Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МАЗМҰНДАМА – СӨЙЛЕУ Т1Л1Н ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ


22 февраля 2013, 18:01 | 2 409 просмотров


Басқа ұлт өкілдерінің жазбаша тілді қаншалықты меңгергенін тексеру, олардың өз ойын дұрыс жазуда ой қорытып, тужырым жасауға бағыттау, жаттықтыру ушін мазмұндама жаздыру тиімді. Е.А.Ерохина:"Мазмұндама сөйлеу тілінде грамматикалық норманы, орфографиялық, және пунктуациялық дағдыларды бекіту тәжірибесі қызметін атқарады. Мазмұндаманы жазу үрдісінде тәрбие мақсаты да шешілуі қажет. Мағынасы мен көркемдік қасиеті бойынша іріктелген мәтіндер адамгершілік, эстетинкалық, тәрбие беру мақсатына бағытталуы тиіс" - деп керсетеді.

Мазмұндама тіл үйренушілердін сөздік қорын жаңа сездермен, тұрақты тіркестермен байытады, тіл үйренушіге өздігінен сөйлем құрауды игертеді, жазбаша сөйлеуде сездерді дұрыс қолдану дағдысын қалыптастырады, өз ойын грамматикалық, тұрғыдан дұрыс, логикалық бірізділікпен жеткізуге үйретеді.

Мазмұндаманы жазу тек қана жазылым әрікеті арқылы емес, сонымен қатар оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерінің негізінде іске асады. Өткені мазмұндама мәтінді оқып, мұқият тыңдау, сұрақтарға жауап беру, баяндау, әңгімелеп айтуға дағдыландырудан шығады. Бұл жөнінде И.Д.Морозова мынадай тұжырымға келеді: "Мазмұндама (ауызша және жазбаша) сөйлеу әрекетінің түрлеріне байланысты біліктіліктерді (умения) қалыптастырады: 6ip жағынан, мәтінді есту (тыңдалым) немесе көру (оқылым) арқылы қабылдау болса, екінші жағынан – мәтінді ауызша (айтылым) немесе жазбаша мазмұндай білу"

Көптеген әдістемелік әдебиеттерде мазмұндаманың бірнеше түрге бөліну ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.

Т.А.Ладыжснекая төмендегіндей топтауды береді.

1.Мәтіннің, келеміне қарай: толық және қысқа мазмұндама.

2.Мәтіннің мазмұнына байланысты — толық (подробное), тындап алу (выборочное) және қосымша тапсырмасы бар мазмұндама.

Аталған мазмұндама түрлерінің әрқайсысының қатысымдық білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда орны бөлек. Егер толық мәтінге жуық мазмұндама тілдік құралдарды айтылған негізгі ойға байланысты тақырыпты ашу дағдыларын қалыптастырса, тандап алу (выборочное изложение) мазмұндамасы берілген мәтін бойынша ойларды жинақтап жүйелеуді, оларды өзінің тілдік құралдары негізінде байланыстырып жазуды талап етеді. Қысқа мазмұндамамен жұмыс істеуде тіл үйренуші негізгі ойды бөліп алуды, мәтіннің мазмұнын қорытындылап жеткізуге байланысты тілдік тұлғаларды қолдану амалдарын игереді.

Жазба жұмысын жүргізуде мазмұны түсінікті, тәрбиелік мәні зор, оқу талаптарына сай мәтіндер алынады. Мұндай мәтіндер оқушыларды жаңа біліммен қаруландырып, дүниетанымын кеңейтеді. Мазмұндама мәтінімен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды төмендегідей ipiктеуге болады:

1. Тіл үйренуші белгілі 6ip мәтінді сөзбе-сөз қайталап қоймай, оның мазмұнын өз беттерімен меңгеріп, өзіндік сөздік қор арқылы құрастырып жазуы шарт.

2. Тіл үйренушінің өз ойы, пікірі болуы тиіс. Мазмұндама жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары келесі кезеңдерден тұрады:

I. Мазмұндама жаздыру кезеңі.

Дайындық жұмысынан кейін студенттер жоспар бойынша шығармашылық жұмысына кіріседі. Мазмұндамаға бөлінген уақыттың көпшілігі осы кезеңге беріледі.

III.Мазмұндаманы талдау кезеңі.

Оқытушыны жазба жұмысының тақырыбына, мазмұнына, баяндау стиліне, оқиғасына байланысты талдау жүргізеді. Сөздердің, сөйлем түрлерінің байланысы ескеріліп отырады. Оқытушы талданатын жайттарды алдын ала жинақтап алады. Тіл үренушілердің жіберген қателерілін топтап, келешекте болдырмау шараларын жүргізеді. Мазмұндама жұмыстарын талдау — жазу жұмысының аяқталған кезенңі. Мұнда жазба жұмысының қандай дәрежеде орындалғанына баға беріліп қорытындыланады.

Сонымен мазмұндама — сөйлеу жаттығуларының өте 6ip ұтымды түpi. Мазмұндама сөйлеуге, ойын екінші тілде білдіруге жаттықтырады. Сондықтан тіл үйренушіні зер салып тындай білуге, айтылған ойдың негізін аңғаруға, естігенін, оқығанын өз сезімен баяндап, әңгімелеп беруге және оларды ықшамдап жаза білуге үйрету — жазылым әрекеті арқылы сөйлеу тілін қалыптастырудың негізі.

Автор:
Ж.А. ТАУРБАЕВА Ш. Уәлиханов атындағы № 10 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы