Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АТАДАН ТУҒАН АРУАҚТЫ ЕР


23 марта 2013, 15:18 | 2 897 просмотров


I. Сабақтың тақырыбы: Атадан туған аруақты ер

II. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Махамбеттің өмірін, өлендерін көтеріліс тарихымен тұтастықта қарастыра отырып, ақын поэзиясын өр рухпен оқи білу дағдысын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Ақынның отты өлендерінің негізгі идеясын танытатын үзінділерді таңдап таба білу және оларды жатқа мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру.

б) тәрбиелік: Махамбет шығармалары арқылы ұрпақты өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, азаматтыққа тәрбиелеу.

III. Сабақтың тегі: Жаңа материалды меңгеру.

IV. Сабақтың түрі: Семинар сабағы

V. Сабақтың әдісі: талдау, ұжымдық ойлаудың жаңа технологиясы.

VI. Сабақтың көрнекілігі: кітап көрмесі, слайдтар, Махамбет, Исатай портреті, үлестірмелі карточка т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу;

ә) сыныпты түгендеу;

б) сыныпты 3 топқа бөлу: 1.Әдебиетшілер. 2.Тарихшылар. 3. Өнер топтары.

II. Жаңа материалмен жұмыс.

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына арналады. Сабағымыз "Атадан туған аруақты ер" деген айдармен жүргізіледі.

Ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезовтың Махамбетке берген бағасы сабағымыздың түйінін ашары сөзсіз.

"Махамбет жаратылысында әрі батыр, әрі жырау - ақын, әрі күйші домбырашы болыпты. Мінезі өте қызулы, әдіс шеберлікті көп ойламайтын алған жағынан қайтпайтын, қайсар езі адам болған".

М.Әуезовтың осы сөзін нақтылау үшін Махамбеттің өмір жолына тоқталайық.

Махамбет 1803 жылы Орал облысы, Орда ауданы, Нарындағы, Бекетай құмында дүниеге келген.

Махамбеттің:

Өтемістен туған он едік,

Онымыз атқа мінгенде,

Жер қайысқан қол едік - деген өлең жолдарынан Өтемістің 10 ұлы болғанын аңғарамыз.

Махамбет жас кезінен хан сарайында болады. Оған 2 түрлі себеп бар. 1-ден Өтеміс балаларының ен үлкені Бекмахамбет - Жәңгір ханның 12 биінің бірі. 2. Махамбет Құлмәлі ауылының старшыны болып сайланды.

Махамбеттің ақын, шешен екендігін байқаған Жәңгір хан оны сарай ақыны етіп алуды көздейді. Баласы Зұлқарнайдың қасына қосшы етіп жібіреді. Осы кезде сауаты ашылып, орыс тілін меңгереді.

Ханның еңбекші халықты аяусыз қарауы, әділеттің болмауы Махамбеттің жүрегіне қатты барады. "Қара қазан, сары бала қамы үшін"- деп өзінің жүрек жарды жырларымен ақындық жолға бет бұрды.

1. Лириканың түрі - патриоттық лирика.

2. Көңіл- күй, сезіммен оқуға бола ма? Сарыны - өте нық екпінді.

3. Махамбет күйінде қалай бейнеленеді? Соған тоқталайық

"Қайран, Нарын" күйін (елін аңсауы) тыңдайық.

Ал балалар, енді біз алған білімдерімізді практикамен ұштайық. Әр топқа жеке сұрақтар беру.

III. Махамбет өлеңдерінің тақырыбын өткен сабақта жаттаған өлеңдері арқылы талдайық. Әр топқа жеке сұрақтар беріледі.

III. Өнер тобы

"Қайран, Нарын" күйін тыңдату. Күйдің мазмұнына, алған әсері мен шығу тарихына талдау жасау.

V. Сабақты бекіту.

1 топ. Әңгіме оқиғасы (Дүниенің күңіренуі) т.б.

2 топ. Әуес, Нұрсұлтан (тарихпен байланысы.)

3 топ. Сезімі ұшқыр, көңілі толы өнер адамдары. Ақынға арнау, осы оқиғаға күй, өлең шығару.

Аяқтау. Не білуім керек?

1. Махамбеттің ұлы жайлы (күні бүгінге дейін деректер жоқ)

2. Махамбет жайлы ақын- жазушылардың еңбектерін оқу.

3. Әр күйінің шығу тарихы

4. Ақынның өлеңдерін жатқа білу

Ақын өлеңдеріне талдау.

Жерлес ақын, жазушы Б.Аманшиннің сөзімен аяктау: "Махамбет" есімі мен істерін келер ұрпақтарымыз замандар бойы мақтаныш етіп, қастерлеп сақтамақшы"

VI. Үйге тапсырма беру.

VII. Оқушылардың білімін бағалау.

Автор:
Ардақ АЯЗБАЕВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі №14 орта мектеп-гимназиясы Талдықорған қаласы.