Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

1-ДЕН 10-ҒА ДЕЙІНГІ САНДАРДЫ САНАУ


23 марта 2013, 15:15 | 3 800 просмотров


1-ден 10-ға дейінгі тура, кері санай білуге және «қанша», «сонша», «тең» деген ұғымдарды меңгертуді мақсат еткен сабақта балалардың зейінін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар арқылы балардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу де көзделді.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс,түсіндіру, ойын.

Көрнекіліктері: сандар, суреттер, буклеттер, ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.

Тәрбиеші:

Күндей жадырып,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза мөлдір көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық!

-Балалар, маған қарап күлімдейміз. Бір-бірімізге қарап күлімдейміз.Орнымызға отырамыз.

Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

Ойын. «Сиқырлы сандар»

-Балалар, қазір біз «Сиқырлы сандар»ойынын ойнаймыз. Біз білімді әрі тәртіпті болсақ, сандардың не жасырып тұрғанын білеміз.

1. Жылдың қай мезгілі?

2. Қазір қай ай?

3. Аптаның қай күні?

4. Аптаның неше күні бар?

5. Жақында қандай мереке болды?

Ертегілер елінде

-Мен сендерге бір ертегі айтып берейін. Таңертең сиыр бұзауымен, жылқы құлынымен, қой қозысымен өзеннен өтіп, жайлауға барады. Бірақ олар өзеннен өтейін десе, аяқ басқан сайын өзендегі мұз сықырлап, шытынап жарыла бастайды. Қорқып кеткен сиыр мен бұзау мөңіреп, жылқы кісінеп, қой маңырайды. Олардың дауысын жердегі ормандағы қасқыр естиді. Ол орманнан шыға келеді. Сол кезде малдарын іздеп бала келеді. Қасқыр балаға бірінші тапсырмасын ұсынады.

1-тапсырма

А) 1-ден 10-ға дейін тура және кері сана.

Ә) 0-ден 10-ға дейін тақтаға жаз.

Қасқыр риза болып өзеннен өткізіп жібереді.

2-тапсырма

Есеп. Анаң таңертең 5 кәмпит берді. Әкең сонша кәмпит берді. Сонда сенде қанша кәмпит болды.

3-тапсырма

«Жемістерді сана және боя» қасқыр бұның бәріне риза болып, жылқыны да қойды да өзеннен өткізіпті.

Сергіту сәті

Ал санайық, санайық,

Санын біліп алайық.

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

1санына байланысты кім тақпақ айтады?

Айда біреу аспанда,

Күнде біреу аспанда,

Тұратығын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.

2 дегенім еңбек-еңбек жеңбек.

Жұмбақ шешу.

Менің 3 көзім бар

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүр» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді.

Ойын. «Көршісін тап!»

Қорытынды:

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Қандай ойындар ойнадық?

1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

Автор:
Әлия РАҚЫШЕВА Н.Өмірзақов орта мектебі мектепалды даярлық сыныбы. Райымбек ауданы