Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әжетайым менің...


4 марта 2010, 23:37 | 2 696 просмотров



Міне, көптен күткен көктем де келіп, жайлана жайғасып жатыр. Жер Ана

қыстың қаһарлы күндерімен қош айтысып, көктемнің жаймашуақ күндерін

қарсы алуда. Айналаңа қарасаң, табиғатпен бірге адамдар да ерекше бір сезімге бөленіп жүргендей сезіледі. Көктем мезгілінің аналар мерекесімен тұспа-тұс келуінде бір терең мән бар сияқты. Иә, иә...көктем мен әйел заты егіз ұғым, егіз жаратылыс, бірге түлеп, бірге құлпырады... бірге мерекелейді!.. Екеуін байланыстырып, толықтырып тұратын осы мерекеге көбісінің ризашылығы да мол шығар, сірә! Әсіресе, бұл күндері әйелдер сән қоржындарын қалай толтыратынын айтсаңшы... Иә, Иә... Ең бастысы – бұл күндері Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі де еселене түседі...

Адамдардың бұл мерекеге дайындығы да, әр түрлі... Әр түрлі сыйлықтар таңдап жүгіріп жүргені... Менің де бір құрбым мерекеге дейін біраз күн қалса да, жанұшырып дүкендерді аралап, қамданып жүр...

Ал, мен үшін...мен үшін... бұл мереке не еді?..

Бұл көктем - дүниенің есігін ашқалы бергі мен көріп отырған жиырма бірінші көктемім...

Осы жиырма бірдің тек екі көктемін ғана анаммен қарсы алыппын!.. Қалған... қалған он тоғызын қарт әжеммен бірге қарсы алып келемін. Әрине, анашыңмен қарсы алып, оған сыйлық тарту жасаған жарасады ақ...Алайда... Аллам маған ондай бақытты тарлық етті ме?.. Ондай бақытты менен тартып алып, бір жарым ғана жасымда жан-анам қайтпас сапарға кете барды. Содан бері, бұл мереке қарсаңында ана туралы ойлағанда қысылып, қымтырылып қаламын...

Ана туралы қасиетті де, құдіретті сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. Хадисте: «Жәннат – ананың табанының астында», - делінген. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға осы деп ойлаймын..

Әжелер туралы да жазылған жыр-дастандар мен аңыз әңгімелер жетерлік. Тіптен, Абайдың әжесі Зеренің өзі-ақ, күллі қазақ әжелерінің бір символы іспеттес емес пе?..

«Құлыным» дейді әжем,

Бірақ мен баламын.

«Әппағым» дейді әжем,

Бірақ мен қарамын,- деп ақын Шөмішбай Сариев жырлағандай, ауылға барғанда менің қуанышым мен ренішімді тең бөлісетін, әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен қарсы алатын бір адамым бар. Есейіп кетсем де, мен оның әлі сол кішкентай бөбегімін, әлі е сол «қара қызы» болып қаламын...Ол - өнегелі өмірі бар, ғибратты тәлімі бар менің аппақ әжетайым.

Автор:
Әлия ТІЛЕУЖАН