Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТЕРБЕЛМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ


17 мая 2013, 18:00 | 4 720 просмотров



Мақсаты: тербелмелі қозғалыс энергиясының түрленуін түсіндіру. Серіппеге бекітілген дененің тербелісін мысалға келтіре отыра, денені тепе-теңдік қалпынан шығарған соң энергиялары қалай өзгеретінін түсіндіру.

Дамытушылығы: оқушылардың алған теориялық білімдерін есептер шығару барысында қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге үйрету.

Көрнекілігі: сурет, деңгейлік тапсырмалар, серіппе, дене.

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, СТО бағдарламасын пайдалану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Қорытынды.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ой шақыру стратегиясын пайдалану.

1. Потенциалдық энергия деген не?

2. Кинетикалық энергия деген не?

3.Траекторияның қандай нүктелерінде тербелуші дене тек потенциалдық энергияға ие болады.

4.Траекторияның қандай нүктелерінде тербелуші дене тек кинетикалық энергияға тең болады.

5. Траекторияның еркімізше алған нүктесінде тербелуші дененің толық энергиясы неге тең?

ІV. Бекіту.

Оқушылар жаңа сабақты қалай меңгергендерін тексеру мақсатында сұрақтар қойып, деңгейлік тапсырма беремін.

Деңгейлік тапсырма:

«Қанағаттанарлық»

1. Төмендегі аталған дененің қайсысы еркін тербелісте тұр деп қарастыруға болады:

а) двигатель цилиндріндегі поршень;

ә) тігін машинасының инесі;

б) құс ұшып кеткен ағаштың бұтағы;

в) музыкалық аспаптың шегі;

г) компас тілінің ұштары;

д) рычагты таразының табақтары.

2. «Жақсы»

Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең үлкен жылдамдығы 3 м/с-қа тең болса, оның массасы қанша?

«Өте жақсы»

1.Массасы m=0,27 кг жүк, қаттылығы k=56 кН/м серіппеде, амплитудасы А=0,042 м-ге тең тербелісте тұр.

1)Толық механикалық энергиясы Е-ні;

4)жүктің осы нүктені өту жылдамдығын анықтаңдар.

V.Кубизм стратегиясын пайдалану.

Оқушылардың алдына кубик тасталады.

Қай топқа кубик қырларындағы қандай сұрақ келді, сол сұраққа жауап береді.

1) Суреттеңіз

2) Салыстырыңыз

VI.Сергіту сәті.

Оқушылар механикалық тербелістерге байланысты мақал-мәтел айтады.

VII.Қорытынды.

VIII.Үйге тапсырма беру:

ІХ.Бағалау.

Бағалауда рейтінгілік жүйені пайдаланамын.

Автор:
Бақытгүл ЛЕБАЕВА Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Қарасай ауданы