Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АРДАГЕРЛЕР – ЕСТЕЛІГІ СОҒЫСТЫҢ


17 мая 2013, 18:04 | 2 790 просмотров



Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.

Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін,

Ардагерлер – естелігі соғыстың.

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен даналарымыз. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ата-ағаларымызбен кездесіп, сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

9 - мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай ауданымыздағы ардагердерлерімізді құрметтеп, олармен кездесу игі дәстүрге айналған. Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында Нұр Отан ХДП- ның филалының мәжіліс залында «Ақсу ауданының жастары» филиалының ұйымдастыруымен атты кездесу өткізілді. Кездесуге: Ұлы Отан соғысының ардагерлері - Қ.Н. Мейірманов, Е.Р.Рыспеков, Ауған соғысының ардагерлері – М.Қ.Жиенбаев, Н.Ж. Каримов, «Нұр Отан» ХДП – ның Ақсу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – К.Т. Дәулетбекова, Аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы – Е. Н. Жұманов, «Ақсу ауданының жастары» филиалының жетекшісі - Р. Ж.Канапьянов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы – А.Ж.Құрманғалиева, Ақсу аудандық ІІБ-нің орынбасары – Ә. Ә. Байзолда, «Жас Отан» жастар қанатының Саяси Кеңес Бюро мүшелері – Е. Е.Мукужинов, А. Құрайыш, В. Берикова, Қ.И. Сәтбаев, Е. Сиқымов, Ж. Сыдықов атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Кездесу барысында ардагерлерлеріміздің сол бір сұрапыл соғыста бастан кешкендерін, қызықты оқиғаларын естіп, келген оқушылар сұрақтар қойды. Қатысып отырған мекеме басшылары және «Жас Отан» жастар қанатының Саяси Кеңес Бюро мүшелері ардагерлерімізге ақ тілектерін жолдап, жастарға жарқын болашақ тіледі. Кездесу соңында «Ақсу ауданының жастары» орталығы ардагерлерге гүл шоқтары мен құрмет грамоталарын табыс етті. Алдағы уақытта да игі шаралар жалғасын таппақ.

Біз - тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ жеңімпаздар ұрпағы болғанымызды мақтан тұтамыз.

Автор:
Рүстем ҚАНАПЬЯНОВ «Ақсу ауданы жастары» филалының жетекшісі, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы