Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДОЙБЫ ОЙЫНЫ


19 апреля 2013, 22:22 | 15 004 просмотра


Әр сабақ – мұғалімінің ізденісінің жемісі. Сондықтан да оқытудың түрлі әдістерін, сана – сезімін жан – жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, оқушылардың құзырлығын арттыру мақсатында – сабақты жарыс түрінде өткізуге болады. Төменде 9-11-сынып оқушылар арасында өткізілген «Дойбы ойыны» жарыс сабағымды ұсынып отырмын.

Дойбы арнаулы тақтада ойналады. Ол тақта көлемі 8х8=64 тең шаршыдан тұрады. Әрбір жеке шаршылар ақ және қара түске боялады. Дойбылар осы шаршылардың қара түстілеріне тігіледі. Тақтаны алға дұрыс қою үшін, біріне-бірі қарсы отырған ойыншылардың оң қолына тақтаның ақ түске боялған шаршысы келуге тиіс. Дойбы тақтасында сегіз көлденең қатар бар да, сегіз тік қатар бар. «Қатар» дегеніміз – ақ және қара түске боялған шаршылардың тік немесе көлденең тізбегі. Диаграмма дегеніміз – дойбы тақтасының қағазға түскен суреті.

Дойбы тақтасындағы сегіз тік қатар: а, в, с (оқылуы а, бэ, цэ, дэ, е, эф, жэ, аш) деген латын әріптерімен белгіленіп, сегіз көлденең жатқан қатар бірден сегізге дейінгі реттік санымен таңбаланады. Мұны дойбы тақтасының нотациясы деп атайды.

Тақтаға мұндай белгілер қою тастардың қай жерде тұрғандығын және қандай жағдайда екендігін қағаз бетіне түсіруге, сонымен қатар оқуға мүмкіндік береді.

Дойбыны әрқашан екі адам ойнайды. Кейде бірнеше адамның екі жаққа бөлініп ойнауларына да болады.

Дойбы ойнаушылар столдың екі жағына қарама-қарсы отырады да, дойбы тақтасын алдарына дұрыстап жазып қойып, әрқайсысы өз жағынан бірінші қатардан бастап үшінші қатарға шейін (үшінші қатарды қоса ) қара түсті шаршыларға он екі тас тігеді. Екі жақтың тастарын бірінен-бірін ажырату үшін бір жақтың тасы ақ, екінші жақтың тасы қара түсті болады. Бұларды қысқаша «аяқ жағы», «қара жағы» дейді. Ақ тастарды тақтаның нотациясы басталған жаққа тігеді.

Кімнің ақ тастармен, кімнің қара тастармен ойнауын жеребе тастау арқылы шешеді. Ойыншылар дойбыны кезекпен жүріп отырады. Ойынды әрқашан ақ тастардың иесі бастауға тиіс. Дойбы тасын жүру дегеніміз – алдыңғы қатарда тұрған бір тасты алға қарай қиғаш жылжытып қою. Дойбы тастары қарама-қарсы жақтың бірінші қатарына жетіп, биге айналғанша, «жай тастар» деп аталады. Жай тас алға қарай бір шаршыға ғана жүреді. Тасты кейін қарай жүруге болмайды. Егер де бір жақтың тасы екінші жақтың тасына қиғаш қарсы келіп қалса және диагональ бойынша, сол тастың артындағы шаршы бос болса, онда сол бос шаршыға алғашқы тасты қарғытып қойып, қарсы жақтың тасын тақтадан алып тастауға болады. Міне, мұндай жүрісті «шабыт» немесе «жеу» деп атайды.

«Шабыт» та негізінде жүріске саналады. Бірақ бұл «шабытты жүріс» деп аталынады. «Қарсы жақтың»тасын алға қарай да, артқа қарай да жеуге болады.Бұл шабытты жүрістің жай жүрістен ерекшелігін сипаттайды. Бір түстес тастар бірін-бірі жей алмайды.

Кейде бір таспен бірнеше тасты жеуге де болады.Бірнеше тасты жеуге мүмкіндік болған кезде осы желінуге тиісті тастардың біреуін ғана жеп тұрып қалуға болмайды.Осылайша, бірнеше тасты бірден жеу «күрделі шабыт» деп аталады.

Бірнеше тасты жеген кезде тасты бір- бірлеп алуға болмайды.Желінген тастар жейтін тастың ең ақырға шаршыға қойылғанынан кейін ғана тақтадан алынуға тиіс. Бұдан кейінгі жүрістің кезегі бірден қарсы жаққа ауысады.

Егер бір таспен бірнеше тасты жеуге мүмкіндік туса және ол тастарды оңға да, солға да, артқа да, алға да жеуге болатын болса, оны қалай қарай жеудің тиімділігін ойыншы өзі шешеді. Берілген тас міндетті түрде желінеді. Дойбы ережесінде «түкіріп алу» (за фук) деген заң жоқ. Ал, егер ойыншы өз кезегі келгенде жейтін тасын байқамай, басқа бір тас жүре қалса,екінші ойыншы оған тасты жеуді ескертеді.

Егер де жай тастар бірнеше жүрістерден кейін немесе щабыттардан кейін «дұшпанның» бірінші қатарына жетсе, олар өздерінің байырға күштерінен басқа жаңа күшке ие болады, яғни олар дойбы ойынының атауы бойынша «биге» айналады. Ақ тастардың «биге» айналатын шаршылары:8,8,8,8, қара тастардың «биге» айналатын шаршылары: а,с,е-бұл шаршылардың қосындысын қысқаша «би қатарлары» дейді

«Би» болған тастың жүрісі ұзарады. Ол диагональдың ұзын бойымен немесе диагональдың кез келген шаршысына жүре алады. Тақтаның ортасында тұрғанда «би» төрт жаққа бірдей диагональдар бойымен жүре де, жей де алады. Биге бір шығып алған тас артқы шаршысы бос жай тастарды немесе «би» тастарды диагональ бойындағы кез келген қашықтықтан жей береді. «Би»де жай тас сияақты өзі түстес емес бірнеше тасты жей алады, бірақ бір қарғыған тасының үстінен екінші рет қарғуға болмайды. «Би» жеуге берілген тасты міндетті түрде жеп отырады. «Би» бірнеше тасты мүмкіндік алып тұрған кезде, тастар ойыншысының қалауы бойынша желінеді. «Би» бірден бірнеше тасты жеген кезінде желінген тастарды бір-бірлеп жинамай, соңғы шаршыға түскен кезде ғана тастарды түгелдей тақтадан алады.

Автор:
Бақытжан ӨКСІКБАЕВ денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ақкөл орта мектебі Балқаш ауданы