Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЙТАЛАУ


17 мая 2013, 18:01 | 1 594 просмотра



Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың математикалық білімдерін жетілдіре отырып топпен жұмыс жасауға үйрету.

2.Оқушылардың геометриялық ұғымдарын арттыра отырып, логикалық тапсырмаларды орындаудағы шеберлігін арттыру.

3.Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып, ұлттық ерекшеліктерімізді,ауыз әдебиетін құрметтеуге,адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: «Кемпір қосақ бойымен саяхат» сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Итерактивті тақта арқылы барлық қажетті жағдайларды пайдалану,ертегі кейіпкерлері,үлестірмелі логикалық тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау.

Ә) Сабақтың барысымен оқушыларды хабардар ету.

2.Өткен сабақты пысықтау.

Қысқа тест (Интериактивті тақта арқылы ,орындауға 3 минут беріледі)

1. Ең кіші төрт таңбалы санды жаз

2. 100 мың 1 мыңнан қанша артық

3. Сандарды салыстыр: 814129 бен 98146

4. Тура теңдік болатындай жақшаны орналастыр: 963 – 846 : 9 = 13

Жаңа сабақ.

І.Қожанасырдың тапсырмасы 1.Математикалық диктант.

1.Ұзындығы 9 см,ені 4 см төртбұрыштың ауданы

2.90 мен екінің бөліндісі.

3.800 бен 200 қосындысынан 360-ты азайт.

4.120 мен 180-нің қосындысын 3-ке бөл

5.ұзындығы 14 см,ені10 см төрт бұрыштың периметрі

Кілті:

32 см2, 45, 640, 100, 48 см

ІІ..Қоян мен қасқырдың тапсырмасы:

ІҮ. «Білгіштің» тапсырмасы: Логикалық тапсырмалар .1-топқа

Әділ мамасы ,әжесі,тәтесі және екі апасына бір шоқ гүлден сыйлады.Біз оның екі апасы мен тәтесіне бір түсті гүл сыйлағанын , ал әжесіне сыйлаған гүлі “қызыл қалампыр” емес екенін білеміз. Сонда Әділ мамасына қандай гүл сыйлады екен?

«Білгіштің» 2-топқа арналған тапсырмасы:

Самат S үшбұрышты P-нүктесінің айналасында бұрып айналдырды,Үшбұрышты 17 рет айналдырғанда, ол қандай жағдайға келді ?

Үлгі:

Төмендегі шаршыға белгіле.

«Білгіштің» 2-топқа арналған тапсырмасыЖауаптар:

1 -топтың сұрағының жауабы:

Әділ мамасына «қызыл қалампыр» гүлін сыйлады.

2-топтың сұрағының жауабы:

3-топтың сұрағының жауабы:

8м+4м+8м+4м = 24 м

P = 24 м

ІІІ.Алдар көсенің тапсырмасы

Оқулық бойынша №1,№2,№3 есептерді жекелеген оқушылар тақтаға орындайды.

Есептердің жауабы:

№ 1 есеп S = 32 дм 2

№2 есеп Р =20 дм

S =25 дм 2

№3 есеп S =25 дм 2

Сергіту сәті:

Мұғалім:Әрбір адам,

Оқушылар: Туысым,досым,жұрағат.

Мұғалім:Әрбір сабақ,

Оқушылар: Үйрену ,ұғу,ұлағат.

Мұғалім: Әрбір ісім,

Оқушылар: Тірлік,тірек,адалдық.

Мұғалім:Әрбір сөзім,

Оқушылар: Шындық,бірлік,адамдық

Ү.Тазша баланың тапсырмасы.

№6,№7,№9 есептер тақтаға орындалады.

Есептердің дұрыс жауаптары:

ҮІ. «Дымбілместің» тапсырмасы» Грамматикалық арифметика

Қорытындылау: «Жалғастыр» ойыны

12х9+3=111 жалғастыр

Үйге тапсырма: №8 есеп

Білімді бағалау.

Оқушылардың білімін бағалау:Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттау, мадақтау.

Интерактивтік тақта арқылы «Кемпірқосақ бойымен саяхат»

Автор:
Айткүл ЖАЛБИНОВА Ж.Жапаров атындағы орта мектеп-шағын орталығының бастауыш сынып мұғалімі Кербұлақ ауданы