Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ДЕГЕН НЕ?


22 февраля 2013, 17:57 | 3 134 просмотра


Бізден алшақ жатқан АҚШ-та, тіпті жасыл ел атанған Австралияда, сонымен қатар сиқырлы әлем Арабия, батпақты далаға қала тұрғызған Англия мұғалімдері мен университет профессорлары өз шәкірттерін сыни тұрғыдан ойландыруға тырысады екен. Олай болса бұл әдісті біз, яғни Қазақстан мұғалімдері де пайдалану үстіндеміз. Тек мынаған мән бергеніміз жөн болар. Ең бірінші сын тұрғысынан ойлау жүгін оқушыларға тапсырып емес, керісінше әр ұстаз өзі сын тұрғысынан ойлана білуі шарт.

Біз білеміз, сын тұрғысынан ойлау баланы үстірт ойлаудан терең ойлану нәтижесі бойынша жетістікке жететінін және ХХІ ғасыр жаһандану заманының талаптарына төзімділік танытып, өмір сүру құндылықтарын ескере отырып өзін-өзі басқара алатын тұлға қалыптастырады. Осы анықтаманы беру үстінде сонда да маған «сын тұрғыдан ойлау деген не?» деген сұрақ қайта туындайды. Себебі бұл сұрақтың жауабын беру оңай емес. Қай ақпаратты ашып қарасақ та осы термин төңірегінде ақпараттар алуға болады. Дегенмен оқу барысында қиындық туғызуы мүмкін.

- Жоқ, бұл әдісті үйрену барысында өз тәжірибеңмен үндестіре отырып

игергенде ғана түсінікті болады. Осы ойды айту барысында сын тұрғысынан ойланып болдым деп өткен шақта сөйлей алмаймын, бұл тіпті келер шақта да нүктесі қойылмайтын мәселе болып қала бермек. Мысалы 7-сынып оқушылары Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» повесін өтті дейік. «Осы тақырыпта баланы сыни ойландыратын қандай әрекет бар?»- деп мұғалім өзі ойлануы керек. Сабақ барысында тақырыпты түсіндірместен бұрын «жусан» шөбінің бір бумасын сыныпқа әкеліп «Балалар, мынау не?» деген қарапайым ғана сұрақты ортаға тастады дейік. Одан кейін балалар әлгі шөпті көріп ойланады, нәтижесінде қандай шөп екенін анықтатуға тырысу керек. Одан әрі сол шөптің иісін әр оқушыға иіскетіп шығу керек. Айтылған әрекеттен кейін жаңа тақырыпты түсіндіруге көшеміз. Сыни тұрғыдан ойлау сабағын жүргізу барысында жаңа тақырыпты меңгертуде мұғалім өзі ғана сөйлей беру оқушыны жалықтырады. Сондықтан да білім берудегі жаңа тәсілдер осы тұста да ауадай қажет. Енді қалай түсіндіру қажеттілігін айтып кететін болсақ, кез келген шығармаға композициялық талдау жасалынады. Композициялық талдауды тақтаға түсінікті етіп көрсетіп қою керек. Осыған сүйене отырып суреттер көрсетілуі керек. Нақтырақ айтсақ, мұнтаздай таза бала бейнесі, шанамен сырғанаған Аянның суреті, аяғы сынған бала, бір топ балаға көшбасшылық танытып тұрған бала суреті және балалар үйінің суреті. Суреттерді көрсету барысында әңгіменің желісі түсінікті болатыны мәлім. Повестің ең соңғы азат жолдарын мәнерлеп оқыту барысында сабақ басындағы жусанды не үшін пайдаланғандарын түсінеді. Бұл тақырыптың екінші сағатына келетін болсақ, диалогтік әдіс бойынша топ болып пікір алмастыруға бола. Сонымен қатар оқушыларға «Егер мен жазушы болсам...» деген тақырыпта эссе жазуға болады. Осы тапсырманың жауабын орындау барысында оқушыны сыни тұрғыдан ойландыратыны айдан анық көрініп тұр.

