Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«СҮТ ҚАЛАЙ ҰЙЫҚТАЙДЫ?» ЕРТЕГІСІ


23 марта 2013, 15:13 | 2 471 просмотр


Сабақтың мақсаты: қазақтың белгілі ысқақшыл ақыны О. Әубакіровтың өмірбаянымен таныстыру, ертегідегі астарлы ойды ашу. Сөздік қорын, ой - өрісін, ұғымын, түсінігін жетілдіру. Оқушыларды өз бетінше ой қорытып сөйлеуге, сауатты оқып, жазуға машықтандыру.

Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ екенін ұғындыра отырып, білімді болуға, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, нақыл сөздер, тыйым сөздер жазылған плакаттар.

О. Әубәкіровтың суреті.

Әдісі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, әңгіме, топтық тапсырма, мәнерлеп оқу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастру кезеңі: 1. Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық, сабақтың мақсаты оқылады, сабақтың жоспарымен таныстырылады.

- балалар, «Бүгінгі білім- ертеңгі байлығымыз» екенін әр уақытта есте сақтап, «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» - деген ұғыммен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Үйге қандай тапсырма берілді? 2. Ы. Алтынсарин кім? Оның қандай шығармасымен таныссың? 3. «Салақтық» сөзіне қарама -қарсы мағынадағы сөзді ата. 4. Жағымсыз әрекетті ата.5. «Салақтық» басқа да тағы қандай әрекеттерден аулақ болуымыз керек?

- Ондай жаман әрекеттердің бірі – ұйқышылдық, бүгін біздің оқитын келесі тақырыбымыз осы кереғар қасиеттің төңірегінде айтылады.

III. Жаңа сабақ.

А) Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (сүт)

Ә) Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сүт қалай ұйықтады?»

Б) Автормен таныстыру, өмірбаянына қысқаша тоқталып өту (О. Әубәкіров 1934 – 1986 жылдар аралығында өмір сүрген. Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген «Қағаз қалпақ», «Қожанасыр чемпионы» т.б балаларға арналған кітаптары бар. Қазақ әдебиетінде сықақ жанрын дамытуға ерекше үлес қосқан шығармалары қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді қозғайды)

В) Оқулықпен жұмыс (сурет арқылы оқушыларға сабақты түсіндіру) ертегіні мәнерлеп оқу.

Г) Ертегіні балаларға оқыту (тізбектей оқыту)

Сергіту сәті:

IV. Сабақты бекіту: Мысалды талдау

1. Автор ертегідегі ненің әрекетін суреттеген?

2. Бір күні сүтке не болыпты?

3. Ел – жұрт қалай қайран қалады?

4. «Ұйықтаймын» - деп сүт қандай күйге ұшырайды?

5. Сүттің аянышты халін кім байқады?

6. «Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты» - деген жолдың мағынасын қалай түсінесің?

- Сүттің бойына ұйқышылдық мәңгі орнапты (орнап қалыпты) – деген мағынада айтылған.

V. Оқушылар мынандай тапсырмалар орындайды (үлестірмелі материалмен жұмыс)

1. Ертегіге қатысты мақалды тап.

(ұйқы деген дұшпан бар)

2. Ертегіде сүттің әрекетін білдіретін тіркестерді тауып көр

(сипатта)

(Сүт ұйып қалыпты, сүт айран болыпты, сүтке ұйқы ұя салыпты, айран быжынап тұрып ашыпты, сүт іріп қалыпты)

3. Ертегідегі елдің сөзін тауып, әуеніне сай оқы.

Ойбай,

Ұйықтап қалыпты!

Қарап отырып,

Айран болыпты!

– «Дорбадан аққан сары су – сүттің көз жасы»

VI. Топтық тапсырма

1 топқа – берілген буындардан сөз құрап жазу.

VII. Сабақты қорыту: Тақтадағы мақалды талдау.

- Ертегідегі «Көп ұйықтаған зиян – ау» - деген сөзден не түйдіңдер?

VIII . Бағалау. Үйге тапсырма.

Автор:
Алмагүл АЛДИБЕКОВА «Н. Өмірзақов атындағы орта мектебі – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Райымбек ауданы Қаратоған ауылы