Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ТҰҚЫМНЫҢ ҚҰРАМЫ»


22 февраля 2013, 18:02 | 2 263 просмотра


Мақсаты:

1. Оқушыларға тұқымның құрамы туралы мағұлат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негiзгi ұғымдарды қалыптастыру.

2. Оқушылардың белсендiлiгiн арттыру, ойлау қабiлетiн, шапшаңдығын дамыту, өз бетiмен жұмыс iстеп, талаптануын арттыру.

3. Ойын элементтерiн пайдалана отырып, болашаққа көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Типi: Аралас

Әдiсi: Түсiндiрмелi-сипаттамалы, зертханалық жұмыстар.

Түрi: Панорамалық сабақ.

Көрнекiлiгi: «Қазақстан-2050» плакат бетi, кестелер, сөзжұмбақ, тұқым, иод, спиртшам, қамыр, қағаз, тiрек-сызба.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтың өткiзiлу шарттарымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

I-бөлiм. 3 оқушымен «бизнес сабақ» түрiнде өтiледi.

Шарты: 3 оқушыға 7 сұрақ салынған 3 қалташық және әрқайсысына «4 мың доллар» салынады.

Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, өз ақшасына бiлетiн оқушы жауап сатып алады.

1 қалташадағы сұрақтар:

1. Гүл құрылысын атаңыз

2. Қызыл кiтап не үшiн қажет?

3. Ұлпа деген не? Түрлерiн ата

4. Ең жуан және ең биiк ағаш

5. Өсiмдiк өсiруге қажеттi үш негiзгi тыңайтқыш түрі

6. Жапырақта лептесiк қандай қызмет атқарады?

7. Гүлдiң солуын қимылмен көрсет

2 қалташадағы сұрақтар:

1. Жасушаның құрылысы. Пластид түрi.

2. Фотосинтез үрдiсiнiң негiзiн салған кiм?

3. Жылдық сақина қалай пайда болады?

4. Тұқым тыныс алғанда не бөлiнедi?

5. Түрi өзгерген жерасты өркендер

6. Жемiс пен тұқым неден дамиды?

7. Гүлдi тозаңдандырып жүрген бунақдене қимылын көрсет

3 қалташадағы сұрақтар:

1. Микроскоп құрылысы

2. Жемiстер қандай топтарға бөлiнедi?

3. Тамыр аймақтарын ата

4. Сабақта органикалық заттар не арқылы қозғалады?

5. Гүлшоғыр деген не? Түрлерi

6. Құрылымды және құрылымсыз топырақ

7. Сабақтың бойлап өсуiн қимылмен көрсет.

II-бөлiм. «2050-га сапар» ойынын ұйымдастыру.

Шарты: Тақтаға 3 бөгет қойылады. Оған жеткiзетiн бiрнеше соқпақтар бар. Олар iлiнiп, қойылады. Тарихи, мәдени, әдеби, экологиялық осы соқпақты таңдауы бойынша әрбiр оқушы бөгеттерден өтуi тиiс.( мысалы)

Экологиялық: оқушыға кемтар баланың суретi берiлiп, оны 2050-ге сау күйiнде жеткiзу тапсырылады. Ол үшiн 3 кедергiден өту керек. Әрбiр кедергiде 2 сұрақтан жасырылған. Онда түрлi суреттер iлiнген.

1. «Қышқыл жаңбыр» кедергiсi

а) Жыныссыз көбею жолдары қандай?

б) Тозаңдану деген не?

2. «Ядролық сынақ аймағы» бөгетi

а) Тұқым нешеге бөлiнедi?

б) Фотосинтез үрдiсi жүру үшiн қандай жағдайлар қажет?

3. «Бетiн мұнай жапқан теңiз» бөгетi

а) Бидай мен үрмебұршақтың тұқымының айырмашылығы неде?

б) Ұрықтану деген не?

III. Жаңа сабақты түсiндiру. Тұқым өсiмдiгiнiң өсiп-өнуi үшiн қызмет етедi. Тұқым көлемi әр түрлi болады. (Тұқым түрлерiн көрсету).

Тұқым түзiлiсi күрделi, әрi сан алуан, олардың iшiнде iрiсi де де, майдасы да бар. Олар ретi келгенде өнедi де, өзiнен әлдеқайда үлкен өсiмдiктер пайда болады. Су –барлық ағзалардың тiршiлiгiнiң негiзi. Өсiмдiкке зат келуі, қозғалуы, өсiмдiктiң өсуi тiкелей судың қатысуымен жүредi.

Минералды заттар - өсiмдiктiң жас мүшелерiнде көп. Өсiмдiк өскен сайын минералды заттар жапырақта артып, тамыр мен сабаққа келiп түседi. Егер өсiмдiктi жақса, күл қалады. Күл құрамында су мен топырақта болатын барлық элементтер бар.

IV-бөлiм. Зертханалық жұмыс.

Тұқымның құрамындағы заттардың болатынына оқушылардың көзiн жеткiзу үшiн зертханалық жұмыстар жүргiзiледi.

Бидайдың құрғақ 1-2 тұқымын таза сынауыққа салынып, сыртынан әлсiз жалынмен қыздырылды. Нәтижесi: сынауық қабырғаларында су тамшылары пайда болады.

Наурыз көже 7 түрлi тағамнан жасалатыны, Наурыз мерекесiнiң тойлануы туралы оқушыларға қосымша түсiнiк берiлiп, сабақ қорытындыланады. Оқушыларды бағалау.

VI-бөлiм. Үйге тапсырма.

Автор:
Ғалия ҚАСЕНТАЕВА, Бұлақты орта мектебі, биология пәнінің мұғалімі. Алакөл ауданы