Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ДАҒАНДЫ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚОЙДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИЯЛЫН ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРГЕ БЕЙІМДЕП, АСЫЛДАНДЫРУ ӘДІСТЕРІНЕН


11 мая 2013, 08:45 | 3 210 просмотров



Халқымыздың тұрмыс тіршілігі күнкөріс көзі қой шарушылығымен тікелей тамырласып жатыр . Халқымыздың ет және ет өнімдеріне деген сұранысын қамтамасыз етуде қой шаруашылығының , оның ішінде етті-жүнді бағытының алатын орны ерекше. Осындай мақсатты алға қойып , қой шаруашылығымен айналысып , қолға алған шаруашылығы алға басып , табысқа жетіп жүрген шаруа қожалығының бірі Мәдениет ауылындағы «Дағанды» шаруа қожалығы.

«Дағанды» шаруа қожалығының басшысы Жампозбаев Бақтыбек Нұртайұлы 1970 жылы Семей облысының Шұбартау ауданындағы Қосағаш ауылында дүниеге келген . Орта мектепті бітіргеннен кейін 1987 жылы Алматы Мемлекеттік сәулет-құрылыс иниститутына түсіп , оны 1993 жылы бітіріп шығады .

Әкесі Жампозбаев Барболсын 1945 жылы туған , мамандығы зоо-техник . Әр түрлі басшылық қызметтерде , совхоз директорлығы лауа-зымында болған .

Анасы 1947 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы-ндағы Теректібұлақ ауылында дүниеге келген .

1993 жылы Бақтыбек Нұртайұлы Алматыда құрылыс шебері болып жұмыс істейді . 1995 жылы Семей облысының Аягөз ауданына көшіп келіп , Мәдениет ауылында бұрын әкесі басқарған «Бейсембай»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығын өз қолына алады .

Осы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауы кейіннен өзгеріп , 2002 жылдан бастап «Дағанды» шаруа қожалығы деп аталады . Ата-бабаларымыз төрт түліктің өнімін қажетіне жаратып қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға да ерекше мән берген. Ұжымда мал шаруа-шылығының мамандары жоқ болса да , өзіндік тәжірибелері арқылы , сіңіре будандастыру тәсілі жақсы қолданылады . Қожалықтың қара-мағында 4 қыстақ бар. Оның үшеуінде 1000 бастан қой , біреуінде жылқы өсіріледі . Әсіресе қой өсіруді меңгерген . Мал шаруашылығы үшін қажетті шөп шабатын 340 гектар шабындығы , жайылымдығы 29 660 гектар , жалпы қожалықтың иелігінде 30 000 гектар жер бар . Шабындық жерден малдың қыстық азығы ретінде 250 тонна шөп дайындалады . Малдың қысқы жем- шөбін шаруа қожалығы еңбеккерлері өздері дайындайды .

Қыстан қысылмай шығудың қамын ерте уақыттан ойластырады . «Дағанды» шаруа қожалығының 40 мүшесі бар .

Олардың барлығы бір отбасындай тату- тәтті , ауыз бірлікпен - «Бір жеңнен қол ,бір жағадан бас шығара» ынтымақпен еңбек етуде . Сол бірліктерінің арқасында еңбектері өрге басып , өрлей түсуде . Мал бағудың өзіндік қиындығы болуына қарамастан ұжым мүшелері кездескен қиындықтарды бірлесе жеңе білуде . Малдың қоңды әрі өз төлі есебінен көбеюі де басты назарда болып отырады .

№2 қыстақта қойдың генетикалық потенциялын арттыру мақсатында жергілікті жеріміздегі қазақы құйрықты қойды Шұбартау аймағының климатына бейімдеп асыл тұқымды «гиссар» қойымен будандастыру жұмыстары жүргізілуде . Шаруа қожалығының асыл тұқымды қазақтың қылшық жүнді қойын өсіретін шаруашылық деген мәртебесі де бар . Мұны төмендегі құжат растайды.

Қойдың қылшық жүнді , құйрықты тұқымын өсіруге маманданған .

