Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СҰЛУ СӨЗБЕН АЛТЫН САРАЙ САЛДЫРТҚАН


17 мая 2013, 17:59 | 2 262 просмотра



Қазақтығы- Алаштығы үшін құрбан етілген, шоқтығы биік, ақын- жазушы, жыр Құлагері- Ілияс Жансүгіров. М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гимназиясында Ілияс Жансүгіровтың өнегелі өмірін дәріптеу, 120 жылдық мерейтойы қарсаңында және «Ілиястану» бағдарламасы аясында, Ілияс мұражайымен бірлесе отырып «Сұлу сөзбен алтын сарай салдыртқан» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Әдеби кештің мақсаты: Жер жанаты Жетісудан шыққан дүлдүл ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, жыр Құлагері Ілияс Жансүгіровтың өнегелі өмірін, өшпес, өлмес мұраларын оқушыларға дәріптеу.

Әдеби кештің тұсау кесер рәсімін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Исаева ашты. Ақынның төл туындылары «Ағынды менің Ақсум» өлеңін 7 «а» сынып оқушысы А.Шеңгелбаева, «Құлагер» поэмасынан үзінді 6 «ә» сынып оқушысы Ф.Ахметпаева нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.

Мектебіміздің киелі сахнасында қазақ әдебиетіндегі қайталанбас түлға І.Жансүгіровтың өмірінен алынған «Өнегелі ғұмыр» атты сахналық қойылым көрсетілді. Рөлдерді мектебімізде білім беріп жүрген ұстаздар оқушылар сомдады. Басты Ілияс рөлінде география пәнінің мұғалімі Е.Алдонғаров, жары Фатима- математика пәнінің мұғалімі Жамал Гүлзира, 4 жасар Ілияс рөлін-3 «а» сынып оқушысы Т.Байжұма, Ілиястың бозбалалық шағын 10 «г» сынып оқушысы Р. Рақымжанов сомдады. Ілиястың атасы Берсүгір – технология пәнінің мұғалімі Н. Қимаділ, Молықбай қарт-дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Жапаров , әкесі Жансүгір- география пәнінің мұғалімі Е. Алдонғаров, ілиястың анасы –тарих пәнінің мұғалімі Р.Сұлтанов апалары Рахима, Рахия рөлдерінде Г.Асылбаева, Ж.Қожанова , әскери НКВД жендеттері рөлінде -дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А. Жапаров, А. Мусралинов сомдады. Музыканы өңдеуші –музыка пәнінің мұғалімі А. Мукашева. Әдеби кешті жүргізген 9 «а» сынып оқушылары А.Төлепбергенова, А.Исмайлова.

Ата- бабаларымыз ешбір кітапты оқымай ақ, өздерінің күнделікті тіршілік, тұрмыстарында көрген, басынан өткерген жайттарды таразылап, ой елегінен өткізіп, өмірге жарасымды, ұрпағына заман талабына сай салиқалы азамат етіп тәрбиелеуге септігін тигізетін, ұлттық әдет- ғұрып, салт- дәстүрді сақтап, оны ұрпақтан- ұрпаққа баға жетпес мұра ретінде қастерлеп жеткізіп, бүгінгі ұрпақ санасына ұялатуда зейнетке шықса да, тынбай еңбек етіп жүрген ардегер аталарымызбен апаларымыз әдеби кештің көркін келтірді. Әдеби кешіміздің сыйлы қонақтары- Алматы облыстық ардагерлер ұйымының мүшелері: Н.Қаңлыбаев ардагер, партия Совет қызметкері. Қиынбаева ІІІ- ленин Ордені, Октябрь революциясының ордені, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иелері. Садықов А-ардагер, оқу ісінің үздігі,

Төлегенова С- І.Жансүгіров әдеби музейінің ғылыми қызметкері.

Егеменді еліміздің мәртебесін көтеріп, ұрпақтарды тәрбиелеуде өз үлестерін қосып жүрген қазыналы ардагерлерімізді мақтанышпен айтуға болады. Осы кешті ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне, қазақ тілі мен әдбеиеті пәні бірлестігіне, мектеп оқушыларына ардагер ата- апаларымыз бата- тілектерін беріп,әдеби кештің жоғары дәрежеде өткендігін атап өтті.

Ақын жазушылардың өмірін дәріптеу мақсатында дәстүрге айналған жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 5-7 сынып оқушылары Ілиястың мұражайына саяхат жасады. Ілиястанушы ғалымдармен кездесіп сұхбат жүргізілді. «Мағжан ізбсарлары» клубының мүшелері «Жүрегім, жырым сенікі» атты Ілияс ақынға жыр шашуларын арнады.

Бұл ұйымдастырылған іс-шара Ілияс Жансүгіровтың 120жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған Ілиястану шығармашылығының бастамасы ғана.

Автор:
Айман САҒЫНДЫҚОВА. М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гимназиясы, МДШО қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.