Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ


11 мая 2013, 08:43 | 1 801 просмотр



Қостанай өңірі,Обаған өзені бойындағы Қайранкөл жағасында Қара-Оба ауылында 1943 жылдың мамыр айының 10-жұлдызында, отан соғысының ардагері Хәкім атаның отбасында қыз бала дүниеге келді. Елімізде бейбітшілік орнап, сұрапыл соғыс тезірек аяқталып , халқымыз бақытты өмір сүрер ме екен деген үмітпен қызына Тиыштық деп есімін қойып, Хакім ата майданға аттанып кетті.Екі жылдан кейін жеңіспен жанұясына аман-есен оралып, еңбекке араласты. Тиыштық пысық, мектепте өте үздік оқыды,қоғам жұмыстарынада белсенді араласты. 1960 жылы оныншы сыныпта оқып жүргенде Қостанай қаласында «Бірінші облыстық математика пәнінен оқушылар олимпиадасының» жүлдегері атағын алды. Осы жылы Кара-Оба орта мектебін күміс медальмен аяқтап, С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақ мемлекеттік университетінің механика- математика факультетіне түсіп,«математика» мамандығы бойынша 1965 жылы бітірді.

Тиыштық Хәкімқызының өмір жолы ҚазҰУ-мен тікелей байланысты. Еңбек жолын 1968 жылдан «Есептеуіш машиналар» зертханасында бастап бүгінге дейін қызмет атқарып келеді. Осы жылдары ақпараттық технологиялар, информатика негіздері және есептеу техникасы, компьютерлік өңдеу, компьютерлік өңдеуді ғылыми зерттеулерде қолдану пәндерінің жалпы курсынан мемлекеттік тілде дәріс оқып, оқулықтар, әдістемелік құралдар жазып, барлық күш-жігерін саналы шәкірт даярлауға жұмсап келеді. Еңбегінің жемісі – «Информатиканы оқытудың теориясы және әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін ғылыми диссертацияны ойдағыдай қорғады. Ұзамай оған «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша доцент атағы берілді. Осы салада 80-нен астам ғылыми мақалалары, бірқатар оқулықтары жарық көрді.

Тиыштық Хәкімқызының үздік білім алған шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде және шет мемлекеттерде әр салада қызмет атқарады. Мысалы, Е.Өтембаев елші, экономика ғылымдарының кандидаты Л.Бимендиева Экономика және Бизнес жоғары мектебінде деканның орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Л.Оразбекова ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің ғылыми хатшысы, Қ.Әуесбай, Р.Кертаев танымал журналистер және тағы басқалар.

Тиыштық Хәкім қызы ұстаздықпен қатар келін түсіріп,немере сүйіп отырған аяулы да,ардақты ана.Ұлы Майлен мен келіні Ильмира механика-математика факультетінің түлектері,немерелері Арстан Қазақ Британ Техникалық университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистрін бітіріп осы салада қызмет атқарады,Карина экономика мамандығы бойынша Кипрдің Халықаралық университетінде дәріс алуда .

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғарғы мектебінің бірінші курс студенттері ұлағатты ұстаз,әдіскер,ғалым Тиыштық Хәкім қызын мерей тойымен құттықтап,зор ден саулық ,еңбекте шығармышылық жетістіктер,жаңа ұрпаққа білім беру саласында зор табыстарға жете берсін дейді .

Автор:
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІНІҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