Малдың төлдейтін уақыты аса жауапты кезең ретінде қарастырылады . Осы кезеңге дейін дайындық жақсы жүргізіледі . Қараша айынан бастап сатып әкелінген аталық қошқарлар мен аналық қойларды шағылыстыру жұмыстары жүргізіледі . Саулықтардың алғашқылары сәуір айының басында төлдей бастағаннан кейін аталық қошқарларды бөліп алады . Бөліп алынған аталық қошқарлар жеке бағылады . Төл азып кетпес үшін аталық қошқарларды үш жылда бір рет ауыстырып отырады .

Мал басын асылдандыру арқылы малдың сапасын арттырамыз. Мал басын асылдандыру - үлкен мәселе . Бұл - мал шаруашылығынан түсетін өнімнің көлемін ұлғайтып, бәсекеге қабілетті ету. Өз басым шет елден асыл тұқымды аналық малды әкелгенді қолдамаймын . Себебі , шет елден әкелінетін малға жасалатын күтім , яғни оларды азықтандыру, тұрған жері мен зоотехникалық жұмыстардың жүргізілу деңгейі бізде төмен . Сондықтан мұндай малдың орнына , асыл тұқымды қошқарларды әкелген әлдеқайда тиімді . Оларды жергілікті жердің аналық малына қосып , ұрықтандырып , содан шыққан төлдерді өсіруіміз керек. Қой малын асылдандыруда алдыңғы қатарлы тәжірибелерге сүйене отырып жұмыс істейді . Қой малын асылдан-

дырудың сіңіре будандастыру тәсілін қолданады . Осыған орай 8 жылдай бұрын қожалықтағы өсіріліп жатқан қой тұқымын асылдандыру үшін Өзбекстан мен Тәжікстанда өсірілетін өте салмақты , тұрқы ерекше болатын , қылшық жүнді «Гиссар» қойының 16 бас аталығын өз қара-жатына сатып әкеліп , жергілікті жеріміздегі құйрықты қазақы қара қоймен будандастырып жаңа тұқым алды . Алынған төлді біз «Дағанды буданы» деп атадық .

«Гиссар» қой қолтұқымдарының басқа тұқымдардан ерекшелігі өте салмақты , қылшық жүнді , құйрықты болып келеді . Оның салмағы қазақы қойдан кем түспейді . Аталық қошқарларының салмағы 110-120 кг-ға дейін барады . Саулықтарының салмағы 60-65 кг , ал ірілері 100 кг-ға дейін салмақ тартады .

Сондықтан жоғарыдағыдай өзіндік ерекшелігі бар «Гиссар» қошқары мен қазақы құйрықты қара қойдың аналығын жұптастырып алған «Дағанды буданы» атты қозымыздың салмағын тамыз айында өлше-генде аталықтарының салмағы 40-46 кг – ға дейін , ал аналық қозылардың салмағы 30-46 кг-ға дейін барды . Көрсетілген қозылардың салмақ көрсеткіштерінің шынайылығын төмендегі 2012 жылдың 20-тамызындағы өлшеу жұмыстары кезіндегі кестелік мәліметтерден көруге болады . Тары -3,5 кг.

Ескертпе : қызылмен ерекшеленген сандық өлшемдер барлық стандарт емес қозылар (егіз, үшем, жетім) . Барлық өлшенген қозылар-583 бас .

Осының еркегі- 239, ұрғашысы- 344 бас.

Біздің жергілікті жерімізде өсірілетін қазақы қойлардың салмағы 25-30 кг –ға дейін тартатынын жоғарыда айтып кеттім . Менің кестедегі көрсеткен мәліметтерім «Дағанды буданы» қозыларының салмағының үлкен қазақы қойлардың салмақтарынан 10-16 кг-ға дейінгі айырмашылықты көрсетеді. Бұл салмақ көрсеткішін жергілікті жерімізде өсіп жатқан үлкен қойлардың жоғарыда атап көрсетіп кеткен 25, әрі кеткенде 30 кг салмағымен салыстырсақ , әрине жақсы жетістік емес пе ?

