Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ – ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР


19 апреля 2013, 22:17 | 4 021 просмотр



Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Осы орайда М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты күрделі монографиялық еңбегінде М.Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі «Қобыланды батыр» жырын ғалым Мәлік Ғабдуллин де егжей-тегжейлі зерттеді:1947 жылы «Қобыланды батыр жырын ғылыми зерттеудің проблемалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап,жырдың 15 түрлі нұсқасын жариялады. Осы орайда, Көкшетау қаласындағы облыстық М.Ғабдуллин мұражайының директоры, ақын Құдайберлі Мырзабековтың және мұражай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қобыланды батыр» жырын жатқа айту мектеп оқушылары арасында обылыстық байқау өткізілді.

Елінің даңқын батыры шығарар,

Батыры, болмаса, ақыны шығарар,- деген халық даналығы ақын Құдайберлі Мырзабеков және мұражай қызметкерлеріне айтылғандай.

Ақмола өңірі тектілер туған қасиетті топырақ. Ұлыларымызды ұлықтау біздің азаматтық және перзенттік парызымыз. Мәлік Ғабдулиннің 100 жылдық мерейтойын абыройлы өткізу біз үшін зор міндет, әрі сын, – дегенді облыстық М.Ғабдуллин мұражайының директоры, ақын Құдайберлі Мырзабеков баса айтты.

Ақын ағамыз байқаудың мақсатымен де таныстырып өтті. Батыр,ғалым,ел мақтанышы М. Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойы мен «Қобыланды батыр» жырынын 300 жылдығы 2015 жылы тұспа-тұс келетіндігіне байланысты өткізіліп отыр.Себебі,ұрпаққа қос батырдың бойындағы елге деген адалдық,батылдық,алыптық секілді асыл қасиеттерді ұрпаққа дәріптей отырып бұл жырда біздің бабаларымыздың басынан кешкен байтақ тарих жатыр,- деді ақын ағамыз. Байқау екі кезеннен өтті. Іріктеу кезеніне 23 оқушы қатысты. Әр оқушы 6 сынып оқулығында берілген 30 беттік жырды жаттап, жырлап жатқа айту керек.Іріктеліп алынған 12 оқушы облыстық байқауға қатысты.Обылыстық байқаудан жеңіп озған жеңімпаздар:

I орын. Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының оқушысы жеңіп алды.

II орын. Көкшетау қаласындағы М Ғабдуллин атындағы№3 мектептің оқушысы иеленді.

III орын. Көкшетау қаласындағы №6 мектептің 5 сынып оқушысы Утебаев Мирас жеңіп алды. Қатысушыларға мақтау қағаздарымен,ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жеңімпаздарға мұражай ұжымдары арнайы әзірлеген медальдармен мақтау қағаздары және Ақмола облысы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы әзірлеген арнайы бағалы сыйлықтары табысталды.Байқауда батырлар жырынын тәрбиелік мәні ашылып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдері көрсетілді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа деген сенімдерін арттыра отырып бұл байқау одан әрі өз жалғасын табатындығын Көкшетау қаласындағы облыстық М.Ғабдуллин мұражайының директоры, ақын Құдайберлі Мырзабеков баса айтты.

Осындай ел ағаларымыз ұрпақты тәрбиелеуде өз үлестерін қосып жатса «Ұранды елдің –ұрпағы қайсар» болатындығына еш күмәнім болмас еді.

Ел ағаларына жүрекжарды алғысымды білдіремін! Ұрпақ үшін атқарып жатқан жұмыстарының жемісін көрсін! Біз, мұғалімдер, жас ұрпақ тәрбиесінің үлкен жауапкершілік жүктейтінін өте жақсы түсінеміз. Сондықтан да саналы ұрпақ тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Автор:
Жазира БОЛАТОВА №6 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Көкшетау қаласы Ақмола облысы