Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев: «Білім саласы - басты назарда...»


11 февраля 2010, 22:42 | 2 122 просмотра



Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында білім және ғылым саласын дамыту бойынша бірқатар басымдықтарға тоқталды. Бұл, ең алдымен, сәуір айынан бастап білім қызметкерлері үшін жалақы көлемін арттыру, 2020 жылға дейін мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелермен 100 пайызға қамтамасыз ету, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу және т.б. Қазіргі кезде балабақшамен қамтамасыз ету 38,5 пайызды құрайды. Елбасы «2020 жылға қарай барлық, ауылдық және қалалық жерлердегі балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерімен қамтамасыз етілуі шарт. Бұл үшін біздің мүмкіндіктеріміз де, мемлекеттік-жеке әріптестіктің әлеуеттері де жеткілікті. Жеке, отбасылық балалар бақшасы, арнайы шағын орталықтар мемлекеттік мекемелерге балама бола алады» деді. Осыған орай, «Балапан» бағдарламасын әзірлеп, оны келер жылдан бастап жүзеге асыруды тапсырды.

Ғылым саласы да айрықша аталып өтті. Қазіргі күні «Ғылым туралы» заң жобасы талқылану үстінде. Заңды құжат әлемдік және халықаралық талаптарға сай дайындалып жатыр. Сондықтан осы заңға орай ғылым саласында үлкен өзгерістер болмақ.

Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев техника лық-кәсіптік және жоғары білімді халықаралық талаптарға сәйкестендіру керектігін айтты. Еліміз жоғары оқу орындары әлемнің алдыңға қатарлы университеттерінің рейтингісінен көріну шарт. Біз осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыра бермекпіз.

Қазіргі күні Астана қаласында халықара лық деңгейдегі университет жобасы іске асырыла бастады. Назарбаев атындағы жаңа университеттің құрылымы, ұйымдастыру принциптері, оқыту әдістемесі және ғылыми зерттеулердің деңгейі жетекші шетел университеттер үлгісіне мейлінше жақындатылған. Университет алдында үлкен міндеттер тұр. Елбасы атап өткендей, биылғы жылдың шілдесінен бастап, алғашқы 700 оқушы дайындық курсына қабылданады. Осы университетке балаларды дайындау мақсатында «Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектептері» бүгінгі күні Астанада, Көкшетау мен Семей қалаларында жұмыс істеп жатыр. Келешекте біз еліміздің барлық аймағында осындай 20 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз.

Және де жаңа университет аясында жаңа 3 ғылыми орталық ашылады. Әлемдік ғылыми орталықтармен бірлесіп, жасанды өкпе, жүрек, жасуша секілді органдарды трансплантациялау мәселелерімен айналысатын өмір туралы ғылым орталығы, қайта қалпына келетін энергетика, физика, жоғары қуат техникалары мәселелерімен айналысатын энер гетикалық зерттеулер орталығы және зертханалық база және конструкторлық бюро қызметін атқаратын дисциплинарлық-инструменталдық инженерлік орталық. Үш орталық та биыл құрылады.

Сонымен қатар арнайы қор құрылады. Ол бойынша, көрнекті ғалымдарды тарту мен ұстаздар үшін арнайы жағдайлар жасау қамтамасыз етіледі.

Осылайша, 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды қызмет етуі тиіс. Жолдауда осы және т.б. жаңа міндеттер қойылды. Алдымызда үлкен жұмыстар тұр, оған біз белсенді түрде кірісетін боламыз.