Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТҮСІНДІРМЕЛІ САЛАЛАС


23 марта 2013, 15:17 | 3 501 просмотр


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар білімінің ғылымилығы мен жүйелігін дамыта отырып, түсіндірмелі салалас жөныінде түсінік беру, өзге салалас түрлерінен ажырата білуге дағдыландыру;

2. Жаңа сабақты тереңдете талдай білу қабілетін, өткен алған білімін жүйелі түрде байланыстыра отырып, ойын анық жеткізе білуге, мәдениетті сөйлеуге қалыптастыру.

3. Саналы түрде білім алуға бірін – бірі тыңдай білуге, жаттығуда берілген ұлағатты сөздің мәнін ұғып, өмірде іске асыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, кесте, мысалдар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушылардан өткен сабақты қалай түсінгендерін, меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар мен тест тапсырмаларын пайдаланамын.

Мына сөйлемдер арқылы салаластың түрлерін ажырат.

1.Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім

2.Күн батты, тауды қара көлеңке басты

(Ыңғайлас салалас)

1.Тракторың аман, бірақ жанар майы бітуге жақын екен.

2.Үстін шаң басқан үлкен трактордың қызуы әлі басылған жоқ, ыстық леп бетке соғады.

(Қарсылықты салалас)

1.Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді.

(Себеп – салдар салалас)

1.Жамандық жалын сияқты: өзін де, өзгені де жалмай береді.

2.Оқушылар сендерге айтарым сол: сағат төртке дайындыққа келіңдер.

Үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы пысықтаймын.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ол соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас.

Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес тұрып байланысады.

Бірінші жай сөйлемнің баяндауыштары көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер: (мынау, сол, сондай, мынаны, соншалық)

Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте, не сызықша қойылады.

Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын мына кестелер арқылы толық түсіндіремін

Мысалдар

Баяндауыштары және мағынасы

Байланысу тәсілдері

Бағжан тағы да естелік көрсетті: әкесі мен Кенжеғараның алдына бір қалашты бөліп қойды да, Нартай мен Әлішердің алдына үлкен бір бөлкенн нанды тұтас қоя салды.

Мұның түпкі себебі мынау: романда ұнамсыз кейіпкер мүлде жоқ.

Ғылымға берілгендігі сондай – қолынан кітабы түспейді, үнемі оқиды да жүреді

Әкесінің келгеніне қуанғаны сонша – қолындағы ойнап тұрған ойыншығын лақтырып тастады

Бәрінің баяндауыштары тиянақты формада

Алғашқы сөйлемнің баяндауыштары (Мынау, сондай, сонша) сілтеу есімдіктері

Орын тәртібі арқылы байланысады.

Интонация және орын тәртібі арқылы байланысқан.

Түсіндірмелі салаластың тыныс белгілерін мына сызбалар арқылы түсіндіремін:

Түсіндірмелі салаластың түсіндірілетін компонентінен кейін қос нүкте қойылады мынау: Түсіндірмелі салаластың түсіндіретін сондай - компоненті сілтеу есімдіктерінің бірі болып келсе, не қос нүкте, не сызықша қойылады.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау деңгейлік тапсырмалар бойынша жүргіземін.

І – деңгей. 1. Салалас құрамаластың түрлерін ата.

2. Баяндауышы тиянақты, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

ІІ – деңгей. 1. Бірінші жәй сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер болатын құрмаластың түріне сөйлем құра және оған морфологиялық талдау жаса.

2. Түсіндірмелі салаластың басқа салаластың түрлерінен айырмашылығын ата және мысалдармен дәлелде.

ІІІ – деңгей. Мына жалғаулықты шылаулар қандай салаластың түріне жатады:

Әрі, және, сондай, бірақ, өйткені.

Осы жалғаулықты шылауларды қатыстыра отырып табиғат туралы мәтін құра.

Ү. Жаңа сабақты бекіту: Сонымен қандай салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін өттік деген бірнеше сұрақтар қоямын.

ҮІ. Бағалау. Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 162 – жаттығу

Автор:
Алима АМИРХАНОВА, «Жаңалық негізгі орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі. қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Ескелді ауданы.