – 1024 бит

1 Мбайт – 1024 Кбайт

1 Гбайт – 1024 Мбайт

Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына байланысты, тағы да мынадай ақпараттың өлшем бірліктері қолданылады:

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.

Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

• Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

• Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;

• Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;

• Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;

• Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;

• Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

• Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты серпінді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі басты мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздарға зор міндеттерді талап етеді. Міне осы жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.

Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.

1. Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.

2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз

2. Компьютердің зияны мен пайдалылығы /слайд/

Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар:

Көздер мәтiн немесе суреттiң майда дiрiлдеулерiн, перденiң жылтырауын тез тiркейдi. Көз шамадан тыс салмақ әсерінен көру қабілетін жоғалтады. Кiлегейленген түстi сәтсiз таңдап алу, шрифттер, терезелердiң құрастырылымы, перденiң терiс орналастырылуы көзге теріс әсерін тигізеді.

Барлық компьютер қолданушылар өз мәлiметiнiң резервтiк көшiрмелерiн сақтап отырады. Кейде компьютерлік вирустардың кесірінен сақталған мәліметтер жойылып та кетеді. Мұндай жағдай көп адамдарға қатты соққы болып тиеді. Қатты соққының әсерінен адамдар инфаркт алып қалатын жағдай да болады.

5. Қорытынды

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Автор:
Н.С. Жумадилова Панфилов атындағы орта мектеп Информатика пәнінен мұғалімі Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы