Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстан тарихы пәнінен қорытындылау сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер шеберлігі


15 февраля 2013, 23:59 | 3 009 просмотров


Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруда мүмкіндігі болады. Шығармашылық іздену мұғалімнің еңбегіне, біліміне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күнгі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.

Әр сабақ – адам бойындағы асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек, тарих пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, өмірге деген дұрыс көзқарасы қалыптасады. Сабаққа бөлген 45 минутты тиімді пайдалану мұғалімнен ерекше шығармашылық жұмысты, зерделі еңбекті және шеберлікті талап етеді. Бұл – заман талабы. Өйткені, бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес. Заман ағымына сай ХХІ ғасырдың озық ойлы саналы азаматтарын оқтып, тәрбиелеп шығару үшін ұстаздардың өздері көп іздену керек. Мен өзімнің сабақтарымда педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың, жаңашыл педагог Нұрша Оразақынқызының, әдіскер ұстаз Жиде Байлыбайқызының әдістерін, Қ. Бітібаеваның іс-тәжрибелерін басшылыққа аламын. Жаңашыл ұстаздардың жаңа технологиясын қолдану барысында оқушылардың ізденімпаздылыққа тапқырлыққа баулимын. Мысалы 9-сыныптағы «Қазақстан Кеңес Одағының құрамында» тарауы бойынша өткізген қайталау сабағында бірнеше тәсілдерді басшылыққа алдым. 1) «Жуан және жіңішке» сұрақтар (сұрақтар қою арқылы оқушы білімін тексеру). 2) Білімді жан-жақты жетілдіру. «Тарихи тұлға» карточкасы. Жүргізу тәсілі: Берілген сұрақтарға қандайда бір тарихи тұлға туралы ақпараттар жазу. Бұл әдіс-тәсіл оқушыны ізденімпадыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулиды.

3) «Иә немесе жоқ» жаттығу жұмысы. Оқушыны шапшаңдыққа баулиды. 4) Хронологиялық тізбек сұрағы. Мазмұны 3 бөлімнен тұрады. 1)Тарихи даму кезеңі. 2) Сократ сұрағы. 3)Жауабы. Бұл әдіс-тәсіл арқылы оқушының ой-өрісі, танымы дамиды. 5) «Тұжырым» оқушы сабақты қорытып, қорытынды жасауға дағдыланады және сабақтан алған білімін еркін жеткізе алады.

Сол сияқты 5-сыныптағы ІІ-тоқсанда өтілген материалдарды қайталау сабағы. Сабақтың мақсаты. Білімдік: ІІ тоқсанда өтілген материалдарды қайталата отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Ой-өрісі, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттін, тіл байлығын дамыту. Тарбиелік: Тарихи сыни тұрғыдан талдай алатын білімді азамат тәриелеу. Сабақ қызықты әрі есте сақталу үшін мынандай әдіс-тәсілдер қолдандым. 1) «Мына пікірлермен кеісесізбе?» (Берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарын талдау) 2) «Тірек сұрақтарға сүйене отырып, логикалық ой тізбегін құр» (Кім, қашан қандай мақсатпен, салдары қандай болды?). 3) «Қалып қойған даталар мен сөздерді орнына келтіріп жаз». 4) «Ұғымдарға түсінік бер» (Қитауель, Шахристан, Рабат). 5)Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастауымен байланысты пайда болған «Әлемнің төрт патшалығын» ата. Осындай түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, қайталау сабағында оқушылардың логикалық ой-өрісін, білімін танымын дамытуға көп мүмкіндік туады. Мұғалімнің берген білімі жоғары болса, оның әсері шәкірт бойына өмір бойы сақталады. Ол ең алдымен өзі оқытатын пәнді өте терең игеріп,оны жас жеткіншектерге шебер және дұрыс жеткізе білу керек. Бұл үлкен өнер мен біліктілікті қажет етеді.

К.Д.Ушинский « Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген.

Автор:
С.К Райқұлова Ынтымақ ауылы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Жамбыл ауданы