Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҮЙ ҚҰСТАРЫ


26 апреля 2013, 11:49 | 2 850 просмотров



Мақсаты: Үй құстары туралы түсінік беру

Үй құстарының тіршілігі және оның пайдасы туарлы қалай дыбыстайтыны туралы білімдерін меңгерту.

Тілдерін, артисттік қабілеттерін дамытуды жалғастыру.

Қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: салыстыру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:Тауық, әтеш, қаз, үйрек, күрке тауық суреттері, ойыншықтар.

Тәрбие жұмысының барысы: Шаттық шеңбер

Балалар, шеңбер құрып, қолдарын бір- бірінің иықтарына қойып, көздерін жұмып, баяу әуен ырғағы мен қимыл жасайды.

Үнтаспадан құстардың сайрағанын тыңдату.

-Әуеннен ән естідік?

-Құстар неліктен әр түрлі сайрайды?

Осы құстар сайрағанда бір-біріне, балапандарына шиқылдап

аналарына хабар береді.

Д/ойын: «Н е қ алай дыбыстайды?»

Торғай шырылдайды,

Қарға қарылдайды

Әтеш шақырады

Тауық қыт-қыттайды.

Қаз қақылдайды.

Тәрбиеші: Балаллар үй құстары: қаз, тауық, әтеш, үйрек, бір-бірімен

амандасатынын білесіңдер ме? Құстар сөйлей білмесе де өздеріне тән дыбыс шығарып, өзара бір-бірімен амандасып бір- бірін жақсы түсінеді және сезеді. Мысалы: Әтеш шақырады, тауық қытқылдайды, балапан шиқылдайды, қаз қақылдап амандасады екен.

-Қане, бір-бірімізбен әтеш, тауық, қаз, үйрек сияқты амандасайық. (балалар үй құстарының дыбыстарына салып бастарын изеп амандасады)

Жұмбақ шешу: Басында айдары,

Иегінде сақалы бар. (Әтеш)

Табаны бейне алақан,

Мынау қандай балапан. (Үйрек)

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді балпаңдап. (Қаз)

Енді балалар осы үй құстары жайлы тақпақтар айтайық.

Ақ тауық

Ақ тауық – ай, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық.

Ертеменен қыт-қыттайды,

Ауламыздан бір шықпайды.

Шеп-шеп десем шипілдейді

Берген жемді жемейді.

Үйректеріме

Ширақ атта бір уақ,

Алсын құстар өнеге

Жол үстінде тұрып ап,

Жолаушыны бөгеме

Қазым, қазым, қаңқылда

Көлде жүріп саңқылда.

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

Жоқ, жоқ, жоқ

Кәмит тәтті болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.

Д/ойын: «Анасын тап!»

Тәрбиеші балаларға үй құстары мен олардың балапандарының

суретін үлестіріп береді. Балалар анасын балапандарымен

жұптастырады.

Сергіту сәті: «Балапандар»

Қолдарын жоғары – төмен,

Екі жағына серпу

Балапан сияқты секіру.

Мойындарын алға созып, қолдарын артқа жіберіп су

ішеді.

«Шұбартауық» ертегісін кейіптендіру.

Қорытынды: Үй құстар жайлы алған білімдерін тиянақтау.

Балаларды мадақтау.

Автор:
Макира АБИЛОВА «Балдырған бөбек-жай» балабақшасының тәрбиешісі. Көксу ауданы