Қазақы қойлардан қырқылатын биязы жүндер тек қана киіз өнімдерін өндіруге жарайды. «Дағанды буданының» тағы бір артықшылығы жүнінің салмағы артық және қылшық жүндерін жеңіл өнеркәсіпте өндірілетін өнімдерге қолданады . «Дағанды буданы» басқа мал шыда-майтын қыстың қатаң аязына бейімделген . Алған буданымызды «Дағандылықтар» қаңтардың 20-жұлдызына дейін өрісте бағып , саулықтардың ішіндегі қозылары үлкейе бастағанда өрісте бағуды тоқтатады . Жалпы мал атаулыны жайлымда бағу оның ширақтығын арттырады , әрі ауруға шалдықпауына септігін тигізеді . Сондықтан «Дағанда буданы» қойын дұрыс азықтандыру үшін көк шалғынды жайылымда ұзағынан жаю керек. Жаз мезгілінде асыл тұқымды қойдың отарын өріске шығарар алдында , есте болатын басы бір жағдай- түстегі суаттың ыңғайлылығы. Қой еркімен жайыла отырып , суат басына жусағаны жөн. Отарды өріске шығарғанда күн мен көлеңке , жайылым мен суат ыңғайы қатаң ескері- леді. Жайылымды тиімді пайдаланып , «Дағанды буданы» қойын жайылымда семіртуде ең бірінші ескеретін нәрсе - суат мәселесі . Жаз бен күз мезгілінде «Дағанды буданы» саулықтары ең кемі екі мезгіл суарылуы керек. Таңертең қойды өріске шығрарда алдымен суарған жөн.

Екінші рет түс мезгілінде, мал өрісте біраз жайылып шөліркегеннен кейін суарады.

«Дағанды буданы» отарын қыста да жайылымда бағудың маңызы зор. Бұл біріншіден , қолдағы жемшөпті үнемдеудің, мал өнімнің өзіндік құнын төмендетпеудің бірден-бір тиімді жолы . Қыста қойды тым ерте өріске шығарудың қажеті жоқ . Оларды күн көтеріле шығарып , түс кезінде суарды.

Қысы қатты , қары қалың , жайылымы аз аймақтарда қойлар қыста қолда бағылады . Қой қыстату-аса бір жауапты кезең болып саналады. Егер «Дағанды буданы» қойы қыстан күйсіз шықса , өнімі аз , шығыны көп , төлі әлжуаз болады. Жайылымда жайылып үйреніп қалған , қойдың асыл тұқымын бірден қолға қаратуға болмайды , қатты суық түссе жайылым отының сапасына қарай «Дағанды буданы» саулықтарына бір мезгіл, таңертең өріске шығарар алдында қосымша шөп береді.

Төл алуға дайындық қажетті жем-шөп пен қораны дайындаудан басталады. Қыста , ерте көктемде төлдеткенде қораның ешбір жерінен жел соқпайтын , малдың астынан сыз өтпейтіндей етіп жылылығы тұрақты , арнайы дайындалған орында , яғни жылы қорада төлдетеміз.

Мал басының аман болып , көбеюі алдымен оны бағатын жандарға байланысты екенін аталарымыз : «Мал баққанға бітеді» дейді. Ынталандыру мақсатында жылда алынған төлдің ұрғашысының 30 %-ын қойшыға , еңбек ақысынан тыс үстемелеп береді . Мұндай ынталандыру жұмыстары жылда ұйымдастырылып отырғандықтан , бас шопанның әлеуметтік экономикасын көтеруіне өзіндік зор үлесін тигізеді . Яғни егер бес жыл тұрақты бас шопан болып жұмыс істесе , өзі де келешекте

жеке шаруа қожалығын құратын деңгейге барып қалады .

«Дағанды буданының» қошқарларын көрші Орталық Қазақстан облысының Прогресс , Қарқаралы ауылынан келіп , қой малын асыл-данумен шұғылданатын қожалықтар сатып алуда .

Еңбектің жануы басшыға да байланысты болады . Шаруашылықтағы әрбір жұмыскермен тіл табысып , еңбекке жұмылдыра білетін , әрі тиімді демалысты да ұйымдастыра білетін шаруашылық басшысын ел адам-дары да сыйлайды , құрметтейді .

Жалпы шаруа қожалығындағы барлық шығындардың орнын толтырып , табыстарға жетуде «Дағанды буданы» қойымыздың атқарып отырған ролі өте зор.

