Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ


22 февраля 2013, 18:08 | 2 528 просмотров


Сабақтың мақсаты: Оқушыға сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағынмен оқуға және оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың сөздерді байланыстырып сөйлеуін, өзін-өзін бағалауын жетілдіру; өз біліміне сынкөзбен қарай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ – жауап, интерактивті тақта,

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер (жеке, сюжетті), тірек сызба.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: а/Оқушылардың назарын сабаққа аудару б/Оқушылардың қызығушылығын ояту

ІІ.Жаңа сабақ

- Ерте – ерте, ертеде біз білмейтін үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау «СИНТАКСИС» елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып , бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сөздер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.

- Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел – «Синтаксис еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондарды бір пойызға отырамыз. Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған.

1- вагонда: «Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен»;

2-вагонда: «Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті»;

3-вагонда: «Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар»;

4-вагонда: «Қанаты жоқ – ұшады, аяғы жоқ - қашады»;

5-вагонда: «Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді»;

6-вагонда: «Отқа жанбас, суға батпас».

1-тапсырма: Әр жұмбақтың шешуін тауып, әр вагондағы ребусты шешеміз шешуіндегі сөздерден қандай сөз шықты? (СӨЙЛЕМ). Бұл сөз туралы не білетіндеріңді есіңе түсір.

2-тапсырма:

Паравоз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Ол үшін сөйлемнің неден тұратынын табайық.

- Сөйлем сөзден құралады

- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

3-тапсырма:

Балалар поездің ең соңғы вагонына сөйлемнің тыныс белгісі деген ақылгөй шешесі орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақыл мен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.

- Қалай ойлайсыңдар? Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері қойылады? Қане, ойланып көрейік.

- Нүкте. Сұрау белгісі. Леп белгісі.

Далада боран соқты.

Сен неше жастасың?

Алақай, апам келді!

ІІІ.Көркем жазу минуты: Б дыбысын жаздыру \ элементтерін, дауыссыз дыбыс ұяң екенін түсіндіріп айту\

ІҮ.Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс:

220- жаттығу Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Ажар (кітапхана) барды. (Кітапхана) адам көп. Ол (кітапхана) кітап алды.

Ү. Жаңа материалды меңгергендерін тексеру кезеңі

«Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйшігіне орналастыру керек

Өсімдік көктейді. Түйені бұйдалайды. Балам, өркенің өссін.

Алақай, апам келді.Қамшы деген не. Кірпі қалай дыбыстайды.

ҮІ. Сабақты бекіту кезеңі

Балалар біз бүгін сабағымыздың мақсатына жеттік па?

Біз не үйрендік?

Не білдік?

Топтастыру стратегиясы

ҮІІ.Үйге тапсырма:

ҮІІІ.а/ оқушыларды бағалау

Автор:
С.Б БЕКОЖАНОВА Сарыөзек орта мектебі-шағын орталығы ның бастауыш сынып мұғалімі