Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ


5 мая 2013, 09:10 | 1 581 просмотр


-1984 жылы 09 қаңтарда дүниеге келдім. Екі Жоғарғы білімім бар. 2009 жылы от басын құрдым. Саулханова Мақпал атты жарым, Ильзана атты қызым бар. Жұбайым жоғары білімді, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Әкем Ешкенов Есіркесін Оразұлы.

Шешем Жарболова Қарлығаш

Қарындастарым Ешкенова Асем, Азиза

Інім Оразов Рүстем.

- Өмірде нені, жоғары бағалайсыз?

Өмірде қара қылды қақ жаратын әділдікті бағалаймын.

ӘРІПТЕСІ - ЛӘЙЛӘ ТҰМАНБАЕВАНЫҢ ПІКІРІ

- Ешкенов Дастан Есіркесінұлы ізенімпаз, талап қоя білетін басшы. Ол жас маман болса да білімділігі мен қабілетінің арқасында әріптестеріне сыйлы, оқушылардың сүйіспеншілігіне бөленіп, ата-аналардың зор алғысын ала білген ұстаз. Ұжымымен қарым- қатынасы жақсы, өзгені сыйлап, өзін де сыйлата білетін, ұстамды, дер кезіне дұрыс шешім қабылдай білетін жан. Үздіксіз еңбегі мен тынымсыз ізденісінің арқасында ол өзінің лайықты марапатын ала білді. «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасын, Елбасы жолдауын және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда, жастар бойына ұлтжандылық сезімі қалыптастырудағы жетістігі үшін Ұлы Отан соғысының 65 жылық мерейтойында аудан әкімінің қолынан марапатталды. Сондай-ақ, Президент күні Көксу ауыл округінің Құрмет граммотасымен марапатталды. Бұл Дастан Ешкеновтың мұғалімдік ұлы жолдағы бастамалары ғана. Болашақта жас маманның оқушыларына, халқына берері көп болып, жаңа бастамаларға бастары сөзссіз.