Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДАЛА ҚҰСТАРЫ


19 апреля 2013, 22:45 | 7 768 просмотров



Мақсаты. Дала құстары туралы түсініктерін бекіту.

Б.м. Дала құстары және олардың ерекшеліктері, ертедегі бұлбұлдың анасы мен атасының мейірімділігін түсіндіру.

Д.м. Ойындар кейіптендіру арқылы балалардың ақыл-ой, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Т.м. Құстарға қамқорлықпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылған материал: құстардың суреттері, ойын дидактикалық көрнекіліктер, музыка.

Блингвальды компонент: құстар- птицы.

Жылулық шеңбері:

Тәрбиеші құстардың дыбыстары жазылған ұнтаспаны қояды. Дыбыстар ойнағанда дала құстарының маскасын киген балалар құстар сияқты ұшып кіреді. Осы кезде тәрбиеші мына сөздерді айтып тұрады.

Топ-тобымен түстескен,

Келіп жатыр құс біткен.

Бір-бірімен жарасып,

Шуылдайды құс біткен.

«Дала құстары» туралы әңгіме жүргізу.

Әңгімелесу. –Бүгін қай күн?

-Жылдың қай мезгілі?

-Бір аптада неше күн бар?

-Осы аптаның тақырыбы қалай аталады?

-Қандай дала құстарын білесіңдер?

-Неге дала құстары дейміз?

Осы кезде құстардың маскасын киген балалар өздеріне тән қасиеттерін айтып кетеді.

Бүркіт: -Қыран құс. Бүркіт біздің көк туымызда бейнеленген. Бүркітті адамдар қолға үйретіп аң аулайды. Бүркіт таулы жерде мекендейді.

Тырна: -Өте сақ құс. Күзетте тұрған тырна бір нәрсені сезіп қалса, тыраулап белгі береді.

Сауысқан: -Қарға тұмсықтас, ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Сауысқан өте сақ құс.

Жанына ешкімді жолатпайды.

Қарға: -Қара немесе сұр қауырсынды, жемтіктерді жейтін құс.

Торғайлар: -Денесін мамық жүн басып тұратын мүйіз тұмсықты, қоңыр түсті құс.

Аққу: -Бұл құстың бірнеше түрі бар. Аққудың қарасы ағы болады. Оларды атуға болмайды, олар киелі құс.Ол сұлулық пен махаббат символы.

Қараторғай: -Көктем хабаршысы.

Тоқылдақ: -Ағаштың емшісі.

Көгершіндер: -Бейбітщілік құсы.

Қарлығаштар: -Мейірімділік символы.

Көкектер: -Өз атын өзі шақыратын құс.

Үйректер: -Суда мекендейтін құс.

Бұлбұл: -Торғай тұмсықтас қоңыр- қызғылт түсті, әдемі сайрайтын әнші құс. Оны «Сандуғаш» деп атайды.

Кейіптендіру. «Ерке бұлбұл» ертегісін кейіптендіру.

Ертегі боиынша әңгімелесу.

-Балалар бұлбұл қандай болған екен?

-Бұлбұл өз мекенін тастап қайда кетеді?

-Жанына жайлы үй таба алды ма?

-Анасы қалай қарсалды?

Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық,

Қарға болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық

Торғай болып қонайық.

Қарлығаш болып қанат жазайық.

Сауысқандай секіріп

Тоқылдақтай құрт-құмырсқаны шоқиық..

Ойын. Дид. Ойын. «Қай құс қай жерде мекендейді?»

Тәрбиеші үш жерге көлдің,таудың, орманның макетін жасап қояды. Құстардың маскасын киген балалар музыка әуенімен ары- бері ұшып жүреді, әуен тоқтағанда, құстар өздерінің мекендейтін жерлеріне тұра қалады. Тәрбиеші балалардың көңілін тауда неше құс мекендейтініне, суда қанша, орманда қанша құс мекендейтініне көңіл аудартады, бұлбұлдың көлемі мен бүркіттің көлемін салыстырады.

Құстар туралы жұмбақ, тақпақтар айтқызу.

Біз не білдік?

Дала құстарының өзіне тән қасиеті бар.

Дала құстары тау- тасты, өзен- көлдерді, орманды мекендейді.

Дала құстарының адамдарға пайдасы, олар қ ұ р т - қ ұ м ы р с қ а л а р д ы теріп жеп ағаштарды емдейді.

Жылы жаққа ұшатын құстар: қараторғай, қарлығаш, бұлбұл, тырна,ұзақ.

Қыста қыстайтын құстар: сауысқан, қарға торғай, суық торғай, көгершіндер.

Жылулық шеңбері:

Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып ойыншық құсты қолға алып, егер мына құс келіп менің қолыма қонса, мен оны аялап күтер едім. Ал Жалын сенің қолыңа келіп қонса, сен не істер едің?

Егер менің қолыма қонса

-Мен оған жем берер едім.

-Мен оған су берер едім.

-Мен оған қамқор болар болар едім.

-Мен жемсауытына жем салар едім.

-Мен оған ұя салар едім.

-Мен оны жауларынан қорғар едім.

-Мен оның сұлулығын тамашалар едім.

-Мен оның әсем дауысын тыңдар едім.

-Мен оны күтер едім.

-Мен оны асырар едім.

-Мен қайтадан ұшырар едім.

-Мен оған адамдарға әдемі әніңді сыйлай бер дер едім.

Автор:
Гүлнар БАЙСЕИТОВА, «Текелі қаласы әкімдігінің №4 балабақшасы» МҚКҚ «Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиешісі.