Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ


22 февраля 2013, 18:05 | 2 170 просмотров


Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру- мұғалімнің басты мақсаттарының бірі. Білімді қалыптастыруда « сын тұрғысынан ойлауды дамытудың» түрлі әдіс- тәсілдерін сабақта пайдалана отырып, оқушылардың іздену, үйрену, ұғу сияқты қабілеттерін ұштауға болады. Төменде

6-сынып оқушыларымен өткізген сайыс-сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру.

2. Тәрбиелік: тез ойлап, дәл таба білуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін кеңейту.

Сабақтың түрі: білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының тәсілдері

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу, топ басшыларын сайлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Қызығушылығын ояту.

1- тапсырма. Кестені толтыру

4. Деңгейлік тапсырмалар.

1-тапсырма. Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, қиылысуын, бірігуін жаз.

1. (-8; 6] және [-5; 8]

2. (-4; + ∞] және (-5; 0]

3. [-9; 3] және [-∞ ; 0]

2-тапсырма. Сан аралықтарындағы ең үлкен және ең кіші бүтін сандарды табыңдар.

1. [-1; 2,3]

2. [-5; 1,2)

3. [-3; 1]

5. Ойшылдар сайысы. Оқулықпен жұмыс.

а) № 998, № 999, № 1002 есептер.

ә) Тест тапсырмалары.

1. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап: (-2; 1]

А) -2; -1; 0,1; Ә) -1; 0; 1; Б) 0; 1; В) -2; -1; 0.

2. Белгіленуімен жаз: 2 ден 5 ке дейінгі кесінді

А) (2; 5) Ә) [2; 5] Б) (2; 5] В) [2; 5)

3. [8; + ) сан аралығының аты:

А) ашық сәуле Ә) интервал Б) кесінді

В) сәуле

4. Теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаз: -3≤х<3

А) [-3; 3] Ә) (-3; 3) Б) [-3; 3) В) (-3; 3]

5. [10; 15] сан аралығының аты:

А) кесінді Ә) сәуле Б) ашық сәуле

В) интервал

Қорытындылау үшін әр топ мүшелері белгіленген сан аралығын айтып, екінші топ сол сан аралығының атын табады.

1 топ 2 топ

[4; 7] кесінді

( -∞ ; 4] сәуле

(-2; + ∞) ашық сәуле

Бағалау. Әр топтың және әр оқушының жинаған ұпай сандары арқылы жеңімпаз топ пен оқушылардың білімі анықталып бағаланады.

Үйге тапсырма: №1004, 1007 (2; 4)

Автор:
З.Т. ҚОШҚАРОВА «Кеңғарын орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Ақсу ауданы