Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МОНШАҚТАН БҰЙЫМДАР ЖАСАУ


22 февраля 2013, 17:36 | 2 461 просмотр


Мақсаты:

1. Өткен сабақтағы жұмыстарды қадағалап, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

2. Оқушылардың іскерлігін, шеберлігін жан-жақты дамыту.

3. Оқушылардың эстетикалық сезімін, ұқыптылығын, әдептілікке және тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйым, карточкалар, ребус, сөзжұмбақ, тас моншақтар, жіп, ине, қайшы.

Сабақтың түрі: теориялық, әңгімелесу, сарамандық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру. Оқушылардың жұмыстарын салыстырмалы түрде тексеріп талдау жасап бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Моншақтан бұйымдар жасау» деп аталады. Бисердің шығу тарихынан мағлұмат беру.

Жұмысымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіріп өтейік.

Қауіпсіздік ережесі: қауісіздік ережесін қыздарға сұрақ қою арқылы еске түсіру.

1. Инемен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

2. Тасмоншақтармен жұмыс істегенде нені ескеру керек?

3. Қайшыны қасындағы адамға қалай беру керек?

IV. Тәжірибелік жұмыс.

Қыздардың жасап отырған жұмыстарын қадағалап, аралап тексеру.

V. Сергіту сәті. Сыныпты екі топқа бөліп, сайыс ретінде өткізу. Екі топта топ басшыларын сайлап алып, мақал-мәтелдер құрастыру.

1.Күшіңе сенбе – ісіңе сен.

2.Еңбек ет те, міндет ет.

3.Ердің атын еңбек шығарады.

4.Ез ерден без.

Мақал- мәтелдердің мағынасын ашу.

1. Бірлік болмай, тірлік болмас.

2. Қыздың сырыған сырмағындай.

3. Түйменің инесіз күні жоқ.

4. Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.

5. Еріншектің ісі екі.

Перфокарточкамен жұмыс істеу.

Перфокарточка сұрақтары:

1. Тасмоншақтарды тігу үшін қандай маталарды қолданамыз?

а) жібек, барқыт, драп, кашемир

б) жібек, атлас, жібек

в) шыт, драп, атлас

г) синтетикалық маталар, жібек.

2. Индияның суретшісі және балалар үйіне көмек беруші кім?

а) Вильям Ли

б) Вильям Ридер

в) Мейнард

г) Нина Гилл

3. Той қалталарды бұрынғы кезде не үшін пайдаланған?

а) сүндет тойларда, қыз қууда

б) шілдеханаларда, сүндет тойларда және құпия заттарды салу үшін

в) жіп,ине салу үшін

г) ыдыс - аяқ салу үшін

4. Бойға өлшем не үшін қажет?

а) кемшілігін жою үшін

б) қысқарту үшін

в) бұйымды жою үшін

г) ұзарту үшін

5. Мата қиықтарынан тігілетін бұйым?

а) сырмақ

б) құрақ

в) түскиіз

г) текемет

Жауабы: 1а, 2г, 3б, 4а, 5б.

Келесі ойынымыз «безендіру» және «тоқымашы» деген сөздерден бірнеше сөз құрау (2минут)

Келесі ойынымыздың шарты: сұраққа жауап қайтару арқылы мақал – мәтелдерді табу. Екі топтан екі оқушы шығып сұраққа жауап беру арқылы мақалды табады. «Сыпырғы келсе шаң қашар» мақалын табу. Қыздардың жасап отырған жұмыстарын қастарына барып тексеру, түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

VI. Сабақты бекіту, қорытындылау.

V.Үй тапсырмасын беру.

Келесі сабаққа құрал – жабдықтарды түгел алып келу.

Автор:
Ляйля САРЫБАЕВА, Сарыбастау орта мектебі технология пәнінің мұғалімі. Кербұлақ ауданы.