Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ӘЙ, ОСЫ МАТЕМАТИКА» АТТЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН


11 мая 2013, 14:47 | 891 просмотр


Мақсаты: 1. Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2. Ой өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұйымшылдық қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Түрі: топтық сайыс сағаты.

Типі: сұрақ-жауап, сайыс.

Жоспары:

1. Топ мүшелерін таныстыру

2. Логикалық сұрақтар

3. Әр топ мүшелеріне сұрақ

4. Мақал-мәтел, сұрақ

5. Логикалық есеп

6. Артық сөзді тап

7. Математиканың пайдасы мен зияны

8. Әділ-қазы алқасын сайлау

Барысы. Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Елбасының сөзімен бастағым келіп тұр. «Білімді, интелектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның персвективасы жоқ. Қазіргі адамдардың бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде».

Оқушылардың шапшаңдықтарын тексеру.

Әр топқа 9 есептен.

Әр топқа.

1. Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Салт аттылар баяу жүріспен келеді. Екі ауыл ортасы ет пісірім жер. Айдаладан жылт еткен сәуле сөніп-өшті. Үй иесі көре ме, салт аттылар бұрын көре ме?

Жауабы: Ешқайсы да көрмейді. Себебі, сөніп-өшті деген сөзге мән берсек, сәуле сөнгеннен кейін жанған жоқ, өшіп қалды.

Әр топқа.

2. Екі қарғаның біреуі оң түстікке, біреуі сол түстікке қарап отыр. Олар бір-біріне:

Досым, мен сені көріп отырмын дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?

Жауабы: Қарғалар бір-біріне бетпе бет отырғындықтан бірін бірі көреді.

Әр топ мүшелеріне сұрақ.

Мақал-мәтел, жұмбақ.

1. Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,

Жаманды 7 жыл детелесең, надан болар.

2. Білгенің бір 9, білмегенің 99.

3. Жұрт ... ағайынды (7)

4. 6 аға бірігіп, әке болмас,

7 жеңге бірігіп, ана болмас.

Оқушыларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, қырағылыққа үйрету үшін берілген мақал-мәтелдер.

Үш қатарға сандар қандай да бір заңдылық бойынша орналасқан. Сұрақ белгілерінің орнындағы сандарды тап.

5 10 150 500

3 6 18 108

4 8 32 256

1 ? ? ?

«Артық сөзді тап»

Әріптердің орнын ауыстырып сөз құра, артық сөзді тап.

Автор:
Д.А.АРТЫҚОВА Мамания МДШО орта мектебі Ақсу ауылы Ақсу ауданы