Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жүректе қайрат болмаса...»


11 февраля 2010, 22:44 | 2 269 просмотров



Тәуелсіз елдің тұғыры – Оның конституциясы мен сол арқылы белгіленген елдік нышан, рәміздері, шекарасының тұтастығы, елдікті құрайтын ұлттың ана тілі, ел ұраны. Бұларды бүгінгі оқырмандарға түсіндіріп жатудың өзі артық нәрсе. Алайда, еліміз тәуелсіздік алғалы бері күн тәртібінен түспей келе жатқан қазақ тілінің мәселесіне келгенде, еріксіз бұл тақырыпқа қалам тартасың. Себебі, бізбен бірге тәуелсіздігін жариялаған Балтық жағалауы елдерін алсақ та, Азия құрлығында іргелес жатқан ағайындас елдерді алсақ та, олардың барлығы бірінші кезекте ана тілі мәселесі мен әліпбилерін реттеп алды.

Олар бүгінгі таңда біз сияқты бұл мәселерге бас қатырмайды. Есесіне, одан да маңызды ұлттық құндылықтарына көңіл бөлуде. Біз де өткен ғасырда осы мәселені шешіп алсақ болар еді. Ол кезде азаматтарымыздың саяси белсенділігі мен ұлт мәселесіне деген көзқарастары анағұрлым орнықты болатын. Десек те, ол кездің бір ерекшелігі – байлауы үзілген экономика мен елдің ішкі тұтастығын нығайту мәселесі бірінші кезекке қойылды да, ұлттық мәселе кейінге шегерілді. Бұл тұрғыдан біз айтарлықтай ұтқанымызбен, ұтылған тұсымыз да аз болмағанын енді-енді түсіне бастағандаймыз. Ең бастысы, елді бас-

таушы ұлт – қазақ халқының ұлттық белсенділігінің төмендеп кетуі. Мемлекеттік қызметке көтерілген жаңа буын жастардың дені ана тілі мен ұлттық мәселеге немқұрайды көзқарастар ұстануы. Бір ғана қарапайым нәрсені – Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, бұл елде мемлекеттік тіл – Қазақ тілі дегенді түсінуге түсініктерінің жетіспейтіні. Әрине, Намыс!.. Соның салдарынан Ата заңымызда айқын көрсетілген мемлекеттік тіл мәселесінің шешім табуы тым күрделеніп кетуінде болып отыр. Олардың арасында қазірдің өзінде мемлекеттік тілді білмейтін жас мамандардың бой көрсетіп жататыны өкінішті-ақ. Дей тұрғанмен, соңғы кезде бұл мәселеге Елбасы тарапынан айрықша көңіл бөлініп отыр. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», - деген ұранды Президент Нұрсұлтан Әбішұлы осыдан бес жыл бұрын көтерді. Биылдан бастап мемлекеттік тілді дамытуға арналған он жылдық бағдарлама өз ісіне кірісті. Мұның барлығы мемлекеттік тілдің қайтсек көсегесін көгертеміз деген ізгі ниет. Бірақ, осы ұранды басшылыққа алып отырған басшыны да, қадағалаушы қарапайым жұртты да көре алмай отырмыз. Бұның барлығы сайып келгенде, намысқа, ұлттық намыс деген жалғыз сөзге сияды. Бойында ұлттық намысы жоқ, ұлтын, халқын, туған анасын қасиеттеп, қастерлемейтін жастардан ондай намысшыл рухты күтудің өзі артық. Ән ұранымыз ана тілінде шырқалады, сазды әуені өнбойыңа ұлттық мақам арқылы тарайды. Ал, бойында ұлттық намысы жоқ, ана тілі мен ұлттық ән-күйінің сазына елтімейтін адам оны қалай түсінеді, қалай ел басқарады? Оны қалай мақтан тұтады? Міне, оқырман қауым осы бір өзекті мәселені бұдан былай газет бетінде көтеріп, ой бөліссек?

Автор:
Жүкел ХАМАЙ