Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақпарат


28 августа 2009, 11:21 | 2 859 просмотров



Әкімдер де тиын санайды

Жуықта премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен кезекті үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде «100 мектеп, 100 аурухана» және «Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы жөнінде мәселе қаралды.

Кеңесте Премьер-Министр аталған бағдарламаның тиісті деңгейде іске аспай жатқанын жатқанын, мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысында кемшіліктер жіберіліп отырғанын сынға алды. Ол белгілі бір құрылысты толығымен аяқтауға шамалары келмейтіндерді қаржыландырмау керектігін атап көрсете келіп, кейбір пысықай шенеуіктердің мектептер мен ауруханалардың құрылысын салу барысында мемлекеттік қаржысы есебінен пайда тауып отырғанына күмән келтірмейтінін, мұндай келеңсіз жағдайды болдырмау үшін оларды құзырлы органдардың тексеру керектігін қадап айтты. Ұяттау жағдай, ұятты болса да Кәрім мырзаның бұл сөзінен кейін әкімдердің тиын санамасқа шарасы болмайтын сыңайлы, себебі орнына қаржыны қалтасынан төлеуі керек.

Дипломмен ауылға

Деп аталатын жоба бойынша ауылға барған мамандарға көтермеақы, жалақысына үстеме төленіп, жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріледі. Жобаны жүзеге асыруға “Нұр Отан” партиясының жастар қанаты мұрындық болыпты.

Бүгінгі таңда отандық жоғары оқу орнын бітіруші түлектерге кадрлардың жетіспеушілігі салдарынан ауылдық жерлерге барып жұмыс істеуге тарту үшін ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап, жоғарылатылған жәрдемақы төлеу (90 мың теңгеден жоғары). Ауылдық елді мекендердегі мамандар қалалардағы әлеуметтік салада қызмет атқаратын мамандармен салыстырғанда 25 % - ға жоғарылатылған жалақы алатын болады.

Жаңа жоба жас мамандардың ауылға көптеп келуіне және тұрақтап қалуына септігін тигізбек.