Пәні: Әдебиет

Сабақтың атауы: Сайын Мұратбеков «Жусан исі»

Сілтеме: М. М. Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде Алматы 2002

Күтілетін нәтиже: Мәтінді талдау арқылы өмірде болып жатқан оқиғаларға өз көзқарастарын білдіріп, баға бере алды.

Сабақта туындаған негізгі идея: Топтастыру әдісін пайдалана отырып, кейіпкер бейнесіне талдау жасай алады. Шығарма мазмұнына салынған суреттерді сипаттау арқылы сөздік қорларын молайтады. Мәтінді талдау барысында сын тұрғысынан ойланады.

Тапсырмалар:

Мұғалімнің іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезең

2. Үй тапсырмасы

3. Қызығушылықты ояту

4.Мағынаны тану

5.Топтастыру

6. РАФТ

7. Бағалау

Оқушының іс-әрекеті

1.Оқушылар түрлі-түсті стикер арқылы топқа бөлінеді.

2.Диалогтік әдіс

3.Эссе оқиды

4.Сурет бойынша әңгімелейді.

5.Кейіпкер бейнесін топтастыру

6.Кестені толтырады

Топбасшы бағалайды.

Жұмыс түрлері:

Сабақ типі: Бекіту сабағы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгімелеу, проблемалық сұрақтар қою, РАФТ әдісі.

Пәнаралық байланыс: Психология, бейнелеу өнері

Дереккөздер және жабдықтар: Интербелсенді тақта, сурет, дәптер, оқулық, флипчарт.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Адами қасиеттерге (ақыл, білім, жүрек, қайрат) байланысты түрлі-түсті парақтарға жазып 4 топқа топтастыру. Әр оқушы алған түсіне қарай топтасады, топбасшысын анықтайды.

2. Топбасшыға бағалау парағы беріледі. Топбасшы бағалау парағына топ мүшелерінің аты-жөнін жазады.

3. Сабақтың мақсаты айтылады (С. Мұратбеков «Жусан исі» шығармасының мазмұнын талдау, мәтінмен жұмыс жүргізу).

ІІ. Үй тапсырмасы

Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу. Интербелсенді тақтадан көрсетіліп тұрған сұрақтарға жауап береді.

1. Алғаш кездескен кезде балалар Аянды қалай қабылдады?

2. Аянның сыртқы бейнесі мен ішкі жан дүниесінде қандай сәйкестік болды?

3. Аянның білімділігін қалай білеміз?

ІІ Қызығушылықты ояту сатысы

1. «Егер мен жазушы болсам...» тақырыбында өз ойымен шығарманы жалғастыру.

ІІІ Мағынаны тану

А) Суреттер топтарға таратылады.

1. Мұнтаздай таза Аян;

2. Түнде шанамен сырғанаған Аян;

3. Аяғы сынған Аян;

ІV Қорытынды

V Бағалау

Сабақ барысында толтырылған флипчартты бағалау арқылы жеңген топты анықтау

Топбасшылары бағалау парақтарын толтырады.

Рефлексия жазылады.

Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері: Оқушылардың сабақ барысында айтқан пікірлерін жинақтай отырып, талдау жазу. Келесі сабақты жоспарлау.

Кейінгі оқу Жазушының басқа да шығармаларын оқу.

Сабақты талдау. Топта жұмыс істей отырып, кейіпкер бейнесіне талдау жасай алды. Шығарма мазмұнына салынған суреттерді сипаттау арқылы сөздік қорларын молайтты. Проблемалық сұрақтарға жауап бере отырып, сын тұрғысынан ойланды. Топтарды жарыстыра отырып, өзін-өзі басқару деңгейін арттырдым.

Тәжірибелік сабақты бағалау: АКТ-ны пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігін арттырдым. Проблемалық сұрақтар қою барысында сөйлеу мәдениеттерін дамытып, материалды терең меңгерттім. Сабақта алға қойған мақсатыма жеттім.

Сабақ бойынша өзгертулер: Сабақ жоспары бойынша жоспарланған барлық тапсырмалар толық қамтылды. Уақыт өлшемі бойынша үлгеріп отырды. Сондықтан еш өзгеріс болған жоқ.

Автор:
Жанар Сарсенова «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Барлыбек Сырттанов ауылы, Ақсу ауданы