Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КӨРСЕТКІШТІК ЖӘНЕ ЛОГАРИФМДІК ФУНКЦИЯЛАР, ГРАФИКТЕРІ


26 апреля 2013, 12:01 | 6 933 просмотра



Сабақтың ұраны: «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула»

С.В.Ковалевская

Сабақтың мақсаты:

1. Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар және олардың графиктері туралы білімдерін кеңейту;

2. Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін, дағдыларын қалыптастыру;

3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: түсіндірме, сұрақ-жауап, есептер көрсету арқылы

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелік карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №207, №209

ІІІ. Ой қозғауға арналған сұрақтар (слайдтар арқылы):

1) Санның логарифмі деген не?

2) Неліктен теріс санның логарифмі анықталмайды?

3) Потенциалдау дегеніміз не?

4) Ондық логарифм дегеніміз не?

5) Негізі е болатын санның логарифмі қалай анықталады?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру:

Көрсеткіштік функцияның анықтамасын, негізгі қасиеттерін түсіндіру. (Слайдтар арқылы)

Көрсеткіштік функцияның негізі а > 1, а ≠ 0, а > 0 болғанда графигі қатаң өспелі, ал 0 < а < 1 болғанда у = ах функциясы қатаң кемімелі. (Слайдтар арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі)

Логарифмдік функцияның анықтамасын, негізгі қасиеттерін түсіндіру, жазғызу. (Слайдтар арқылы)

Логарифмдік функцияның негізі а > 1, а ≠ 0, а > 0 болғанда графигі қатаң өспелі, ал 0 < а < 1 болғанда у = logax функциясы қатаң кемімелі функция. (Слайдтар арқылы)

у = logax және у = ах функцияларының графиктері у = х түзуіне қарағанда симметриялы болатынын слайд арқылы түсіндіру.

V. Бекіту үшін оқулықтағы есептерден есеп шығарту: № 150, №151,

№ 152, № 158; № 218, № 219, № 220.

VІ. Ой толғаныс. «Шапшаңдық» (оқушылар деңгейлік тапсырмалар арқылы өздік жұмыс жазады)

А деңгейі:

В деңгейі:

С деңгейі: 1.

Өздік жұмыстың дұрыс жауабы.

А деңгейі В А

В деңгейі С С

С деңгейі В С

VІІ. Оқушылардың білімін бағалау, қорытындылау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

Автор:
Л.Т. САЙМУХАМЕТОВА математика пәнінің мұғалімі Қапшағай қаласы