Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АДАМГЕРШІЛІК-АСЫЛ ҚАСИЕТ


11 мая 2013, 08:47 | 2 008 просмотров


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір- бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Өзгеге жақсылық жасауға, кішіге көмектесуге, бір- біріне үнемі жақсылық тілеуге, жаманын жасыруға, жақсысын асыруға жетелу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: тренинг

Көрнекілік: крточкалар, геометриялық фигуралар суреті

Сабақтың құрылымы:

1. Сара Назарбаева кім?

2. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Сызықтар да сыр бар

4. Жағымсыз мінезден арылайық

5. Жақсы сөз жарым ырыс

6. Жүректен жүрекке

7. Қорытынды

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2. Жаңа сабақ

1. Оқушылар Сара Назарбаева кім?- деген сұраққа жауап бере отырып, оның өмірбаянына қысқаша тоқталып өтеді.

2. «Адамгершілік»-дегенді қалай түсінесіңдер? 5 минуттық пікір-талас өтеді.

«Баяғыда бір бай перзентке зар болыпты. Күндердің күнінде перзентті болыпты. Жалғыз балам деп бетінен қақпай өсірген екен. Ол баласы өте бұзық, адамдарды үнемі ренжітумен болыпты. Бұған іштей ренжіген әкесі, баласын шақырып алып, қолына бір ақ тақтай беріп:

-Әр адамды ренжіткен сайын, мына тақтайға бір шегеден қағып отыр,-деп жіберіпті.

Бір күннің ішінде тақтай 37 шеге толыпты. Баласы ештеңеге түсінбей әкесіне келіпті. Әкесі:

-Енді әр ренжіткен адамыңнан кешірім сұра, сонан соң кешірім сұрағаннан кейін бір шегеден суырып отыр,-деп қайтарыпты.

Сұрақ: «Әкесі мұнымен баласына нені меңзеді, баласына қандай тәрбиелік істі үйретті?». Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.

3.Енді «Сызықтар да сыр бар» бөліміне көшейік. Бұл бөлімде оқушылар өздеріне берілген геометриялық фигуралар ішінен өздеріне ұнағанын таңдайды. Сол бойынша әр оқушыға мінехдеме беріледі.

ТӨРТБҰРЫШ-еңбекқор, ынталылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін, шыдамды, төзімді, табандылық қаиеттерімен ерекше жандар. Олар белгілі бір тәртіпті ұнатады, бәрі өз орнында болып, өз уақытында жүзеге асқанды қалайды. Олардың мұраты-жоспарланған, алды белгілі- өмір, олар кездейсоқ сыйларды ұнатпайды және күнделікті қалыптасқан оқиғалардың өзгергенін қаламайды.

ТІКБҰРЫШ-бұл адамдар қазіргі шақтағы өмір салтына қанағаттана қоймайды, сондықтан үнемі ізденумен айналысады. Олардың басты қасиеттеріне әуестік, ынтызарлық, жат нәрселерге қызығушылық, батылдық жатады. Олар жаңа идеяларға, құндылықтарға, өмірге икемділік танытып, барлық жаңаны жеңіп қабылдайды.

ҮШБҰРЫШ-бұл фигура лидерлікті көрсетеді. Олардың ең негізгі ерекшелігі басты мақсатқа жұмылдыру қабілеттілігі. Олар-жігерлі, алдына нақты мақсаттар қоятын және оған қол жеткізетін күшті тұлғалар. Олар намысқой және прагматиктер, жоғары басшылықты, өз қарамағындағыларды атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығына сендіре алады. Үнемі басқалармен бәсекеде жүреді, өз пікіріне сенімді жандар.

ИРЕК СЫЗЫҚТАР-шығармашылықты көрсететін фигура. Әр трлі, бір-біріне ұқсамайтын идеяларды іздеп жүреді және соның негізінде жаңа нәрсені жасайды міне, оларға ұнайтын жақтар. Олар затты жасап шығарудың қазіргі немесе бұрыңғы тәсілдеріне ешқашан қанағаттанбайды. Ең басты қасиеті- шаттанғыш. Олар тың және қызық ой туындап жатса, бірден бар әлемге жар салуға дайын тұрады, идеяларын шаршамай насихаттайды және өзінің артынан көпті ерте білетін қабілеттері де бар.

ШЕҢБЕР-бес фигураның ішіндегі ең кеңпейілдісі. Ол өте сезімтал, басқа адамның көңіл-күйіне, эмоциясына назар аударып, ниет білдіре алатын, өзгені тсінуге тырысатын қарапайым жан. Олар басқаның қуанышы мен ауыртпашылығын өзінікіндей сезіне алады. Барлығы бір-біріне жарасып жатса ғана бақытты бола алады. Сондықтан олар біреумен жанжал туындай қалса, мәмлеге бірінші келуге ұмтылады. Олар қарама-қарсы көзқарастан ортақ нәрсе табуға тырысады.

4. «Жағымсыз мінезден арылайық»- бөлімінде оқушыларға жағымды, жағымсыз деген жазуы бар карточкалар беріледі. Олар өздерінің жағымды және жағымсыз мінездерін жазады. Одан кейін жағымсыз мінездері жазылған бөліктерін жыртып, қоқыс шелегіне салады.

5. «Жақсы сөз жарым ырыс»-бөлімінде оқушылар жұптасып бір-біріне жақсы сөздер мен тілектер айтады.

6. «Жүректен жүрекке»-бөлімінде оқушыларға жүректелер таратылып беріледі. Сол жүрекшелерге оқушылар ата-аналар өздерін еркелетіп айтатын сөздерін жазып, тақтадағы солғын жүрекке апарып жапсырады. Жүректі жандандырады

7. Қорытынды

Автор:
Еркежан ДУКЕЙХАН «Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология, химия пәнінің мұғалімі Сарқан ауданы