Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ


19 апреля 2013, 22:26 | 3 359 просмотров


Сабақтың мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы және қызметі жайында түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың ас қорыту мүшелерінің құрлысы туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың талдау, салыстыру, іздену, шығармашылық, ойлау, қорытындылау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» кестесі, «тамақ өнімдері» суреттері, интерактивті тақта, слайдтар, тірек – сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды үш топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» (Проблемалық сұрақтар қою. Тақтадағы конвертке фишка салу).

1.Адам организмі үшін тамақтың рөлі қандай? (тамақ құрылыс материалы ретінде, организм өсуі үшін жасушалардың жаңартылуына ұлпалардың жойылған бөліктерін қалпына келтіруге, сондай – ақ жұмсалған энергияны толықтыру үшін қажет)

2.Күнделікті пайдаланатын тағамның құрамында қандай күрделі органикалық заттар бар? (нәруыздар, майлар, көмірсулар)

3.Тағамдық заттардың құрылыстық қызметі дегеніміз не? (тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады)

4.Тағамдық заттардың энергетикалық қызметін түсіндіріңіз? (тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық жіне т.б.) айналады)

5.Тағамдық заттардың құрамында қандай қосылыстар болады? (дәрумендер, майлар, нәруыздар, көмірсулар, су, миниралды тұздар болады)

6.Бұл заттар ұлпалар мен жасушаларға қалай өтеді? (жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ертінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі)

7.Авитаминоз дегеніміз не? (витаминдердің жеткіліксіз мөлшерінен организім әлсіреп әр түрлі аурулар – авитаминоз пайда болады)

8.Су қандай қызмет атқарады? (организімде су әртүрлі заттардың еріткіші рөлін атқарады, көптеген химиялық реакциялар судың қатысуына байланысты)

9.Адам ағзасына тәулігіне қажетті судың мөлшері қанша?

(1,5-2,5л су қажет)

10. Интерактивті тақтада кесте сызу, толтыру( оқушылардың алдарына беріледі).

11. Графикалық тест.

1. Қоректік заттар дегеніміз – пластидтер, митохондриялар.

2. Ферменттер – нәруыз текті заттар.

3. Ас қорыту нәтижесінде суда еритін қарапайым қосылыстар түзіледі.

4. Тотығу мен ыдыраудың қажет емес өнімдері организмге сіңіріледі.

5. Толық құнды тамақ құрамында белгілі мөлшерде организмге қажетті барлық заттар болуы қажет.

6.Нәруыздар – организмдегі негізгі энергия көзі.

7. Көмірсуларға деген тәуліктік қажетсіну – 80-90гр.

8. Тәулігіне адамға 1,5-2,5л су қажет.

ІІІ. Жаңа тақырып өту.

1. Жұмбақтар шешу:

- Қызыл түлкі ықпайды,

Өз інінен шықпайды. (тіл)

- Дәу үңгірдің қақпасы,

Жабылады, ашылып,

Жоқ болсада топсасы. (ауыз)

- Үнгір толы, асыл тас (тіс)

- Екі көрші,

Бірі пысылдауық

Бірі саңқылдауық (мұрын мен ауыз)

2. «Білім» жүйесі. (Жаңа тақырыпты түсіндіру)

Құрт тәрізді 8-15

аппендиксі болады

*Ұйқыбез (слайдтағы сурет)

*Бауыр (слайдтағы сурет)

IV. Жаңа сабақты пысықтау (слайдтағы сурет бойынша сұрақ қою)

V. Оқушыларды бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру: §45 Асқорыту мүшелерінің құрылысы тақырыбын оқу.

Автор:
Құралай АЛЕКЕЕВА биология пәнінің мұғалімі «Дзержинск орта мектебі» мемлекеттік мекеме Тоқжайлау ауылы, Алакөл ауданы