Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ВОЛЕЙБОЛ


19 апреля 2013, 20:56 | 1 997 просмотров



Мақсаты:

а) білімділік.

1. Волейбол ойынының арнайы жаттығуларымен таныстыру.

2. Допты беру, қабылдау әдісін одан әрі жетілдіру.

3. Допты ойынға қосу әдісін пысықтау.

ә) тәрбиелілік.

1. Оқушылардың спорт ойындарына қызығушылығын ояту.

2. Дене мүсінінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету.

3. Арнаулы жаттығуларды жасату арқылы денесін шынықтыруға ықпал жасау.

б) дамытушылық.

1. Алдыңғы сабақтарда берілген білімді тереңдету.

2. Волейбол ойыны жайлы берілген теориялық білімді сабақ барысында жүзеге асыру.

Сабақтың мазмұны :

Кіріспе – дайындық бөлімі

1.Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекшінің мәліметі.

2.Назар аудару жаттығулары «оңға бұрыл!», «солға бұрыл!», «айнал!», «саптық адыммен алға қадам бас!»

3.Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру.

2.Қол белде өкшемен жүру.

3.Қол белде аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру.

4.Қол желкеде жартылай отырып жүру.

5.Қол тізеде, отырып секіру.

6.Спорттық жүріс.

4.Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру.

2.Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру.

3.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.

4.Оң, сол жақпен қолды айналдыра жүгіру.

5.Артпен жүгіру

6.Жай жүгіру.

7.Спорттық жүріс.

8. Тыныс алу жаттығулары.

ІІ. Негізгі бөлім

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Волейбол добын беру және қабылдау түрлері туралы түсінік беру.

1.Сапқа тұрғызу. Ойыншының алаңға тұру, орын ауысу тәртібі. Допты жоғарыдан беру, алу, төменнен беру, алу тәсілдерін түсіндіру, орындалуын көрсету. 2. Қарама-қарсы орындалатын жаттығулар: 1. Допты бір-біріне жоғарыдан беру арқылы.

2. Бір қолымен кезектеп құшақтап беру.

3. Допты алақанмен соғып беру.

4. Алаңда тордың жанында тұрып, әртүрлі тәсілмен соғып беру.

5. Бір-біріне допты жоғарыдан, төменнен беру, қабылдау.

3. Арнайы бейімделу, дағдылану жаттығулары.

1. Допты жоғарыдан қабылдап алу.

2. Допты жоғарыдан беру.

3. Допты төменнен қабылдау.

4. Допты оң және сол жақпен астынан қабылдау.

5. Құлап алу.

6. Допты төменнен қабылдау.

7. Астынан жоғары көтеру.

8. Допты тордан асыру. Ережеге сәйкес екі топқа бөлініп ойын өткізу.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу.

Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысын қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Оқушылармен қоштасу.

Автор:
А.М. ЖИЕНҚОЖАНОВ дене шынықтыру пәні мұғалімі №12 кәсіптік лицей Ақсу ауданы Қапал ауылы