Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚЫМБАТТЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ! ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАУЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗ!


11 мая 2013, 08:48 | 1 880 просмотров



- Қилы кезеңдердің қиын күндерін бастан өткеріп, елі мен жерінің білігі үшін басын оққа тіккен азаматтарды Отанға деген сүйіспеншіліктері Жеңіс тұғырына жеткізгендігі белгілі .

Жау қаһарынан қаймықпай ерлік корсетіп, елін, жерін қорғау дегеннің нағыз азаматтық борыш екендігін бүгінде жас ұрпақтың бойына сіңіруде еңбектеріңіз орасан зор. Бүкіл адамзаттың бейбіт өмір сүруі мен әлемнің тұтастығын қорғаудағы, еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы ерліктерін, қайтпас қаһармандығын мақтан тұтып, болашақ ұрпақ тыныштығы үшін жасаған ерліктеріңізге басымызды иеміз.

Ұлы жеңістің қаншалықты қымбат екендігі баршамызға аян.Жеңіс тұғырын жақындатқан ерлердің жарқын бейнесі мәнгі ұмытылмайды, халық жадында мәңгі сақталады.

Осынау ұлы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға бақ – береке тілейміз.

Автор:
Игембаева Зухра Қантайқызы Текелі қаласы білім бөлімінің бастығы