Еңбек адамдары Бақтыбек Нұртайұлын шаруашылықтың жұмысын атқара білетін басшы , керек кезде ақыл берер ақылшы , ұстаз ретінде бағалайды . Ол басшы ретінде өзінің жауапкершілігін жақсы сезінеді , еңбектес серіктестерінің адамгершілік қасиеттерін , еңбекке деген құлшыныстарын жоғары бағалайда жасай білуі , малдың бағылатын жерінің ерекшелігін білуін аса құрмет тұтады . Малды тек жайылымда ғана бағып қоймай , әр түрлі аурудың алдын алуды , ауыра қалған жағдайда емдеудің де жолдарын қарастырады . «Дағанды буданының» қанын 052 бағдарлама бойынша жылына бір рет жоспарлы түрде заманауи қондырғылармен жабдықталған Баршатас ауылындағы аймақтық зертханада сараптамадан өткізіп тұрады.

Олар жылдың мезгіліне қарай мал бағу ерекшеліктерін басты бағыт етіп алады .

Атамыз қазақ «Мал өсірсең қой өсір , табысы оның көл – көсір» - деп бекерге айтпаған . Төрт түліктің өнімін қажетіне жаратып қана қоймай , оның тұқымын асылдандыруға да ерекше мән берген . Осы табысты түлікті өсірудің қыр-сырын меңгерген . «Дағандықтар» бүгінгі күні қол жеткіз-ген табыстарын еселей түсу үшін ерінбей еңбек етіп келеді . «Дағанды» шаруа қожалығы қол жеткізген табыстарымен қоса , қайрымдылық акцияларынан да қалыс қалып көрген емес . Оның дәлелін төмендегі мадақтамалардан көруге болады .

Біздегі етті саналатын «Еділбай» және қазақы қойларымыз қазіргі өскелең талапқа жауап бермейді . Біріншіден , еті өте майлы бол-ғандықтан шетелдіктер оның сапасын төменге бағалап , алмайды . Екіншіден , олардан алынатын жүн небәрі 1 келі төңірегінде , әрі киіз өнімдерінен басқаға жарамайды . Биязы жүнді қойларымыздың да қажеттілігі қазіргі өскелең талапқа сай келмейтіндіктен аталған етті-жүнді бағыттағы қошқарлармен будандастырып , жергілікті жерге бейімделген жаңа тұқымды қой өсіру басты бағытымыз болу керек . Ал біз таңдап отырған етті , жүнді бағыттағы қойымыз «Дағанды бу-

даны» қажетті қылшық жүн беретінін ескеруіміз керек .

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын жариялаған Жолдауында мына дүниедегі игілікті атаулының бәрі тек еңбектің арқасында жасалады. Қол еңбегі , шығармашылық еңбек. Бірақ , тек қана еңбектің арқасында. Ақша өздігінен игілік бола салмайды» деген - ой айтты Елбасымыз. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы сөзін басшылыққа ала отырып , алдағы он жылдықта қожалықтағы мал саны 4-5 есеге арттырғалы отырмын . Ендеше , ерінбей еңбек етуге бейімделу керек , сонда ғана мақсатымыз орындалмақ , - дейді «Дағанды» шаруа қожалығының басшысы Жампозбаев Бақтыбек Нұртайұлы .

Біздегі етті саналатын «Еділбай» және қазақы қойларымыз қазіргі өскелең талапқа жауап бермейді . Біріншіден , еті өте майлы болғандықтан шетелдіктер оның сапасын төменге бағалап , алмайды . Екіншіден , олардан алынатын жүн небәрі 1 келі төңірегінде әр киіз өнімдерінен басқаға жарамайды . Биязы жүнді қойларымыздың да қажеттілігі қазіргі өскелең талапқа сай келмейтіндіктен аталған етті-жүнді бағыттағы бағыттағы қошқарлармен будандастырып , жергілікті жерге бейімделген жаңа тұқымды қой өсіру басты бағытымыз болу керек . Ал біз таңдап отырған етті , жүнді бағыттағы «Дағанды буданы» қойымыз етті де жүнді де молынан береді , әрі жүні жеңіл өнеркәсіпке аса қажет қылшық жүн беретінін ескеруіміз керек .

Шаруа қожалығындағы жеке үй шаруасындағы малдардың тұқымын асылдандыра отырып, олардың өнімділігін арттыруға таяу болашақта шетелдерден асыл тұқымды қойларды әкелмей-ақ қамтамасыз етуге болады.

Автор:
Ақмарал ШЫҢҒЫС «Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10- сынып оқушысы Қосағаш ауылы,Аягөз ауданы, ШҚО.