Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДАРИҒА – ЖҮРЕК...


11 февраля 2010, 22:15 | 4 300 просмотров



Сабақтың мақсаты :

1. М .Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қатесіз айтуға үйрету.

2 .Оқушының мәнерлеп оқу қабілетін шыңдау, ой-өрісін дамыту.

3. Өзге ұлт өкілдері балаларының жалпы сынып оқушыларының поэзияға, әнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, мәнерлеп оқу сайыс сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, топқа бөлу, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтерін қолдану , жатқа айту , мәнерлеп оқу

Сабақтың пән аралық байланысы : ән-күй , тарих , қазақ әдебиеті .

Көрнекілігі : Портрет , буклеттер , суреттер , М . Мақатаевтың өлеңдер жинақтары , топ аттары жазылған қағаз , сызбасы бар плакат , маркер , домбыра , «Қамажай» әуені , «Дариға , домбырамды берші маған» әуені және М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер .

Сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстыру .

Сыныпта М . Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер әуені ойнап тұр .

Сабақ барысы .

І .Сабаққа дайындық .

1 .Оқушыларды топқа бөлу .(«Дариға- жүрек» -5 «в»сыныбы, «Мен үйсінмін» тобы-5 «г» сыныбы)

2 .Әділ қазылар алқасын сайлау .

ІІ Жаңа тақырып

Ұстаздың алғы сөзі :

М . Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы , Нарынқол ауданы ,Қарасаз ауылында туған . Ол республикалық баспасөзде және радиода жұмыс істеген . Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан бастап жаза бастаған .

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев ,

Өлтіре алмас , алайда өлеңді ешкім» ,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі арқылы Мұқағалиға поэзия төрінен орын беруге болады. Өзі өлсе де, өлең жырлары келешек ұрпаққа қалды .

Ендеше , құрметті қонақтар , біздің мектебіміздің оқушылары Мұқағали ағамыздың құрметіне арнап жаттаған , мәнерлеп оқыған , өлең жырлары бар екен .

ІІІ Қызығушылықты арттыру .

Мұғалім :

- Бүгінгі мерекеге 2 топ қандай өлең жырларын әкелді екен ?

Тақтаға кезектесіп шығып ,жаттаған өлең-тақпақтармен тақтадағы сызбаны толықтырып жіберейік. Оқушылар өздері жаттаған өлең- жырларымен сызбаны толтырады .

І V Ән .

1-жүргізуші :

Енді кезекті әнге берейік ! Домбыраның сүйемелдеуімен «Дариға , домбырамды берші маған» . Сөзі : М . Мақатаевтікі . Орындайтын – 5 «г» сынып оқушылары .

V Екі топтың «Жатқа айту» жарысы .

2-жүргізуші :

1 - номинация . Мұқағали ағамыздың «Дариға , домбырамды берші маған» өлеңін біз барлығымыз жатқа білеміз .Енді 2 топтың осы өлеңді қалай жаттағандарын тамашалайсыздар .

1 ) «Дариға – жүрек» тобы өз өнерлерін ортаға салады

2) «Мен үйсінмін» тобы өз өнерлерін ортаға салады .

VІ Екі топтың «Мәнерлеп оқу»жарысы .

1 - жүргізуші :

Біз білетін Мұқағали ағамыздың өлеңдері өте көп .

Мәнерлеп оқылатын өлеңдер :

1 . «Мен үйсінмін»

2 . «Күз секілді»

3 . «Сағындым»

4 . «Жанар тауым»

5 . «Өмір сүрейік»

6 . «Жаңбырда»

7 . «Дариға , домбырамды берші маған»

2 – жүргізуші :

2 - номинация . Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуға әр топтан 7 оқушыдан шығады .

Сайыскерлерімізді қол соғып қошеметтеп қояйық !

VІІ Би .

1 – жүргізуші :

Әділ қазылар алқасы сайыскерлеріміздің еңбегін бағалағанша кезекті биге берейік !

5 . Би «Қамажай» . Орындайтын «Мен үйсінмін» тобы.

VІІІ Қорытынды , бағалау .

1 .Мұғалімнің сөзі :

Тірлігінде шекпен кимей , шен алмай ,

Еңбегінің қызығын да көре алмай .

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай – деп , біздің жерлесіміз Айтақын ақын жырлағандай , ғажайып жырларымен еліне қуаныш сыйлаған ақиық ақын М . Мақатаевтың рухына арналған сайыс сабағымызды аяқтай келе сөзді әділ қазылар алқасына береміз .

2 . Жеңімпаздарды бағалау .

ІX Сабақтың соңы .

Көңіл қойып қатысқан оқушылар мен мұғалімдерге рахмет айтамыз !

Автор:
Ләззат ТОҚТАРҚЫЗЫ, №15 орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Талдықорған қаласы