Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КІТАПТІҢ ҚАСИЕТІН БАЛА КЕЗДЕН СЕЗІНГЕН...


26 апреля 2013, 11:32 | 2 035 просмотров



Қазақстан Республикасының ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі- егемен еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосар білімді дарынды мәдениетті жастар тәрбиелеу. Қай ғасырда болмасын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты ұлт жанды, рухы биік, асыл парасаты мол, өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу – басты міндетіміз. Кітаптары насихаттау барысына данышпан ата-бабаларымыздың өсиет-өнегесін бүгінгі мен ертеңгі ұрпақ оқып білсін, содан тәрбие алсын дейміз. Қазіргі ақпараттық заманда оқулықтардың да электронды оқытылуы ұрпағымыздың ата- баба тарихын білуіне, сондай-ақ, білім көшінде басқа елдермен иық тіресуінде таптармас құралдың біріне айналды.

Елбасының Жолдауында –ел болашағы жастардың әлемдік стандартқа сай білім мен тәрбие алып, елдің жаңару жолындағы орасан зор істеріне өзіндік үлес қосады деп сенім білдірген. Тәрбиенің түпкі мақсаты –шәкірттің рухани өсуіне жол ашу,ал , рухани өсу дегеніміз- кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге араласу. «Ел-санатымен танылады, ұрпағымен жалғасады» -демекші Алматы облысы Жансүгіров поселкесіндегі № 21 кәсіптік лицей оқу орнында тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. Соның ішінде кітапхана жұмысына тоқтала кеткім келеді. Еліміздің болашағы –жас ұрпақты білімді де білікті ,сауатты етіп тәрбиелеу білім бұлағының кәусар көзі-кітапханадан бастау алады. Кітапхана-кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алуымен қатар санасын қалыптастырып, ғылыми ойынан туған байлықты сақтап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын білім мен тәрбие беретін құрал.Кітап барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып,кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш,әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да білімді тәрбиелі адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние.

КТАПХАНАНЫҢ ТІРЛІГІНЕ ЖАН БІТІРЕТІН-КІТАПХАНАШЫ

Ал, кітап пен кітапхананың тірлігіне жан бітіретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы- кітапханашы болып табылады.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында «Болашақтағы білікті мамандар- қазіргі оқушылар болғандықтан оларға патриоттық,ұлттық тәрбие беріп, жаңа заманға, жаңа техникаға сай білім алуы тиіс,-» деп атап көрсеткендей, бүгінгі шәкірттер –ертеңгі жас мамандар. Сондықтан лицей оқушыларының сапалы білім, саналы тәрбие алуы басты мәселе болғандықтан жас ұрпаққа кітапхананың қосатын үлесі мол. Лицей кітапханасында Нысанбекова Күләш Нұрахметқызы ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызмет етеді. Күләш Нұрахметқызы 1962 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы Кеңес Одағының Батыры Н.Есеболатов ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Н.Есеболатов атындағы орта мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін, Сарқан қаласындағы Мәдени-ағарту училищесіне түсіп, 1983 жылы аталған оқу орнын кітапханашы мамандығы бойынша бітіріп, Жансүгіров поселкесіндегі аудандық балалар кітапханасының аға кітапханашысы, аудандық орталық кітапхана жүйесінде кітаптарды бөлу, жинақтау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарған. Күлаш Нұрахметқызы жас оқырмандардың жүрегіне жол тауып, оларды кітапты сүюге тәрбиелеуде еңбегі шексізболады. Кітапханаға кірген әрбір оқырманға білім шуағы мен қатар, көңіл шуағын да шашып, өз оқырмандарының үлкен – үлкен жетістіктеріне жетуіне демеу болып, абырой атақтарының асқақтай берулеріне жылдар бойы өз үлесін қосты. Әріптестері арасында да беделге ие болған ол жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға үйретуден жалыққан емес.

