Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қысым тарауын қайталау


15 февраля 2013, 23:59 | 2 148 просмотров


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз-өзіне баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.дамытушылық: Осы тарауда нені білді,қандай шамалармен танысты, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабаққа керекті құрал – жабдықтар: Слайдтар, тест, карточкадағы есептер, бағалау парағы, Паскаль шары, Архимед шелегі.

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың түрі: қорытындылау, білімді жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, деңгейлік, саралап оқыту, тәжірибе-жарыс

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу, топ басшысын анықтау

А) «Паскаль» тобы

Б) «Архимед» тобы

ІІ. Сабақтың мақсатын іске асыру.

«Қысым» тарауын қайталап, алған біліміңдеріңді практикамен ұжымдастырып, формулаларды есептер шығаруда дұрыс қолдана білулерінді тексеру. Деңгейлік тапсырмалалар арқылы өз білімдерінің нәтижесін көріп, өздеріңді -өздерің бағалайсыңдар.

Мұғалім:

Шабыт тасып, шалқысып,

Есеппен ән салысып.

Көңілді сабақ жасайық.

Жұмбақ шерді шашайық.

Атсалысып, аянбай,

Бар өнерге басайық.

Ойын сабақ бес бөлімнен тұрады. Сабағымызды жұмбақ шешуден бастаймыз.Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар,

Бұл құбылыс, айналадан табылар.

Сұйықтар мен газдардағы қысымды

Кім айтады, түсіндірген ғалымды?

(Паскаль)

3.Адам алып таңғажайып ойымен

Суда жатып, ой қорытқан ісімен

Суға салсаң, не бір ауыр денелер

Жеңілдейді, айтшы кімнің күшімен?

(Архимед)

“Білімділер”сайысы

“Білімді мыңды жығады”

Паскаль тобына сұрақтар:

1) Қысым дегеніміз не?

2) Қатынас ыдыстарға мысалдар келтір

3) “Атмосфера” деген сөздің мағынасы

4) Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі

5)Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?

6) Паскаль заңы қалай айтылады?

7) Паскаль заңын қатты денелерге қолдануға болама?

Архимед тобына сұрақтар:

1) Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.

2) Денелердің жүзу шарттары

3) Архимед күшінің ашылуы туралы қандай аңыз айтылады?

4) Архимед күші дегеніміз не?

5) Архимед күшінің формуласы?

6) Егер ауырлық күші Архимед күшінен көп болса дене су ішінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?

7) Архимед заңының тұжырымдамасы

“Формулалар”сайысы

“Ізденген жетер мұратқа”

Қиып алынған әріптерден формулалар құрастыру “Зерделілер”сайысы

“Оқу инемен құдық қазғандай”

Паскаль тобы: Паскаль шарымен тәжірибе жасау Архимед тобы: Архимед тәжірибесін жасау

«Шапшаңдықсайысы»

“Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем кесерсің” Паскаль тобына есеп:

Судың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар. Архимед тобына есеп:

Суға 0,01 мі болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.

Қорытынды (Ой толғау)

«Құпия сөздің кілтін аш.....» Сергіту сәті

Сөзжұмбақ, ребустар шешу.

Бағалау (Марапаттау)

Үйге тапсырма: Бақылау жұмысына дайындық.

Автор:
Айгерім Саурамбекова Нағарашы орта мектебі физика пәнінің мұғалімі Панфилов ауданы