Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ЖАНУАРЛАР РӨЛІ


17 мая 2013, 17:57 | 3 307 просмотров


Білімділік мақсаты: тақырып бойынша білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекетін шыңдау, адамның табиғаттағы рөлін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: оқушының табиғат заңдылықтарын біліп, ондағы үйлесімділікті көре білуге дағдыландыру, білімдерін практикада пайдалана білуге үйрету, оқушылардың табиғатта болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып олардың оқу, сөйлеу тілдерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме-кеңес, пікір алысу, өз ойын ортаға салу, суреттеу, баяндау, бақылау, ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: табиғат көрінісі, технология кестесі, сюжетті сурет, жануарлардың суреттері, жануарлар кестесі.

Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

Панорамалық сабақ дегенді қалай түсінемін – баяндап айту.

ІІ. Жаңа сабақ.

Ой шақыру. Сұраққа жауап алынады.

- Балалар, біз кімбіз?

-Біз адамбыз.

-Адамды қоршаған орта қалай аталады?

-Табиғат.

(музыка қосылады, лақ, құс дауысы)

Табиғат деген кең ұғымды қалай түсінесің? Ал, ендеше мына сызбаға «табиғат» деген не екенін толтырып шығайық.

Табиғат туралы не білетінімізді ортаға салайық.

Балалар, бізді қоршаған табиғат. Адам мен табиғат егіз. Екеуі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтар табиғаттың тілі жоқ».

Өздеріңнің үйлеріңдегі жануарларды атап шығыңдаршы?

- Қой, сиыр, ешкі, жылқы, түйе.

-Неге оларды үй жануарлары дейміз?

Ал, енді оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – «Табиғаттағы және адам өміріндегі жануарлар рөлі».

Енді бәріміз тақтаға қарайық. Мына суретке назар аударайық.

1. Шұбалшын. Оқушылардан өз білетіндерін сұрау. Шұбалшын жәндіктердің «құрттар» деп аталатын тобына жатады. Топырақ арасында тіршілік етеді. Шұбалшын қарашірінді мол, ылғалы бар, қопсыған топырақты мекендейді. Жаңбыр көп жауған кезде құрттар інінен топырақ бетіне шығады. Себебі судан ін ішіне ауа бармай қалады. Шұбалшын ауамен тыныс алатындықтан мұндай кезде інде қалмайды. Денесінің сырты үнемі ылғалданып тұратын жұқа, жалаңаш тері. Одан ауа жақсы өтеді де, өсімдіктің өсуіне қажетті жағдай жасайды.

2. Құстар туралы не білесіңдер? Табиғатқа қандай пайдасы бар?

3. Құстардың көбісі бунақ денелілермен қоректенеді. Өсімдіктерді қорғайды және де өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін алыс жерлерге таратады. (қарға)

4. Сүтқоректілер өсімдік тұқымдарын таратуға көп септігін тигізеді. Сендер, қалай ойлайсыңдар, қалай пайдасын тигізеді? Мысалы: тиын жаңғақты бір жерден екінші жерге тасымалдайды. Өсімдіктер тұқымдарын таратуға сүтқоректілер де қатынасады.

5. Жабайы шошқа туралы не білесіңдер? Жабайы шошқа ормандағы топырақты қопарып, жаңғақтардың топырақ арасына түсіп, өсіп-өнуіне әсер етеді.

6. Жыртқыш аңдар туралы не білеміз? Жыртқыш аңдар шөппен қоректенетін жануарлардың санын реттеп, өсімдіктердің сақталуына мүмкіндік жасайды.

7. Балықтар. Балықтардың қандай пайдасы бар? Суда тіршілік ететін жануарлардың суды тазартуда рөлі бар. Мысалы: балықтар оттегіні шығарып, көмір қышқыл газын жұтады. Жануарлардың адам өміріндегі маңызы туралы өздерің мысал келтіріңдер.

ІІІ. Сабақты қорыту.

ІҮ. Үйге тапсырма.

Автор:
Бегзада ЕРМАҒАНБЕТОВА «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Қарасай ауданы