Кітаптің адам баласына берері көп екенін балакезден сезетін. «Менің кітапханашы мамандығын таңдауым бала кезімнен бастау алған деп ойлаймын.Кітапты қызыға оқып, сыртын газетпен қаптап «сабақ оқып отырмын» - деуші едім»- дейді Күлаш апай өткен күндерге шолу жасап. «Мектептегі кітапхана қызметкерлері оқыған кітаптарымыздың мазмұнын сұрайтын, мәнерлеп айтуға тырысатынмын. Ауылдағы кітапханаға жиі баратынмын. Кітаптың адам баласына берері көп екенін бала кезден сезініп, кітапқа деген құмарлығым артып, кітапхана сөрелерінде тізіліп тұрған кітаптарға қызыға қарайтынмын. 7- сынып оқыған кезімізде М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын оқып ,бір-бірімізге мазмұнын қызыға айтатынбыз.Ең алғаш ауданға кітапханашы болып келген кезімде, аудандық орталық кітапхана директоры Қаншайым Тоқтарқызы жылы жүзімен қарап: кітапханашы болу оңай емес, әр мамандықтың өз қыр-сыры болады деген еді. Содан бері мектеп, ауылдық кітапханаларда істеп, 2004 жылдан бері осы лицей кітапханасында қызмет атқарып келемін.Әрине, кітапханашы болу оңай емес, оқырмандардың сұраулары әртүрлі, сан тақырыпта, солардың бәріне керегін тауып беруің керек. Біздер, кітапханашылар, көзге көрінбейтін, бағаланбайтын, бірақ ұлтымыз бен ұрпағымыздың болашағы үшін маңызы зор жұмыстар атқаруымызбен қатар, ылғи жаңалық жаршысындай, уақытпен бірге, кейде республика көлеміндегі, тіпті әлемдегі болып жатқан оқиғалардан бір адым алда жүретіндейміз.Кітапханада еңбек етіп жүрген басты мақсатымыз- оқырман көңілінен шығып, олардың талаптарын қанағаттандыру бағытында еңбек ету, кітапхананың кітап қорын сақтап, молайту. Жас ұрпақтың бойына кітапқұмарлықты, оқулыққа қызығушылығын қалыптастыру. » - дейді ол ағынан жарылып.

Бүгінде лицей кітапханасының қорында 22047 кітап бар, оның ішінде оқулықтар- 6010 арнаулы пән оқулықтары- 6090, әдеби кітаптар-7047, қалғаны әртүрлі сала бойынша, кітапханада әртүрлі тақырыптарда кітап көрмелері, бұрыштар ұйымдастырылған. Жыл көлемінде жоспарланған көптеген іс- шаралар өткізіледі. Атап айтсақ: 1-қазан қарттар мерекесіне арналған «Қарттарым асыл қазынам» атты кездесу кешіне лицейде ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ұстаздар, ҚР үздік мұғалімдері Иманғалиева І.Ы; Өміртаева С.Ө; білім үздігі еңбек ардагері Тойшыбеков Б.Т; Есенбаева Т.С. шақырып кездесу кешін ұйымдастырып, қарт ұстаздардың еңбек жолдарымен таныстырып, қонақтар оқушылар жүрегіне жылылық ұялататын өсиеттерімен, оқушылардың берген сұрақтарына дәл жауаптарын, соңынан баталарын беріп, қызмет барысында бастарынан өткерген қызықты оқиғаларымен ортақтасты. Күлаш Нұрахметқызы өткізген кеш қызықты, тартымды, оқушыларға берері көп іс-шара болды. Сонымен қатар «Ел тарихындағы ерен тұлға» Д.А.Қонаевтың 100 – жылдығына арналған әдеби – музыкалық кеш, «Желтоқсан шежіресі елімнің мәртебесі», «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» М.Мақатаевтың 80-жылдығына орай, «Дүниеге келер әлі талай Қасым, оларда бұл Қасымды бір байқасын» Қ.Аманжоловтың 100 – жылдығына орай, «Кітап - білім бұлағы» атты мерейтойларға арналған әдеби кештер, дөңгелек үстел, библиографиялық шолулар оқушылардың белсене қатысуларымен,жас оқырмандарымыздың көңілінен шыға білді.

Биыл аудан көлемінде өткен «Асыл сөз» теле байқауына қазақ тілі пәні мұғалімі Ешмұханбетова Қ. М.бірігіп, 11-топ оқушысы Алдажар Даниярды дайындап, жүлделі орын алып, оқушысы обылысқа өтті.Күләш Нұрахметқызының өткізіліп отырған шаралары мен кітап көрмелері баршылық,ал мақсаты оларды атқарылды деген белгі үшін емес, оқушылардың қызығушылығын арттыру. Қазіргі кезде әрбір үйде компьютер, ғаламтор болғандықтан көпшілігі соны пайдаланып кітапқа қарайтын уақыттары болмай жатады.Сондықтан ата-анамен көп жұмыстар жүргізу арқылы іске асыруды қолға алуда. Кітапханамыз жыл сайын жаңа кітаптармен және электронды оқулықтармен, арнайы пән оқулықтарымен толықтырылып отырады.

