Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» АТТТЫ ОҚЫТУШЫЛАРМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ


17 мая 2013, 17:58 | 2 399 просмотров


Мақсаты: Оқытушылардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, психологиялық біліктіліктерін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ұлағатты сөздер.

Жүргізуші: Өмір теңіз-онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Адамды, кісілікті терең ұғынған сайын кісі өзіне жақсы төреші бола алады.

Кімде-кім өз бойындағы адамды зерттеп білмесе, өзгені терең тануға ешқашан қол жеткізе алмайды.

Адам өміріндегі тамаша нәрсе – ол басқа адамдармен қарым-қатынасы.

Бүгінгі семинарымыз осындай мақсатты басшылыққа ала отырып, «Жұлдызды сәт» атты жарысымызды бастайық.

Сайыс болғандықтан жеңімпаз болуы шарт. Жеңімпазды анықтайтын, саралайтын әділ-қазылар алқасы болуы керек. Ендеше олар кімдер?

Колледж директоры: Е.Е. Дармишев

Оқу ісінің меңгерушісі: О.Н.Ракитянская

Колледж әдіскері: Г.Б.Сартбаева

«Жұлдызды сәт» атты семинар-тренинг мынадай кезеңдерден тұрады:

1-кезең. Таныстыру

2-кезең. «Кім шапшаң?» (Сұрақ-жауап)

3-кезең. «Мен тапқырмын» (Психолигиялық тренингтер)

4-кезең. Жағдаяттан жол тауып шығу

5-кезең. «Бұзық телефон»

6-кезең. «Ой қозғау» сайысы

Жүргізуші:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап – деген шумақтарды еске ала отырып, бірінші кезеңге кезек берейік.

1-кезең. Таныстыру

Жүргізуші:

Ұстазсың ба, болуың керек жан-жақты,

Кездестіресің өмірде талай сұрақты.

Білімділік керек саған, оқытушы,

Жылдамырақ тауып көрші жауапты дей келе келесі кезеңіміз «Кім шапшаң?» деп аталады.

Сұрақтар:

1) Оқушыларды халықтық педагогикамен тәрбиелеуге негізделген бағдарламаның аты қандай? (Атамекен бағдарламасы)

2) Шоқанның шын аты? (Мұхамедқанафия)

3) Мемлекеттік бас құжат не? (Конституция)

4) Қазақтың ән өнерін алғаш шетелге танытқан кім?(Әміре Қашаубаев)

5) «Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі» ол не? (сызғыш)

6) Әлемнің кереметі нешеу? (7)

7) Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)

8) Көп түкірсе не болады? (көл)

9) Қазақтың тұңғыш би өнерін дамытушы кім? (Шара Жиенқұлова)

10)«Ақтабан щұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан туған ән? (Елім-ай)

11) Жеті жарғыны жазған кім? (Тәуке хан)

Жүргізуші: Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ, бұл қасиеттерге қоса, адамға шапшаңдық та өте қажет. Ендеше сайысымыздың түрі «Мен тапқырмын»

Берілген тақырыпқа жылдам мақал құрастыру керек.

1. Білім

2. Өнер

3. Жаман мінез- құлық

4. Тәрбие

5. Ұятсықдық пен арсыздық

6. Мақтаншақтық

7. Еріншектік

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Жағдаяттан жол тауып шығу» деп аталады.

Ұстаздық жолда талай қиналасың.

Қиналасың, артынан жол табасың.

Күтпеген жағдайларға кез боп талай,

Сол жағдайдан шыға алсаң, сыйлы адамсың,

Ендігі біздің шартымыз жағдаяттардан, яғни тығырыққа тірелер сәтте жол тауып шығуын сынап көрелік. Тапсырмаларды конвертке салып қою.

1-жағдай. Ата-аналар жиналысында Сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата- анасы баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар»,- деп ашуланды. Барлық ат-аналар Сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс- тәсілдерді қолданасыз.

2-жағдай. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті.Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа да амал қолданасыз ба?

3-дағдай. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, колледж директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Колледж әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кәналады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

4-жағдай. Сіз бүгін қандай бір жағдаймен сабаққа дайын емесссіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?

Жүргізуші: келесі кезеңіміз «Бұзық телефон» деп аталады.

5 сәуір күні сағат 16.15 болатын 8 аудандық спорттық ойыны болатындықтан жатақханада 183 спортшыға орын дайындау керек болғандықтан жатақханада тұрып жатқан 69 студент 14 орынды 5 күнге босатты. Әр бір бөлмеге 12 спортшылар тұратын болды. Олардың әр бір бөлмелерінде 6 төсек қана сиятындықтан бір төсекке 2 спортшылар жатқызылады. Оксана Николаевнаның алдында жатқан жатақханаға тұруға рұқсат етілген қағаздарына бьухгалтерияға барып, мөр соқтырып, Ерлан Ерұзақұлының алдына апарып беріңізші.

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Ой қозғау» деп аталады. Логикалық сұрақтарға жауап бересіздер.

1. Бір адам жиырмасыншы қабатта тұрады. Лифтіге кіріп, оныншы санды басады да, оннан шығып, жиырмасыншыға дейін жаяу барады. Неліктен? (Бала немесе бойы қысқа адам)

2. Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп, қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді? (үш үйрек)

3. Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әр бір қайыңда 4-4-тен үлкен бұта бар. Әр бір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтақ бар. Әр бір кішкене бұтақта 4-4-тен алма бар. Барлық алма саны қанша? (Қайыңда алма өспейді).

4. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды).

Автор:
Асем КЫЛЫШБАЕВА Сарқан гуманитарлық колледжінің психологі