Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АШЫҚ ЖӘНЕ ҚЫСАҢ ДАУЫСТЫЛАР


19 апреля 2013, 22:39 | 2 654 просмотра


Сабақтың мақсаты: 1.Жаңа сабақты меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, дауысты дыбыстардың ерекшелігін таныту, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығару;

2. Дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдынандыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

3. Ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұлттық тәлім- тәрбие алуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ- жауап, тест, топтау, салыстыру, талдау.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдасытыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

243-жаттығу Жұмбақтарды шешіп келу

ІІІ Жаңа сабақ

Бүгін сабақта нені білуіміз керек?

1. Ашық және қысаң дауыстылардың өзіне тән белгілер.

2. Ашық және қысаң дауыстылардың ережесі

Бүгінгі сабақта нені үйренуіміз керек?

1. Ашық және қысаң дауыстыларды ажырата білу.

Түсіндіру: Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып бөлінеді.

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Ашық дауысты дыбыстар мыналары: а, ә, о, ө, е, э.

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Қысаң дауысты дыбыстар мыналар: ы, і, и, ұ, ү, у.

Жаңа сабақты оқушылар өздері тақтаға шығып әріптерді ажыратып жазады.

ІV жаттығу жұмыстары

Оқулықтағы 245- жаттығуды жазбаша орындайды.

Мысықта бар,

Күшікте жоқ.

Қасықта бар,

Есікте жоқ. ( ы дыбысы, қысаң д/ты)

Көлде бар,

Сайда жоқ.

Төлде бар,

Тайда жоқ. ( ө дыбысы, ашық д/ты)

Оқулықтағы 246- жаттығудағы ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазу керек.

V Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезеңі:

І Деңгейлік тапсырма: Әліпбидегі әріптердің реттік санын еске түсіріп, жасырылған сөзді табу керек

1.24.37.18.37.22. (сынып)

2.20.15.26.34.37. (оқушы)

3.29.20.18.8.26.12.14.1. ( фонетика)

4.1.18.26.20.18.12.17. (антоним)

5.7.12.1.16.8.14.25. (диалект)

ІІ Деңгейліктапсырма: Синоним, омоним, антоним сөздерінің баламасын жаз.

Синоним: 1. Қайратты, қуатты, жігерлі 2. Сабыр, шыдам, төзім, тағат.

3 Ауқат, тағам, ас. 4. Жұрт, халық, ел.

Антоним: 1. Кәрі-жас. 2. Жомарт-сараң. 3. Құпия-жария. 4. Қатты-жұмсақ

Омоним: 1. Айт. 2. Жүз. 3. Түс. 4.Шық. 5. Қара 6. Жең.

Сергіту сәті: Әдебиет пәнінен жаттаған өлеңдерінен сұрау.

1.Абақтада айдан күннен жаңылдым. (М.Жұмабаев)

2.Таулардан өзен ағар сарқыраған. (Ы.Алтынсарин)

3.Ау,Қызғыш құс, Қызғыш құс. (М.Өтемісов)

4.Ақ киімді денелі ақ сақалды, (А.Құнанбаев)

5.Қаранғы түн сар дала, көрінбейді айнала. (М.Жұмабаев)

ІІІ Деңгейлік тапсырма:

1.Хан, уәзір, найза, адырна, сауыт, дулыға – қандай сөздер?

2.Квадрат, куб, глобус, карта, синоним, диалект, микраскоп – қандай сөздер?

3.Жасуша, сынып, ермексаз, үнтаспа, зейнетақы, ұялы телефон – қандай сөздер?

4.Жәшік, бөтелке, тәрелке, күрешке, тұрба, бәтеңке – қандай сөздер?

5.Ұзын қамшы, жасыл, түйме, Төре жігіт, Шырайлым – қандай сөздер?

ІV Деңгейлік тапсырма:Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табу керек.

1.Ақ саусақ – жалқау.

2.Ит терісін басына қаптау – ұрысу.

3.Санын соғу – өкіну.

4.Табанын жалтырату – жоқ болу.

5.Тырнақ астынан кір іздеу – бәле іздеу.

6.Сөзге қалу – өсекке іліну.

VI Сабақты қорытындылау: Сұрақ – жауап арқылы тақырыпты бекіту.

1.Фонетика дегеніміз не?

2.Ашық дауыстыларды ата?

3.Қысаң дауыстыларды ата?

VII Бағалау:

VIIIҮйге тапсырма беру:244 – жаттығу, ереже жаттау.

Автор:
Жұлдыз ҚАСЫМОВА, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Мұсабек атындағы МДШО ММ, Көксу ауданы.