ЭЛЕКТРОНДЫ ОЌУЛЫЌТАР ЗАМАН ЌАЖЕТТІЛІГІ

Барлық оқушының жақсы оқуына, білімдерінің жетілуіне электронды оқулықтар баға жетпес көмек береді, деп бүгінгі күн ғалымдары айтады. Өеріңіз білетіндей бұл бағдарлама білім беруд ақпараттанырудың президенттік бағдарламасының аясында, жарыққа шығып, қоланысқа кеңінен еніп келе жатыр. Осы орайда заман жаңашылдығынан шет қалмаған кітапханашы Күлаш апай да былай деп өз ойымен бөлісті: «Электрондық оқулықтар қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін таптырмас оқу құралына айналды. ХХІ ғасыр ақпараттық ғасыр болғандықтан әрбір адамға компьтерлік сауаттылық өте қажет. Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын электронды түрде оқыту, мектеп бағдарламасына еніп келеді. Электронық оқытулар оқушының, студенттердің ұстаздарының көмегінсіз өздігімен оқып- білуіне жол ашады. Бүгінгі күнде, менімше, бұл оқулықтары пайдаланбай алға жылжуымыз мүмкін емес»- деп күнен- күнге қарыштап дамып жатқан ақпараттық дәуірге өз үнін қосты. Сондай-ақ, кейінгі жылдары «Фолиант», «Мектеп» жасөспірімдерге арналған «Аударма» баспаларынан шыққан көздің жауын алатындай кітаптар мен оқулықтар кітапхана қорын толықтырды. Бұл оқырман үшін үлкен сый-сияпат, рухани байлық.

Күләш Нысанбекова ізденісі мен үздіксіз еңбегінің арқасына бірнеше мақтау қағазы мен алғыс хаттарының иегері. Ол кітапхана ісіндегі еңбегі үшін әр жылдары аудан көлемінде, лицей әкімшілігінен мақтауға ие болып келеді. 2009 жылы салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін, Жас Отан жастар қанаты «Нарко СТОП» акциясына белсене қатысқаны үшін, аудан әкімінің марапаттауына, жыл сайын лицей әкімшілігі атаулы мерекелерге орай білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеудегі елеулі еңбегі үшін алған құрмет грамоталары баршылық. Сонымен қатар кейіпкеріміз қызмет істеумен қатар отбасына қамқор ана, ардақты жар. Отағасы Абылай екеуі үш бала тәрбиелеп отырған тәрбиелі отбасы. Жолдасы аудандық электр жүйесінде жүргізуші, ұлы Алмас Алматы қаласында «Алматы Газ Сервис» мекемесінде, қызы Әсел-Талдықорған қаласындағы №11 мектепте бастауыш сынып мұғалімі, қызы-Әйгерім- Талдықорған политехникалық колледжінің үздік студенті, болашақ экономист.

ЖАҢА ТАЛАПҚА ІЛЕСУ КІТАПХАНАШЫНЫҢ МІНДЕТІ

«Жаңа заман талабына ілесу- әр кітапханашының міндеті деп білемін.Шәкірт санасына зор білім құяр кітап мекені кітапхана болса, кітапханашы-тілімізді, дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық дер едім. Кітапханашы – тек кітап үлестіруші ғана емес, ол-тәрбиеші,ол- ұстаз. Қазіргі техниканың жетілген кезінде ақпарат ағынынан нақты керегіңді таңдап,сараптап өз ісіңе пайдалану жолында кітапханашының атқарар ісі қомақты.Кітапханашы тек оқушы емес,ұстаздар ұжымының да ұдайы білімін жетілдіріп отыру үшін жұмыс істейді.»,-дейді өз маманығының қаншалықты қажеттілігін, жауапкершілігін сезіне.

Ия, рухани болысымызды айқындауда құдіретті құрал-кітап өлшеусіз роль атқаратыны бәрімізге етене таныс. Олай болса,жақсы кітаптың бар қазынасын оқушы жүрегіне жеткізіп, рухани керегімізге айналдыра берейік.

Автор:
Нұрлан ЖАРМҰХАНБЕТОВ №21 кәсіптік лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жансүгіров кенті бетті дайындаған: Динара АУЖАНОВА dinara.aujanova@ mail.ru