Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АБЫЛАЙ ХАНДЫҒЫ


22 февраля 2013, 17:46 | 2 087 просмотров


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абылай ханның ХVIII ғасырда Орта Азияның әлемдік деңгейдегі мемлекет басшысы, қолбасшы, мәмілегері болғанын, оның тұсындағы Қазақ хандығының, жоңғарлармен, Ресей, Қытай империясымен және т.б. елдермен жүргізген сыртқы саясатының негізгі оқиғаларын түсіндіру, Абылайдың, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы тарихи еңбегін ашып көрсету. Оқушылар бойында қазақтың ұлы ханының кемеңгерлігіне, мәмілегерлік шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру.

Түрі: Жаңа материалды игеру.

Әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: Суреттер, плакат, теледидар.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, олардың оқу-құралдарын түгендеу.

2. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетемін.

3. Тақырыптың аты мен сабақтың мақсатын айтамын.

ІІ Өткен материалды пысықтау

1. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының зардаптарын атаңдар.

2. Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылы.

ІІІ Жаңа сабақ. Сабақтың жоспары:

1. Абылай ханның өмірі.

2. Абылай хан билікке келген кездегі қазақ елінің жағдайы.

3. Абылай ханның қазақ тарихындағы рөлі?

Абылай хан (Әбілмансұр) – қазақтың ұлы хандарының бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы және мәмілегер. Ол 1711 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Абылай көпке дейін шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Алайда көреген дана би Сабалақтың жай тұқымнан емес екенін түсінген. Ақылымен, батырлығы, табандылығымен көзге түседі. Сабалақ Бөгенбаймен танысады. Бөгенбай Сабалақты көргенде адамның да, малдың да асылы екенсің деп айтады:

Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің!

Мінезің қазақтағы хан екенсің,

Жазға салым қалмаққа аттанамыз,

Соған да керек болар жан екенсің, -

деп батасын беріп, астындағы Нарқызыл атты тұлпарын сыйға тартқан екен. Әбілмәмбет ханның ордасына келген Абылай жоңғар басқыншыларына қарсы күреске 15 жасынан қатыса бастайды. Қалмақ батыры Шарышты жекпе-жекте жеңуі, қазақ қолын соғысқа бастап кіруге хан, сұлтандардың арасында оның беделін көтереді. Осы жекпе-жекте оның «Абылай» деп ұран шақыруы кейіннен Абылай атануына себеп болады.

1741 ж. Абылай сұлтан аң аулап жүрген кезінде жоңғарлардың тұтқынына түседі. 1742 жылы ол жоңғарлардың тұтқынынан босайды. 1743 жылы Абылай жоңғарларға қарсы күресті қайта бастап, Ресей және Цинь империясымен байланыс жасайды. 1771 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, оның орнына үш жүздің билеушілері Абылайды ақ киізге көтеріп, хан тағына отырғызады.

Абылай хан 1781 жылы қайтыс болады. Оның денесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи мазарына жерленеді. Абылай хан – 1723 жылдан кейін ыдыраған үш жүздің басын біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын нығайтып, елді ішкі және сыртқы жаулардан қорғауда елеулі істер атқарған ұлы тұлға. Абылай қасына Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәттіқара ақын сияқты ұлы руханият өкілдерін топтастыра білді. Абылайдың ұрпақтары арасында қазақтың соңғы ханы Кенесары, сұлтан Шыңғыс, ғалым Шоқан Уәлиханов сияқты алаштың біртуар тұлғалары бар.

ІV Ребус шешу.

Түркістан, Абылай хан, Қожа Ахмет Яссауи, Тәуелсіз Қазақстан.

VI Тест

1. «Дарабоз» атанған батыр

А) Бөгенбай

Ә) Наурызбай

Б) Баян батыр

В) Қабанбай

2. Орыс патшайымы Анна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы грамотаға қай жылы қол қойды?

А) 1718 ж.

Ә) 1731 ж.

Б) 1715 ж.

В) 1726 ж.

3. Қай жылы Абылай сұлтанды Орта жүздің ханы деп жариялады?

А) 1736 ж.

Ә) 1724 ж.

Б) 1771 ж.

В) 1781 ж.

VII «Сен маған, мен саған» немесе «Футбол» бекіту ойыны.

Оқушылар бір-біріне қарсы сабақта меңгерген білім мазмұнын пайдаланып сұрақтар қояды.

VІІІ Сабақты қорытындылау

Венн диаграммасын пайдалану арқылы қорыту.

ІХ Оқушыларды бағалау

Х Үйге тапсырма:

Автор:
Ерболат НУРМУХАНБЕТОВ. «Көмірші» орта мектебінің тарих пәні мұғалімі