Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ


22 февраля 2013, 17:52 | 2 266 просмотров


Сабақтың тақырыбы: «Отбасым-мақтанышым тірегім»

Мақсаты:

1.Отбасы мүшелері туралы түсінік беру

2.Ата – ананы құрметтеп сыйлауға,бауырмал,қамқор болуға тәрбиелеу.

3.Сөздік қорын байыту,сөйлеу тілін жетілдіру.

Сабақтың әдісі:Көрнекілік,сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:Сурет, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, жүрекше, сандықша, ақбота, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:-Бізде қай сабақ? (өзін-өзі тану)

1.Сәлемдесу: Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәрінен де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Хош келіпсіздер, қонақтар.

Шаттық шеңбері: Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Қолдарындағы жүрекшені бір-біріне ұсына отырып тілек айтады. «Қуанайын мен де».

Мұғалім: «Өзін – өзі тану елінен» келген Махаббат пен Ақботамен таныстырып, олардың балаларға сандықша ішіне салған тапсырмасы бар екенін хабарлайды.

1-тапсырма.Отбасы туралы кім өлең оқығысы келеді?

2-тапсырма.Слайдты тамашалау, отбасы мүшелерін ата, суретке қарап әңгіме құра.Өлеңдер оқы.

Сұрақтар:

1.Балалар суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? /Отбасы мүшелерін/

2.Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?

/ата,әже,әке,шеше,әпке,аға,іні,қарындас,сіңлі/

-Отбасы туралы өлендер айтып көрейік:

1-оқушы:Атамнан басталар

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар.

2-оқушы:Бабамнан басталар,

Өз жұртым мыналар

Ең жақын адамдар,

Әкем мен анам бар.

3-оқушы:Әкем мен анам бар

Бір туған ағам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін еремін.

3-тапсырма:Алма ағашының бөліктерін тап.Сөздер жапсыру.Тақтадағы «алма ағашының»суретін көрсету.Неше бөліктен тұратынын айтқызу/тамыры,діңі,бұтақтары,жемісі/

Өлең оқу:

Тамыры-ата,әже,

Діңі-әке,шеше

Жемісі-немере,шөбере,шөпшек,туажат,немене.

4-оқушы:Әкемнің әкесі

Ақ басты атам бар

Әкемнің шешесі

Ақ шашты әжем бар.

5-оқушы:Әкеге мен бала

Атаға немере

Немере баласы

Болады шөбері.

6-оқушы:Шөбере баласы

Шөпшек деп аталар

Шөпшектің баласы

Немене саналар

Осы ұрпақ жалғасы

Жеті ата саналар.

Сергіту сәті: «Біз үйде нешеуміз?»

4-тапсырма:-Отбасы туралы қандай әңгіме,ертегі білесіңдер?Сахналап көрсет.

«Еңбекпен тапқан тиын»әңгімесін сахналап көрсету/әке,шеше,бала/

Сергіту сәті: «Мұның аты еңбек»

5-тапсырма:-Ата-ана туралы мақал-мәтел айту.

Әке-асқар тау

Ана-бұлақ.

Бала-жағасындағы құрақ.

Анаң-асыл қазының.

Әкең-асқар тауың.

Анадан-қасиет.

Әкеден-өсиет.

Әке көрген оқ жанар,

Шеше көрген тон пішер.

Әке балаға қарыз,

Бала далаға қарыз.

Отан отбасынан басталады.

Бәрі бірге:Құрметтеп ата-анамды

Ардақтап әпке ағамды

Қамқор боп сіңлі-ініме

Сыйлаймын үлкен кішіге

Бәрін де жақсы көремін

Үнемі көмек беремін

Үлкенді сыйлау кішілік

Үлгілі мінез кісімін.

7-тапсырма:Қазақ үйдің макетіне отбасындағы қарым-қатынас туралы айту.

Үйренгенім: құрметтеу, қамқор болу,сыйлау,еңбекқор болу,ынтымақты болу,өтірік айтпау,көмектесу, тәрбиелі,әдепті,мейірімді болу.

Қорытындылау:

Бұтағы-бабасының

Ұрпағы-атасның,

Шуағы-әжесінің

Тұяғы-әкесінің,

Тілегі-анасының

Тірегі-ағасының,

Түлегі-даласының.

«Әрқашан күн сөнбесін»

Машинаның рөлін ұстап балалар!

Жолың болсың – дейді атам

Апам шықса сопарға

Жолың болсын – дейді апам

Апам шықса сапарға

Жолың болсың дейді олар

Балаларды мадақтау,жұлдызша беру,сыйлықты үлестіру.

Автор:
Алмагүл Сарқұлова, даярлық тобының мұғалімі. Мектепалды Көлтабан орталау мектебі, Ақсу ауданы.