Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНДАҒЫ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР


15 марта 2013, 21:56 | 2 689 просмотров


Халық даналығында логикалық есептер көптеп кездеседі. Бұл есептерді халқымыз өз ұрпағын ұшқыр ойлы, есте сақтау, бақылағыш қабілеттерін жоғары етіп тәрбиелеуде қолданып келген. Логикалық есептерді шешудің негізгі мақсаты – баланың ойлау жүйесін ретке келтіріп, шыңдай түсу, өмірдің кез келген жағдайында дұрыс әрі ұтымды шешім таба алатындай ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу.

2011-2012 оқу жылынан бастап тест тапсырмаларына логикалық есептер енгені белгілі. Сондай есептің бірнешеуінің шешу жолдарын көрсетпекпін.

Есеп : Ондық цифрлары бірліктер цифрларынан үлкен болатын қанша екі таңбалы сан бар?

Шешуі: 10 мен 20-ның арасында

1; 20 - 30

2; 30 - 40

3; 40 – 50

4;50-60

5; 60-70

6; 70-80

7;80-90

9; Барлығы: (1+9)+(2+8)+(3+7)+(4+6)+5=45;

Жауабы: 45 сан.

Есеп : Алмаш жұмысқа келген әріптесінен жасын сұрады. Сонда әріптесі : «менің 4 жылдан кейінгі жасымды 4 еселеп одан 4 жыл бұрынғы жасымды 4 еселеп шегеріңіз»- деді. Жаңа әріптестің жасы нешеде?

Шешуі: 4∙ (x+4) -4∙ (x-4) = 4x+16-4x+16=32;

Жауабы 32 жаста.

Есеп : Қарбыз бен қызанақтың салмағы қауынның салмағындай. Екі қарбыздың салмағы қызанақ пен қауынның салмағына тең болса, қауынмен қызанақтың салмағының қатынасы қандай?

Шешуі: Қарбыздың салмағы – x,

Қызанақтың салмағы – y,

Қауынның салмағы – z ,

{(x+y=z@2x=y+z)┤ ; {(x=z-y@2(z-y)=y+z)┤ ; {(x=z-y@2z-z=y+2y)┤;

{(x=z-y@z=3y)┤ ;

{(x=3y-y=2y@)┤

y=x/2;

y=z/3;

z/y = 3;

Жауабы: 3

Есеп : Мұғалім 25 сұрақ қойды. Оқушылар дұрыс жауапқа 4 балл , қате жауапқа (-1) балл алады. Оқушылар барлық сұраққа жауап берді және 60 балл алды . Оқушылар қанша сұраққа дұрыс жауап берді?

Шешуі: {(x+y=25@ x∙4+y(-1)=60)┤ ; (x+y=25@ 4х-y=60) 5x=85 ; x=17;

Жауабы : 17 сұрақ.

есеп : Кестеде мұражайға кіретін билеттер құны мен жеңілдіктер көрсетілген

Мұражайға келген 2 үлкен және 6 баладан тұратын топ билеттерге қанша төлейді?

Шешуі : 2∙450+6∙250 =2400;

2+6 = 8 (адам);

5% жеңілдікпен : 2400-2400∙5% =2400-120 = 2280;

Жауабы: 2880 теңге

Есеп : 2a санының 4%-ның 9% -ы a санының 5%-інің неше пайызын құрайды?

Шешуі : 2a∙4%=2a∙ 4/100=2a/25;

2a/25∙9%= 2a/25∙9/100= 9a/1250 ;

a∙5%=a∙5/100=1/20 a

1/20 a - 100%

9/1250 a - x%

x= 9/(1250 ) a∙100% 1/20 a=14,4% ;

Жауабы : 14,4 %

Автор:
Шамиль САҒЫНДЫҚОВ Айтжан Түркебаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Райымбек ауданы Саты ауылы