Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНА ПАЙДАЛАНУ


22 февраля 2013, 18:01 | 3 325 просмотров


Қазір мектептен, мұғаліммен оқушыларға білім беріп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемділіктерді қамтамасыз ету, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде. Осы орайда, «ақпараттық мәдениет» деген терминнің анықтамасына айналған «компьютерлік сауаттылықтың» алар орны өзгеше. Мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін көтеру мүмкіндіктерін пайдалану мәселесі ең әуелі мектеп мұғалімдерінің сауаттылығын ашуға бағытталған. Ақпарат алудың жылдам, көрнекі, әрі қолайлы түрі – электронды оқулықтар. Электронды оқулықты пайдаланып өткізген сабақ – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, өз бетімен ізденісін арттырып, дүниетанымын кеңейтуге көп көмегі тиеді.

Компьютермен өткізілген сабақтан соң, оқушылар тест, бақылау жұмыстары арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін тексере алады. Бұдан соң оқушының өз бетінше оқуға қызығушылығы артады, өз білімін көтеруге ұмтылады.

Жоғарғы сыныптарға арналған ағылшын тіліндегі электронды оқулықта бірнеше тақырыптар қамтылған. Атап айтқанда: «English Speaking Countries», «Sports», «Welcome to Kazakhstan», «Youth and Politics» т.б тақырыптағы материалдар жинағы бар. Олардың әр қайсысында оқушы білімін жүйелі дамытуға арналған сөздік пен жұмыс, мәтін, мәтінмен жұмыс, тіл дамыту жұмыстары берілген. Сыныптардың оқу бағдарламасында берілген «My country»тақырыбыптарына байланысты «Welcome to Kazakhstan» электронды оқулығымен жұмыс істеу технологиясын төмендегідей өткізуге болады.

Сабақтың тақырыбы: Welcome to Kazakhstan

Мақсаты: Білімділік: Қазақстан туралы мағлұмат алу, лексикалық материалдар арқылы сөздік қорын байыту.

Дамытушылық: Қазақстан тарихы, астаналары туралы дүниетанымын кеңейту, компьютермен жұмыс істеу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: Отан тарихын тануға, зерттеуге белсенділік іс-әрекетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: электронды оқулықтағы суреттер, сызбалар.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Технологиясы: компьютерлік оқыту.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Электронды оқулықпен жұмыс. Қорытындылау.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларға сабақтың мақсатын, міндеттерін, барысын түсіндіру.

2. Электронды оқулықпен жұмыс:

Электронды оқулықты ашу.

«Kazakhstan» бөлімінен «Almaty» мәтінін іздеп табуға тапсырма беру.

Мәтіннің маөмұнымен оқу арқылы танысу.

Мәтінде кездесетін жаңа лексикалық материалды диктордан кейін қайталап айту, дыбысталуына назар аудару. Мәтіннің мағынасына сай сөйлемдерді ағылшын тіліне аудару. Мәтін мағынасына сай сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Мәтінді қысқаша мазмұндау.

3. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. Бағалау.

Автор:
Әлия ТЕМІРБЕКОВА Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ш. Уалиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі. Қопа ауылы, Ақсу ауданы.