Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СӨЙЛЕМНЕН БАСТАУЫШТЫ ТАБУ


14 апреля 2013, 10:36 | 4 621 просмотр



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру. Бастауыш туралы берілген білімді кеңейту, бекіту

Дамытушылық: Сөйлемнен бастауышты ажырата білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілдерін дамыту

Тәрбиелік: Қатесіз, таза жаздыра отырып сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Қайталау, сұрақ-жауап, сурет бойынша сөйлету, ой қозғау

Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, еңбек, бейнелеу

Білім беру технология элементтері: Оқу-жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды, сөйлеуді дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Доп, буклет, ВЕНН диаграммасы, суреттер

Сабақтың барысы:

I.Психологиялық дайындық.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге. (оқушылар хормен)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз. (оқушылар хормен)

II.Үй тапсырмасын тексеру.

a)28- жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрап келу. Ат қою.

Әр оқушының құрған әңгімесін тыңдау.

b)27-жаттығуды орындай отырып, өткен сабақпен байланыс жүргізу.

c)Берілген сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап беру.

ІІІ. Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс.

Комбайн егінді жинайды. Соқа жер жыртады. Дән сепкіш дәнді себеді.

-Дұрыс. Сонымен балалар, өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер. Ендеше «Ұйқасын тап» ойыны арқылы сабағымызды ары қарай жалғастырайық.

Шәй ішетін кеше

Сатып алдық кесе.

Азда болса жауын,

Бітік өсті қауын.

Жорғалайтын көдеде,

Құстың аты бөдене.

ІV. Сабақтың мақсатын хабарлау.

- Балалар, біз бүгін сабақта бастауыш туралы білімді одан ары кеңейту үшін жаттығулар орындаймыз. Яғни сөйлемнен бастауышты тауып, сұрақ қоямыз.

Оқулықпен жұмыс.

Дәптерге көркем жазуды жазу. 29-жаттығуды орындау. Көп нүктенің орнына бастауыш мүшесін қойып, көшіріп жазу. Керекті сөздер: ауасы, терезе, Тоғжан, екеуміз.

1-оқушы керекті сөзді тауып, сөйлемді оқиды.

2-оқушы осы сөйлемді тақтаға жазады.

3- оқушы бастауышты тауып астын сызады.

Қалған оқушылар қалған сөйлемдерді өздері орындайды.

V. Сабақты пысықтау. « Ойын арқылы»

«Сөз ойла, тез ойла»

Добым, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Ұстап алдым мен сені,

Айта қойшы сөз енді?

Бірінші бала допты бір сөз айтып келесі балаға ұстатады. Келесі бала сөз айтып сөйлем құрайды. Мысалы: Доп ойнадым. (бастауышты табады, сұрақ қояды) Ойын ары қарай жалғасады.

Сергіту сәті: « Гүл»

VI. Сабақты қорытындылау. ВЕНН диаграммасы. Буклетпен жұмыс.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма

Автор:
Айымгүл АБДРАХМАНОВА “Көлбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар” мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. Алакөл ауданы