Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ «ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ» ҚАҒИДАСЫНА ЖОЛ АШАДЫ


5 мая 2013, 09:27 | 2 696 просмотров



Президенттің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы еліміздің таяу жарты ғасырға саяси және экономикалық дамуының міндеттері мен стратегиялық мақсаттары анықталған құжат болып табылады. Жолдауда XXI ғасырдың – білім мен ғылымның ғасыры, инновациялық технологияның, электронды-ақпараттық техниканың ғасыры екеніне ерекше назар аударылған.

Әлемдік қаржылық дағдарыс дамыған Еуропа елдерінің экономикасын шай¬қал¬тып, бұл елдерде әлеуметтік салаға бөлінген қаржы мөлшерінің күрт қысқаруына, жұмыс орындарының азаюына, мемлекет¬тік қызметкерлердің жалақыларының ке¬муіне, жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының қымбаттауына әкеліп соғып жатқанда Елбасының әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына бөлінген қаржы көлемін жыл сайын еселеп көбейтіп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қазақстан Республикасында білім бе¬руді дамытудың 2011-2020 жылдарға ар¬налған мемлекеттік бағдарламасында адам¬заттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңар¬тудың басым бағыты болып әлемде «е-lea¬rning» деп атап кеткен электрондық оқыту жүйесін отандық білім жүйесіне енгізу таңдап алынды. Электрондық оқыту дина¬микалық бәсекеге қабілетті білімге негіз¬дел¬ген экономиканы құрудың, бүкіл ғұмыр бойы оқыту кеңістігін және Еуроодақты құрудың негізгі құралдарының бірі ретінде 2000-2010 жылдарға арналған Лиссабон стратегиясында мойындалды.

Жүйені құрудың мақсаты – жаппай сапалы білімге бағытталған озық білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету. Қойылған мақсаттың жетістігі оқыту сапасын, білім беруді басқару тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арт¬тырады және: •білім беруді басқару жүйесін авто¬маттандыру үшін; •білімдік процесті технологияландыру үшін; •Отандық цифрлық білімдік ре¬сурс¬тарды (ЦБР-ды) дайындау үшін жағдайлар жасайды. Электрондық оқытуды 2015 жылға дейін республика мектептерінің 50 пайызына, ал 2020 жылға дейін 90 пай¬ы¬зына енгізу жоспарланды. Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақ¬тандырылатын болады: компьютердің жаңа түрлерімен, кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз ету және т.б. Білім беру ұйымдарының 90 пайызының қажетті оқу ресурстары бар интернет ре¬сурстары болады. Негізгі және бейіндік орта мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша интерактивті және зияткерлік цифрлы білім беру ресурстары әзірленеді. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлы білім беру контентімен (қандай да бір ақпараттық ре¬сурспен – мәтін, кескіндеу, музыка, бейне, дыбыс және т.б, толықтыру (мысалы: ин¬тернет ресурстар контенті) ашық қолжетімділікте толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оқытушылар жасаған электрондық білім беру ресурстары (ме- диатекаларды бір орталықтан құру және ресурстармен толтыру) дамытылады. Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделі¬гін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік тақы¬рып¬тық жоспары бар электрондық дәп¬тер¬ді, сынып журналын, хабарландыру қыз¬меті (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. 2011 жылы республика бойынша 44 білім беру ұйымында электрондық оқыту жүйесі пилоттық жоба ретінде жүзеге асы¬рыла бастады. Электрондық оқыту педагог мамандардың «өмір бойы білім алу» қағидасының қолжетімділігін арттырумен қатар, ауыл мен қала мектептеріндегі педа¬гогтардың білім деңгейлерін теңестіру үшін өздігінен кәсіби шығармашылық траекто¬риясын дамытуына мүмкіндік туғызып, әлемдік кеңістікке шығуына жол ашады. Қызылорда облысының білім беру ұйымдары төмендегі кесте бойынша элек¬трон¬дық оқытуды енгізу жүйесіне енеді деп жоспарлануда. Электрондық оқыту жүйесін енгізудің негізгі индикаторы педагогтардың білік¬тілігін арттыруға негізделеді. Электрондық оқытуды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізудің мақсаты – педагогтардың ақпа¬рат¬тық-коммуникациялық және техно¬логиялық құзырлылығын қалыптастыру болып табылады.

Осы орайда Қызылорда облысында электрондық оқытуға көшетін 30 білім беру ұйымының қызметкерлері курстан өткізілді. Республикалық институтта білім беру ұйымы басшылары, орынбасарлары, жүйе әкімшісі біліктілігін арттырса, облыстық институттарда колледж, кәсіптік лицей оқытушылары, мектептердің пән мұға¬лім¬дері курстан өтті. Курс мазмұны нор¬мативтік-құқықтық, мазмұндық және технологиялық модульдерден тұрады. Курс соңында пән оқытушылары электрондық оқыту жүйесінің контенттерін, интерак-тивті тақта құралдарын әртүрлі салада қолданудың электрондық сабақтарын, портфолиоларын, электронды оқулықтар жасақтап, «Менің сабақтарым», «Менің бағдарламам», «Сандық білім ресурстары» тақырыптарында курстық жұмыстар жасап, қорғады. Өткізіліп жатқан курстардың мазмұны, оларға берілген таратпа мате¬риал¬дар мен платформалар педагогтардың электрондық оқыту ортасында еркін жұ¬мыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге курстардан өткен кез келген педагог өзінің портфолиосын республикалық инс¬титуттың сайтындағы «E-learnіng» блогына тіркей және онлайн сауалнама¬лар мен тестке еркін жауап бере алады. Электрондық оқыту жүйесіне енгізілген білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің аясы кеңейтілген. Ата-аналардың баласының жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алуына, сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімдерін, сабақ кестесін, үй тап¬сырмаларының берілуін бақылауларына мүмкіндіктер қарастырылған. Электрондық лабораториялық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылар түрлі зерттеу, ізденіс жұмыста¬рын жүргізуге мүмкіндік алды. Білім алу¬шы¬лардың білімге деген құштарлығы ар¬туда, сәйкесті түрде білім сапасының дең¬гейі де жоғарылауда. Электрондық оқытуды енгізу педагог¬тардың жас ұрпаққа өмірлік білім беру ұстанымын қалыптастыруға, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуіне, желілік шығарма¬шылық қауымдастық арқылы тәжірибе алмасуға, кәсіби қызметтерін электронды форматқа ауыстыруға мүмкін¬дік береді деп күтілуде. Әлем мойындаған осындай тиімді оқыту жүйесін еліміздің білім саласына пәрменді түрде енгізуді батыл қолға алып отырған Білім және ғылым министрінің бұл бағыттағы жұмысы құптарлық деп ойлаймын.

Автор:
Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру