Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ШАҢЫРАҚ ЖАРАСТЫҒЫ


26 апреля 2013, 11:47 | 2 626 просмотров


Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсіктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

а) білімділік: Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.

ә) дамытушылық: жағымды қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б) тәрбиелік: Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, кесте сызылған плакат, шаңырақтың суреті.

Шаттық шеңбері

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен барлығыңды жанымдай, бауырымдай жақсы көремін және сыйлаймын. Біз бүгінгі сабақта шаңырақ жарастығы туралы әңгімелейміз. Әрбірің өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып шығыңдар:

-Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.

-Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.

-Мен шаңырағыма бақыт тілеймін.

-Олай болса балалар, Е.Өтетілеуовтың «Мен қазақ баласымын» атты өлеңін бәріміз бірге айтайық.

Әңімелесу

-Бір шаңырақта тұратын адамдар арасында қандай сыйластық болады?

-Өз отбасыңның сыйластығы туралы не айтар едің?

-Бір шаңырақ астында тұратын адамдарда махаббат, сыйластық, бауырмалдық, ынтымақ, татулық, бірлік, сүйіспеншілік болуы керек.

Мәтінмен жұмыс

Ендеше балалар, мен сендерге А.Асылбековтың «Сүйіспеншілік»әңгімесін айтып берейін. Мұқият тыңдаймыз ба ?

Мәтінді талдау

-Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер ?

-«Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді ше ?

Тыныштық сәті

Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махабатқа толғанын сезініңдер. Осылайша екі минуттай отырыңдар.

Тапсырма

Е.Ашықбаевтың «Көмек»өлеңін оқимыз және өз отбасыңа қандай көмек көрсететініңді айтып бер.

Дәйексөз

- «Шаңырақ сәні – сыйластық» деген мақалды тақтаға жазып, мағынасына тереңірек тоқталамын.

Дәптермен жұмыс

Оқушыларға кестені іліп қоямын. Оқушылар соған қарап отырып өздері кесте жасайды.Оқушылардың өздері жасайтын мерекелік кесте.

Қорытындылау

-Балалар, бүгінгі сабағымызды қоржындағы сөздер арқылы түйіндейік.

-Оқушылар шаңырақтың айналасына бір- бір сөзден алып «Мен шаңырағыма бақыт тілеймін» деп айтып жабыстырады.

Шаңырақ жарастығы

Сыйластық

Адалдық

Сүйіспеншілік

Бірлік

Қамқорлық

Өзара түсінушілік

Бауырмалдық

Бақыт

Байлық

Жүректен жүрекке

Оқушыларға қағаз таратып беремін. Сол қағазға әр оқушы қасындағы досына тілек жазып, оны оқиды және шаңырақтың ортасына жабыстырады. Балалар шеңберде тұрып Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Балалы үй – базар өлеңін айтады.

Автор:
Күлаш БЕДЕЛБАЕВА өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Райымбек атындағы орта мектеп